|
174) МҰХАММЕД ПАРИСА: Мұхаммед бин Мұхаммед бин Махмұд хафыз Бұхари – Бахауддин Бұхаридың алдыңғы қатарлы шәкірттерінің бірі. 756 жылы дүниеге келіп, 822 [м.1419] жылы қайтыс болды. 822 жылы қажылыққа бару үшін Бұхарадан шықты. Бір жылда Меккеге жетіп, қажылығын орындады. Сол жерде ауырып қалды. Уәда тауафын әрең орындады. Сөйтіп Мәдинаға барды. Ертеңіне қайтыс болды. Бурсада шейхулислам болған Шәмсәддин Фәнари оның жаназа намазына қатысты. Ол хазреті Аббастың кесенесінің қасына жерленді. Зәйнеддин Хафи Мысырда тас жасатып әкелді. «Тасаууфқа қалай қол жеткізуге болады?» деген сұраққа «Ислам дініне бағыну арқылы» деп жауап берген. Парсы тіліндегі «Рисала-и құдсия» және «Тухфәт-ус саликин» кітаптары басылған. 124. 178) МҰХАММЕД ШАЙБАНИ: Әбу Абдуллаһ Мұхаммед бин Хасан – ханафи мазһабының имамдарының бірі, үлкен мүжтәһид болған. Әкесі шамдық болса да Иракқа барып, Уасытта орналасқан, Имам 135 [м.752] жылы сол жерде дүниеге келген. Бағдатта Имам Ағзам Әбу Ханифаның дәрістеріне жылдар бойы қатысқан, Әбу Юсуфтың дәрістерінен де білім алған. Көптеген кітап жазған. Харун Рашид оны аса құрметтейтін. Халифа Хорасанға барғанында оны өзімен бірге алып барды. 189 [м.805] жылы Рәй қаласында қайтыс болды (рахимә-һуллаһу та'ала). Жаназа намазын халифа оқыды. Имам Шафии Бағдатқа келгенінде халифаның алдында Имаммен сұхбаттасты. Оның білімі мен зеректігіне таңқалды. 45, 53, 59, 182, 346. 176) МУХӘЛЛӘБ: Табииннің ұлыларынан. Басрадан еді. Адамдар арасында ақылы мен ержүректігі танымал еді. Ол харижилермен көп соғысты. Басраны олардан қорғады. 79 жылы Хорасан әкімі болды. 83 [м.702] жылы сол жерде қайтыс болды (рахимә-һуллаһу та'ала). Хазреті Муауия заманында Самарқанд алынған кезде Саид бин Осман бин Аффанның қолбасшылығындағы әскерде көп қаһармандық көрсетіп, бір көзі жараланған болатын. 62. 177) МУХИДДИН АРАБИ: Шейх әкбар Мұхаммед бин Әли – тасаууф ғұламаларынан. 560 жылы Андалусияда дүниеге келіп, 638 [м.1240] жылы Шамда қайтыс болды. Захир және батын ілімдерінде кемел еді. Фиқһ және кәлам ілімдерінде мүжтәһид еді. Ол Конияға барып, Садреддин Конеуидің жесір қалған анасымен некелескен еді. Оның зеректігі, есте сақтау қабілеті ғажайып еді. Сұлтандардан, әкімдерден, мырзалардан көп құрмет көретін, көп сыйлық алатын. Бәрін мұқтаждарға тарататын. Ол көп кітап жазды. Жазбаларын түсіне алу үшін ғалым болу қажет. «Футухат-и меккия» кітабы жиырма томнан тұрады. «Фусус» кітабы өте танымал. «Мусамерат» кітабы бес томнан тұрады. Бес жүзге жуық кітап жазған (қаддәсаллаһу та'ала сирраһул азиз). 153, 155, 214, 215. 