АСХАБИ КИРАМ – 156

4 views
Skip to first unread message

Islamdini.kz

unread,
Jun 28, 2025, 1:29:19 AM6/28/25
to islam...@googlegroups.com

СЕКСЕНІНШІ ХАТ (3)

Құран кәрімді Осман (радиаллаһу анһ) жинақтады. Тіпті Әбу Бәкір Сыддық пен Омар-ул Фаруқ (радиаллаһу анһума) жинақтады. Әмірдің (радиаллаһу анһ) жинақтанған Кұран кәрімі бұдан басқа. Көрініп тұрғанындай, осы ұлы тұлғаларды жамандау Құран кәрімді жамандауға дейін барады. Аллаһу та'ала барша мұсылмандарды осындай пәлекетке түсуден қорғасын! Шии ағымының мүжтәһидтерінің бірінен: «Құран кәрімді Осман (радиаллаһу анһ) жинақтаған. Ол жинақтаған осы Құран кәрім туралы не дейсіз?» деп сұралған екен. Ол: «Одан кемшілік табудан еш пайда көрмеймін. Өйткені Құран кәрімге тіл тигізсек дін құлайды» деп жауаптады.

Ақылы бар адам пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) қайтыс болған күні асхаби кирамның (радиаллаһу та'ала алейһим әжмаин) бәрінің қате шешімде біріккенін әлбетте айта алмайды. Алайда ол күні асхаби кирамның отыз үш мың адамы бәрі бірден өз қалауымен және ынтасымен Әбу Бәкір Сыддықты (радиаллаһу анһум) халифа қылды. Отыз үш мың сахабаның қате істе бір ауыздан бірігуі мүмкін емес. Расында пайғамбарымыз: (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) «Үмбетім қате істе ауыз біршілікке бармайды!» деген болатын. Әмірдің (радиаллаһу анһ) басында ренжуі сөз сөйлеуге оны шақырмағаны үшін еді. Өзі де сондай екенін айтқан және «Сөйлеуге кеш шақырылғаным үшін мұңайған едім. Әйтпесе Әбу Бәкірдің (радиаллаһу анһ) бәрімізден үстем екенін жақсы білемін» деген. Оның кеш шақырылуының себебі бар еді. Яғни ол кезде ол әһли бәйттің арасында еді, оларды жұбатып жатқан болатын.

Пайғамбымыздың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) асхаби кирамды (радиаллаһу та'ала алейһим әжмаин) арасындағы бөлінулер нәпсінің қалауларынан, жаман ойлардан емес еді. Өйткені олардың нәпсілері тәрбиеленген, тап-таза болған еді. Әммаралықтан құтылып, итминанға [дұрысты түсінуге, сенуге] жеткен еді. Олардың бүкіл қалаулары ислам дінін ұстану еді. Бөлінулері ижтиһадтағы бөліну еді. Дұрысты айқындап шығару үшін еді. Қателескендеріне Аллаһу та'ала бір дәреже сауап береді. Дұрыс тапқандарына ең аз дегенде екі дәреже бар. Ол ұлы тұлғалардың ешқайсын тілімізбен ренжітпеуіміз керек. Әрқайсы туралы тек жақсы сөз айтуымыз қажет. Әһли сүннеттің ең үлкен ғалымдарынан Имам Шафии (рахметуллаһи алейһ) айтқан: «Аллаһу та'ала қолымызды сол қанға тигізбеді. Біз де тілімізді тигізбейік». Тағы айтқан: «Расулуллаһтан (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) кейін асхаби кирам (алейһимурридуан) көп ойланды. Жер жүзінде Әбу Бәкір Сыддықтан үстем ешкімді таба алмай, оны халифа қылды. Оның билігіне кірді». Имам Шафиидың бұл сөзі де хазреті Әлидің (радиаллаһу анһ) мүлде екі жүзді болмағанын және Әбу Бәкір Сыддықты шын көңілімен халифа қылғанын көрсетеді.

Мәйан шәйх Әбулхайрдың ұлы Мәйан Сәйид ұлы ғұламалардың ұрпағы. Деккен сапарында да қызметіңізде еді. Көмегіңіз бен ілтипатыңызды көрсетесіз деп сенемін. Мәулана Мұхаммед Ариф те білім талапкері болып, ғұламалардың тегінен. Әкесі қайтыс болды, ұстаз еді. Айлығын алу үшін сізге барды. Жомарттығыңызбен қол ұшын бересіз деп сенемін. Уәссәләм, уәл икрам!

[Үш халифаны жамандайтындардың тура жолдан адасқаны, әсіресе олардың ең азғын және фанатиктерінің мұсылмандықтан толықтай айрылғанын, тіпті исламды құлатуға тырысқанын көрсету үшін ислам ғалымдары өте көп кітап жазған. Олардың бірнешеуінің аты мен авторы төменде тізбектелді. Алеуи екенін айтқан дін бауырларымыздың бұл кітаптарды мұқият оқып, әһли сүннет пен олардың арасындағы айырмашылықтарды зерттеуін және ақылға, ар-ожданға, ынсапқа салып дұрыс жолды таңдауын әрі араңдатушы надандардың өтіріктеріне, жалаларына алданбауын, құтылу жолын, саламаттық жолын ұстанып, дін мен дүние бақытына кенелуін дін бауырмашылдығы мен адамгершілік атынан Аллаһу та'алаға дұға етеміз.

(Жалғасы бар...)

www.islamdini.kz

Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz

Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com

 

image001.jpg
image002.jpg
Reply all
Reply to author
Forward
0 new messages