ПАЙДАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР - 11

2 views
Skip to first unread message

in...@islamdini.kz

unread,
Oct 3, 2026, 3:10:12 AMOct 3
to islam...@googlegroups.com

Бірінші бөлім (8)

Бұл төрт мазһабтың жағдайы бір қаланың халқының жағдайына ұқсайды, олар туындаған бір мәселені қалай шешетінін заңнан таба алмаса, сол қаланың абыройлы, алдыңғы қатарлы адамдары жиналып, сол мәселені заңның соған ұқсас бөліміне ұқсатып шешеді. Кейде өзара келісе алмай, кейбірлері мемлекеттің мақсаты – аудандарды жөндеу, адамдардың жайлылығы дейді. Ол мәселені пікірлері және көзқарастарымен заңның бір бөліміне ұқсатады. Олар ханафи мазһабына ұқсайды. Кейбірлері мемлекеттің орталығынан келген қызметкерлердің іс-әрекетіне қарап, ол мәселені олардың іс-әрекетіне сәйкестендіріп, мемлекеттің мақсаты осылай жасау дейді. Олар малики мазһабына ұқсайды. Ал кейбірлері заңның не айтқанына, жазудың баяндалуына қарап сол мәселені орындаудың жолын табады. Олар шафии мазһабы секілді. Ал бір бөлігі заңның басқа бөлімдерін де жинақтап, бір-бірімен салыстырып, ол істі дұрыс орындай алудың жолын іздейді. Олар ханбали мазһабына ұқсайды. Қаланың алдыңғы қатарлыларының әрқайсысы бір жол тауып, бәрі жолының дұрыс әрі заңға сай екенін айтады. Ал заңның талабы бұл төрт жолдың бірі болып, қалған үшеуі қате. Бірақ заңның аясынан шығуы заңды білмегені үшін, мемлекетке қарсы шығу үшін болмай, бәрі заңға бағынуға, мемлекеттің бұйрығын орындауға тырысқандықтан, ешбірі кінәлі саналмайды. Бәлкім осылай тырысқаны үшін құптау табады. Бірақ дұрысын тапқан адам көбірек құптау көріп, марапатын алады. Төрт мазһабтың жағдайы да осындай. Аллаһу та'ала қалайтын жол әлбетте біреу. Төрт мазһаб бөлінген бір мәселеде біреуі дұрыс болып, қалған үшеуінің қате болуы қажет. Бірақ әр мазһаб имамы дұрыс жолды табуға тырысқандықтан, қателескендері кешіріледі. Тіпті сауап алады. Өйткені пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм): «Үмбетіме қателескені және ұмытқаны үшін жаза жоқ» деді. Бұл бөлінуі кейбір мәселелерде болып, ғибадаттардың көбінде, яғни Құран кәрім мен хадис шәриф ашық түрде көрсеткен үкімдерде және сенімдерде араларында толықтай бірлік болғандықтан, бір-бірін жамандамайды.

[Сұрақ: Британдықтар Арабстанда құрған қате ағымдағы уаһһабилердің және олардың кітаптарын оқитындардың айтатыны: «мазһабтар екінші ғасырда пайда болды. Сахабалар мен табиин қай мазһабта еді?»

Жауап: Мазһаб имамы дегеніміз – Құран кәрім мен хадис шәрифтерде айқын көрсетілген діни білімдерді асхаби кирамнан естіп жинақтаған, кітапқа түсірген үлкен ғалымдар деген сөз. Айқын көрсетілмеген білімдерді айқын көрсетілгендерге ұқсатып шығарған. «Хадиқа» кітабы үш жүз он сегізінші (318) бетінде былай делінеді: «Белгілі болған төрт имам заманында басқа мазһаб имамдары да бар еді. Олардың да мазһабтары бар болатын. Бірақ олардың мазһабтарын ұстанатындар азайып, қазір мүлде қалмады». Асхаби кирамның әрқайсысы мүжтәһид еді. Бәрі де терең ғұлама, мазһаб имамы еді. Әрбірі өз мазһабында еді. Бәрі де мазһаб имамдарымыздан үстемірек, білімдірек еді. Мазһабтары дұрысырақ, құндырақ еді. Бірақ олардың кітаптары болмағандықтан, мазһабтары ұмытылды. Төрт мазһабтан басқасына еруге мүмкіндік қалмады. «Асхаби кирам қай мазһабта еді?» деп айту «полк командирі қай ротадан?» немесе «физика пәнінің мұғалімі мектептің қай сыныбының оқушысы?» дегенге ұқсайды].

Хижреттен төрт жүз [400] жыл өткен соң мұтлақ ижтиһад жасай алатындай терең ғалым қалмағаны кітаптарда жазулы. «Хадиқа» кітабының тағы да үш жүз он сегізінші [318] бетіндегі хадис шәрифте өтірікші, адасқан дін адамдары көбейетіні хабар берілген. Сондықтан әһли сүннет болған әр мұсылманның белгілі болған төрт мазһабтың бірін таңдап «Тақлид» етуі (ұстануы) қажет. Яғни сол мазһабтың «Ілімхал» кітабын оқып үйренуі, иманын және бүкіл амалдарын соған сай қылуы керек. Осылайша сол мазһабқа кірген болады. Төрт мазһабтың бірін ұстанбайтын адам әһли сүннет (сүнни) бола алмайды. Оны «Мазһабсыз және зындық» деп атайды. Мазһабсыз адам не жетпіс екі адасқан топтың бірінде, не кәпір болған. Осындай екені «Бахр», «Хиндия» кітаптарында, «Тахтауи»-дың Зәбаих бөлімінде және «Ибн Абидин»-нің бағилер (көтерілісшілер, бүлікшілер) бөлімінде жазылған. «Әл-бәсаир» кітабының елу екінші бетінде және Ахмед Сауи (рахметуллаһи алейһ) тәфсирінде, «Кәһф» сүресінде осылай жазылған.

www.islamdini.kz

Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz

Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com

 

image001.jpg
image002.jpg
Reply all
Reply to author
Forward
0 new messages