ПАЙДАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР - 5

2 views
Skip to first unread message

in...@islamdini.kz

unread,
Sep 12, 2026, 1:01:49 AMSep 12
to islam...@googlegroups.com

Бірінші бөлім (2)

Худ алейһиссалам Ад қауымына, Салих алейһиссалам Сәмуд қауымына жіберілгеніндей, Мұса алейһиссалам Бәни Исраил қауымына жіберілген. Юша, Харун, Дауд, Сүлейман, Зәкәрия және Яхия (алейһимуссалам) да Бәни Исраилге жіберілген. Бірақ олардың бөлек діндері болмаған, Бәни Исраилді Мұса алейһиссаламның дініне шақырған. Дауд алейһиссаламға Зәбур кітабы түскенімен, Зәбурда шариғат [яғни үкімдер, әмір, ғибадат] жоқ еді. Уағыз бен насихаттарға толы еді. Сондықтан бұл кітап Тауратты нәсһ етпеді, яғни үкімін тоқтатпады. Тіпті оны күшейтті. Сондықтан Мұса алейһиссаламның діні Иса алейһиссаламның заманына дейін жалғасты. Иса алейһиссалам келгенде оның діні Мұса алейһиссаламның дінін нәсһ етті. Яғни Таураттың үкімі қалмай тоқтады да, одан кейін Мұса алейһиссаламның дінін ұстану рұқсат болмай, сонау Мұхаммед алейһиссаламның діні келгенге дейін Иса алейһиссаламның дінін ұстау қажет болды. Бірақ Бәни Исраилдің көбі Иса алейһиссаламға иман келтірмей, Тауратқа бағынамыз деп қарсы шықты. Яһудилік [Мұсауилік] пен Насаралық [Исауилік] осылайша бөлінді. Иса алейһиссаламға иман келтіргендер «Насара» деп аталды. Қазір христиан дейді. Иса алейһиссаламға иман келтірмей, күпірде, адасушылықта қалғандар «Яһуди» деп аталды. Яһудилер әлі де Мұса алейһиссаламның дінін ұстанып, Таурат пен Зәбур оқимыз дейді. Ал Насара Иса алейһиссаламның дінін ұстанып, Інжіл оқимыз дейді. Алайда екі жаһанның сәйиді, адамдар мен жындардың барлығының пайғамбары Мұхаммед (алейһиссалату уәссәләм) бүкіл әлемге пайғамбар болып жіберілді және Оның «Ислам діні» бүкіл діндердің үкімін тоқтатты. Бұл діннің үкімі қияметке дейін жалғасатындықтан, әлемнің ешбір жерінде Оның дінінен өзге дінде болу рұқсат болмады. Одан кейін еш пайғамбар келмейді. Біз әлхамдулиллаһ Оның үмбетіміз, дініміз – Ислам діні.

Пайғамбарымыз Мұхаммед алейһиссалам миладтың 571-ші жылы сәуір айының жиырмасына тура келетін Рабиул-әууәл айының он екінші күнінің дүйсенбі таңында, Мекке қаласында дүниеге келді. Хижреттің 11-ші, миладтың 632-ші жылы Мәдинада қайтыс болды. Қырық жасында «Жәбрейіл» есімді періште келіп, пайғамбар екенін Оған білдірді. Миладтың 622 жылы Меккеден Мәдина қаласына хижрет етті. Қыркүйек айының жиырмасы, дүйсенбі күні Мәдинаның Құба ауылына келді. Қазіргі мұсылмандардың «Шәмси» жыл басы осы күннен басталады. Парсылардың шәмси жыл басы бұдан алты ай бұрын. Яғни отқа табынатын мәжусилердің мейрамы болған наурыздың жиырмасы, яғни «Наурыз» күні. Сол жылдың Мухаррам айының бірінші күні «Қамари» жылдың басы болды.

Пайғамбарлардың барлығына сенеміз. Бәрі Аллаһу та'ала тарапынан жіберілген пайғамбарлар. Бірақ Құран кәрім түскен кезде басқа діндердің үкімі тоқтады. Сондықтан қазір ешбіріне еруге рұқсат жоқ. Насара да өткен пайғамбарлардың барлығына сенеді. Бірақ Мұхаммед алейһиссаламның бүкіл адамдардың пайғамбары екеніне сенбегендіктен кәпір болып, тура жолдан шығуда. Ал яһудилер Иса алейһиссаламға да сенбегендіктен, ислам дінінен одан да алыс.

Яһудилер мен насара қолдарындағы бұзылған кітаптарының аспаннан солай түскеніне сенгендіктен, оларға «Әһли кітап» [яғни кітапты кәпір] делінеді. Некемен олардың қызын алуға және [Аллаһу та'аланың есімін атап] сойғандарын жеуге болады. [Бірақ мәкрух болады. Мұсылман қыздарының олардың ерлерімен үйленуіне болмайды. Қыз олармен немесе мүртәд адаммен тұрмыс құруға ниет етсе, Мұхаммед алейһиссаламның дініне мән бермеген болады. Ислам дініне қадір бермеген мұсылман діннен шығып «мүртәд» болады да, екі кәпір бір-бірімен үйленген болады].

Ешбір пайғамбарға сенбейтін, сенсе де пайғамбарда немесе кейбір жаратылыстарда «Улухият (құдайлық) сипаты» бар екеніне сеніп, оларға табынатындарды және мүртәдтерді «Мүшрик», яғни кітапсыз кәпір деп атайды. «Мүлхид»-тердің кітапсыз кәпір екені хабар берілді. Олардың қыздарын некеге алуға және сойған малдарын жеуге болмайды.

www.islamdini.kz

Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz

Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com

 

image001.jpg
image002.jpg
Reply all
Reply to author
Forward
0 new messages