178) МҰРАД МҮНЗАУИ: Әйюб Сұлтан мен Эдирнекапы аудандары арасында Нишанджы Мұстафа паша даңғылындағы «Шейх Мұрад» медресесінде білім жайып, халыққа дінді үйрететін еді. Бұл медресені шейхулислам Минкари зада Яхия мырзаның күйеу баласы Кенгирли Мұстафа мырза медресе ретінде жасатып, оның ұлы Әбулхайр мырза 1144 жылы шейхулислам болып, 1154 [м.1741] жылы қайтыс болғанда медреседе әкесінің қасына жерленген. Мұхаммед Мұрад (қуддиса сиррух) 1055 жылы Кабулда дүниеге келіп, жоғары білім алған соң қажылыққа барды. Кейін Үндістанға барып, Мүжәддиди Мұхаммед Масум Фаруқидың [1007-1079] (қуддиса сиррух) жүрекке нәр беретін сұхбаты мен назары аясында дәрежесі көтеріліп, қайтадан қажылыққа, үш жылдан кейін Бағдат, Исфехан, Бұхара, Бәлх, Самарқанд, Мысыр, Шам және 1092 жылы Стамбұлға барып, хазреті Халид (радиаллаһу анһ) аймағында бес жыл бойы білім беріп дінді жайды. Шам жолымен төртінші қажылығын жасап, 1120 жылы қайтадан Стамбұлға барып, Сұлтан Селим (рахметуллаһи алейһ) аймағында Баджаклы ефенди деген жерде орналасты. 1132 [м.1719] жылы қайтыс болып, Әбулхайр мырза тарапынан медресесінің дәрісханасына жерленген (қаддәсаллаһу та'ала сирраһул азиз). Мұрад Мүнзауи (қуддиса сиррух) туралы мағлұматты «Қадири хана» атымен танымал ханекаһ-и Исмаил Румидың (қуддиса сиррух) қадірменді шейхтарынан және екінші Сұлтан Абдулхамид ханның [1258-1336 хижри, Чемберлиташта Сұлтан Махмұд кесенесінде жерленген] шейхтар мәжілісінің басшысы шәриф Ахмед Мухиддиннің [1327] «Стамбұл медреселері» рисаласынан алдық. Үлкен еңбек және жанкештікпен даярланған бұл рисала Стамбұл халқына ғасырлар бойы фәйз бен білім шашқан жүздеген әдептілік пен қасиеттілік қайнарын, бұларда жарқыраған мыңдаған білім мен нұр көздерін және бұлардың жүректерін жарқындатқан замандарды тамаша өнермен көрсеткен, шын мәнінде құнды тарих қазынасы. Мұрад Мүнзауидің (қуддиса сиррух) білімнің, тарихтың құнды ескерткіші болған мүбәрәк кесенесі қирайын деп тұрған кезінде 1402 [м.1982] жылы әскери үкімет тарапынан қайта жөнделіп, қалпына келтіріліп, безендірілген. 141. 179) МУРРӘ БИН КА’Б (радиаллаһу анһ): Асхаби кирамнан. Шамда орналасты. Елу жетінші [57] жылы қайтыс болды. Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) жетінші атасының есімі де Муррә бин Ка’б еді. Оның бір ұлынан «Бәни Махзум», екіншісінен «Бәни Тәйм», үшіншісінен «Бәни Хашим» тайпалары пайда болды. Расулуллаһ үшінші, Әбу Бәкір екінші, Әбу Жәһл бірінші тайпадан. 122. 180) МҰСА КАЗЫМ: Имам Жафәр Садықтың ұлы. Он екі имамның жетіншісі. 129 жылы Мәдинада дүниеге келіп, 186 [м.802] жылы Бағдатта қайтыс болды. Казмия деп аталатын жерде жерленген. Зухды мен тақуалығы, жомарттығы мен кеңпейілдігімен танымал. Саясатқа мүлде араласпаған болса да халифа Мұхаммед Мәхди оны Мәдинадан Бағдатқа әкеліп қамап қойды. Кейін халифа Харун да қамауға алып, ол зынданда қайтыс болды. Казимия ауданы Бағдаттың он километр солтүстік-батысында Дижлә (Тигр) өзенінен бес километр ішкі жақта. Кесенесі өте әдемі, әшекейлі болып, қасында үлкен мешіті бар. Тигр жағалауында Имам Ағзамның кесенесі бар. 36, 158, 311, 318, 389. (Жалғасы бар...) |
|
Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com |