АСХАБИ КИРАМ – 169

3 views
Skip to first unread message

Islamdini.kz

unread,
Sep 13, 2025, 1:58:46 AMSep 13
to islam...@googlegroups.com

АСХАБИ КИРАМ КІТАБЫНДА ЕСІМІ АТАЛҒАНДАРДЫ ТАНЫСТЫРУ (7)

Мұстафа мырзаның тоғыз ұлы мен екі қызы бар еді. Біріншісі сәйид Абдулхаким мырза еді. Екіншісі Ибраһим, үшіншісі Таха, төртіншісі Абдулқадир, бесіншісі Шәмсәддин, алтыншысы Зияәддин, жетіншісі Юсуф, сегізіншісі Махмұд, тоғызыншысы Қасым мырзалар. Абдулхаким мырза ең үлкені еді және ең соңғы қайтыс болды. Абдулқадир мырзаның үш немересі Зәйнәлабидин, Бәдрәддин және Фахреддин. Шәмсәддин мырзаның бір ұлы мен екі қызы бар еді. Бір қызы Афифа ханым Мекки мырзаның жұбайы еді. Екіншісі қызы Назифа ханым 1986 жылдың наурыз айында қайтыс болды. Ұлы қадірменді Жәмал мырза Стамбұлда «Кыразлы мешіттің» имамы еді. Жәлаледдин Румидың «Мәснәуи» кітабы туралы теңдесіз, терең білімі бар еді. Ол 1396 [м.1976] жылы Стамбұлда қайтыс болды. Юсуф мырзаның ұлы сәйид Фаруқ Ышық бұрын қаржы министрі және Ван сенаторы болған. 1972 жылы Анкарада қайтыс болды. Фаруқ мырзаның екі ұлы сәйид Нәвзад пен сәйид Ружхан. Сәйид Ружхан 1391 [м.1971] жылы Еңбек министрлігінің мемлекеттік хатшысы болды. Махмұд мырзаның анасы Мәриәм ханым еді. Бауырларының бәрі Хано ханымның балалары.

Махмұд мырзаның қызы Руқайя ханым. Мұстафа мырзаның бірінші қызы Мутәбәр ханым Әмір Темір ұрпағынан Саид мырзаның жұбайы және Ахмед Мекки мырзаның әрі нағашы әпкесі, әрі қайын енесі. Ол 1341-ші жылы қайтыс болды. Едирнекапы мазарына жерленген. Екінші қызы Рабиа ханым.

Сәйид Мұхаммедтің үшінші ұлы Нуреддин мырза. Оның Мәжид және Әли есімді екі ұлы бар еді. Мәжид мырзаның ұлы Иззет мырза Нафия ханымның жұбайы болып, 1981 жылы Ванда қайтыс болды. Төрт баласы бар.

Сәйид Мұхаммедтің төртінші ұлы Ахмед мырза. Оның Убәйд, Шәвкәт және Шихабуддин есімді үш ұлы бар еді.

Сәйид Мұхаммедтің бесінші ұлы Хамид паша еді. Оның Ахмед, Абдуллаһ, Фехми және Ибраһим есімді төрт ұлы және Нафия, Нәсиба және Айша есімді үш қызы бар еді. Олардан сәйид Ибраһим Арвас Абдулхаким мырзаның күйеу баласы және ұзақ жылдар бойы Ван депутаты болған. Ол [м.1965] жылы Анкарада қайтыс болды. Оның ұлы Сәйид Сыддық және қыздары Гүлсім мен Хамият. Сәйид Ахмед Мұхаммед Сыддық мырзаның күйеу баласы және Наима ханымның әкесі. Мұхаммед Сыддық мырза сәйид Таха хазреттің немересі, яғни сәйид Убәйдуллаһтың ұлы және шәһид Абдулқадир мырзаның бауыры еді. Нафия ханым Иззет мырзаның, Насиба ханым Мазһар мырзаның, Айша ханым Мұхаммед Масум мырзаның жұбайы еді.

Сәйид Мұхаммедтің алтыншы ұлы Хусейн мырза. Оның Жәлал, Алауддин, сәйид Ғази және Бахаәддин есімді төрт ұлы бар еді. Жәлал мырзаның ұлы Сәйфәддин мырза Руқайя ханымның күйеуі және Айдын, Жәлал мырзалар мен Ләйла ханымның әкесі. Айдын мырза 1983 жылы «Анаватан» партиясынан Ван депутаты болып сайланды. Ұлдары Жүнәйд, Мәлих Ружхан және Фатих пен Мұрад мызралар ізгі ізбасар ретінде жетіліп келеді.

Сәйид Мұхаммедтің жетінші ұлы Юсуф мырза.

Сәйид Абдулхаким мырзаның үш ұлы және екі қызы бар еді. Олардан Әнуар мен Шәфиа Әсма ханымның балалары. Шәфиа ханым Салих мырзаның жұбайы болып, жер аудару кезінде Мусулда қайтыс болды. Әнуар да жер аудару кезінде 1336 [м.1918] жылы Ескишехирде қайтыс болды. Екінші ұлы ардақты Ахмед Мекки Үчышық мырза араб, парсы тілдеріндегі кітаптардан және әкесінен діни білімді кеңінен меңгеріп, 1387 [м.1967] жылы Стамбұлда қайтыс болды. Бағлұм мазарына жерленген. Ол фәтуаларына жүгінуге болатын, жер бетінде теңдесі аз мүбәрәк тұлға еді. Өте көп қадірлі, жетілген дін ғалымдарын жетілдірді. Білім мен мағына талапкерлерінің дерттеріне шипа табатын. Аллаһу та'ала оның мүбәрәк денесі арқылы Стамбұл қаласын және бүкіл ислам әлемін қадірлендірген және пайдасын тигізген еді. Сәйид Ахмед Мекки мырзаның Бәхиқ, Бәха, Медени және Хикмет есімді төрт ұлы және Захида есімді бір қызы бар. Әрқайсы әдептілік пен ізгіліктің үлгісі. Ал немерелері Таха Үчышық, Фәхим, Мұхаммед мырзалар және Шәфиа ханым әрбірі гауһардай жетіліп келеді. Абдулхаким мырзаның (қуддиса сиррух) үшінші ұлы сәйид Мүнир мырза Стамбұл ауданында сату саласында ұзақ жылдар бойы еңбектеніп, турашылдығы, еңбекқорлығы, көркем мінезі арқылы айналасының құрметі мен сүйіспеншілігін жинаған. Ол 1399 [м.1979] жылы қайтыс болды. Бағлұм мазарына жерленген.

(Жалғасы бар...)

www.islamdini.kz

Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz

Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com

 

image001.jpg
image002.jpg
Reply all
Reply to author
Forward
0 new messages