|
187) НӘУӘУИ: Яхия бин Шәрәф Мухиддин Нәуәуи – үлкен ғұламалардан. Шафии мазһабында болған. Хадис шәрифтерді жинақтауымен және түсіндіруімен танымал болды. 631 [м.1233] жылы дүниеге келіп, 676 [м.1277] жылы Шам қаласында қайтыс болды (рахимә-һуллаһу та'ала). Шамның бас қазысы болған үлкен ғалым Имам Субқи [683-756] Имам Нәуәуидің үйін зиярат еткен кезде «Осы жерді аяғы басқан» деп жерге сақалын сүрткен. Ол көп кітап жазды. Хадис ғалымдарының өмірбаянын жазған «Тәхзиб-ул әсма», «Уюн-ул мәсаил», «Хадис-и әрбаин» және шафии фиқһын жазған «Минхаж» кітаптары мәшһүр. «Минхаж» – Имам Рафиидың «Мухаррар» кітабының мұхтасары (қысқартылған нұсқасы). 53, 106, 175, 202, 203, 348, 382, 406. 188) НИШАНЖЫЗАДА: Мұхаммед бин Ахмед бин Мұхаммед бин Рамазан – атақты «Мират-и каинат» кітабының авторы. Рамазан зада әмир Мұхаммедтің немересі. Ол 962 жылы дүниеге келіп, 1031 [м.1622] жылы Эдирне жолында қайтыс болды. Ол Эдирне қазысы еді. Кітаптары бар (рахимә-һуллаһу та'ала). 9, 247. 189) НҰХ АЛЕЙҺИССАЛАМ: Елу жасында пайғамбар болды. Күпір мен ширкке батқан қауымын жүз елу жыл бойы дұрыс жолға шақырды, насихат айтты, дегенмен олар қабылдамады. Бес жүз жасында бала-шағасын және жануарлардан бір-бір жұптан алып бәрін сыйғызатындай үлкен кеме құруы әмір етілді. Ол онсыз да ағаш ұстасы еді. Кеме жасады. Сол заманның мүминдері болған жұбайын, Хам, Сам, Яфес есімді үш ұлы мен олардың жұбайларын және әр жануардан бір-бір жұптан алып кемеге мінді (саллаллаһу та'ала алейһи уәсәлләм). Аллаһу та'ала топан келетінін, бәрі суға бататынын, тек Нұх (алейһиссалам) мен оның бала-шағасы құтылатынын хабар берген. Кенан есімді дінсіз, сенбейтін баласын да кемеге шақырды. «Кемеге мінбегендер суға батады» деді. Ол мінбеді. «Мен тауға шығып құтыламын» деді. Насихат еткенде су көтерілді, бір толқын келіп, Кенанды алып кетті. Ол суға батып тұншықты. Нұх (алейһиссалам): «Йа, Раббым! Балаларымның құтылатынын айтқан едің. Баламды суға батырдың» деді. Аллаһу та'ала: «Оны сенің ұлың деп қабылдамаймын. Ол сенбеді. Кәпір адам мұсылманның баласы саналмайды!» деді. Жер бетін су басты. Барлық жанды суға батты. Жер жүзі жүз елу күн судың астында қалды. Кеменің ошағы жанып, қазаны қайнап, толқындар арасында жүзіп жүретін. Су тартылғанда кеме Жуди тауының төбесіне отырды. Бәрі құрлыққа шықты. Адамдар жаңадан осы үш ұлынан тарай бастады. Самның ұрпағынан арабтар, суриянилер, ибранилер және сами ұлттары, Хамнан қара нәсілділер, хабештер, кенанилер, Нәмруд қауымы (асурилер), Яфестен парсы, рум, түрік және азиялықтар пайда болды. Америка және басқа аралдардың халқы осылардың хижрет етуінен, тарауынан пайда болды. Бұл тақырыпта жаңадан табылған ғылыми мәліметтер «Сәадати Әбәдия» кітабында жазылған. Сол кітаптан оқыңыз! 23, 29, 95, 192, 256. 190) ОСМАН БИН АФФАН: Осман бин Аффан бин Әбилас бин Умәйя бин Абди Шәмс – асхаби кирамның ұлыларынан, жәннатпен сүйіншіленген он адамның үшіншісі, Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) күйеу баласы және халифалардың үшіншісі. Талха мен Зубәйрден бұрын иманға келді. Иманға келгендердің бесіншісі. Жұбайы хазреті Руқайямен бірге Хабешистанға екі рет хижрет етті. Мәдинаға да хижрет етті. Руқайя қатты ауырғандықтан Бәдір соғысына қатыспады. Жеңіс хабары келген күні Руқайя қайтыс болды. Расулуллаһ екінші қызы Умми Гүлсүмді Османға жұбайлыққа берді. Сондықтан хазреті Осман зиннурәйн (екі нұр иесі) деп аталды. Руқайядан Абдуллаһ есімді бір ұлы болып, хижреттің төртінші жылы алты жасында қайтыс болды. Хазреті Осман саудагер еді. Өте бай еді. Бүкіл мал-мүлкін Расулуллаһ үшін пида етті. Ол хадис шәрифтермен мақталды. Жұмсақтығы мен ар-ұяты өте көп еді. 24-ші жылдың бірінші күні халифа болды. Оның заманында Хорасан, Үндістан, Мәуереннахр, Самарқанд, Кипр, Кавказ, Африканың көптеген жері және Андалусия жаулап алынды. Парсы мемлекетін тарихтан өшірді. Көкесінің ұлы Мәруан бин Хакемді уәзір қылды. Абдуллаһ бин Сәбә есімді йемендік яһуди мұсылман кейіпінде көрініп, ислам дінін іштен бөліп бөлшектеп бұзуға кірісті. Мәдинада көп тырысқанымен қолынан келмейтінін түсініп, Мысырда фитна, бүлік шығаруды бастады. Надан және қаңғыбас мысырлық сығандарды алдап, қарақшылар тобымен Мәдинаға барып, 35-ші жылы халифаны шәһид етті. Хазреті Осман 82 жасында Құран кәрім оқып отырғанда шәһид болды. Бақи мазарына жерленген (радиаллаһу та'ала анһ). Уаһһабилер оның кесенесін бұзып тастады. Ол орта бойлы, қалың сақалды, бидай реңді, абыройлы кісі болған. Хазреті Әбу Бәкір жинақтаған Құран кәрімді көбейтіп аймақтарға жіберді. 13, 17, 18, 21, 22, 23, 28, 44, 49, 60, 61, 62, 63, 66, 71, 73, 75, 76, 77, 79, 82, 111, 118, 120, 121, 122, 123, 124, 129, 163, 166, 167, 174, 175, 177, 179, 180, 185, 189, 201, 203, 205, 206, 207, 208, 209, 211, 220, 223, 224, 238, 246, 250, 251, 252, 258, 259, 266, 279, 304, 309, 323, 325, 326, 330, 340, 341, 353, 354, 355, 383, 397, 408. 191) ОСМАН БИН ӘЛИ: Таж-у ислам деп айтылады. 124. (Жалғасы бар...) |
|
Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com |