ПАЙДАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР - 22

2 views
Skip to first unread message

in...@islamdini.kz

unread,
Nov 11, 2026, 12:13:26 AM (4 days ago) Nov 11
to islam...@googlegroups.com

ӘҺЛИ СҮННЕТ СЕНІМІ (3)

Мұсылмандардың бесіктен қабірге дейін білім үйренуі қажет. Мұсылмандардың үйренуі қажет болған білімдер «Улум-и исламия» деп аталады. Улум-и исламия, яғни ислам білімдері екіге бөлінеді:

1) Улум-и нақлия. 2) Улум-и ақлия.

1) Улум-и нақлия: Бұларды діни білімдер деп те атайды. Бұл білімдер әһли сүннет ғалымдарының кітаптарынан оқу арқылы үйреніледі. Дін ғалымдары бұл білімдерді «Әдиллә-и шәрия» деп аталатын төрт қайнардан алған. Бұл төрт қайнар: Құран кәрім, хадис шәрифтер, ижма-и үммет және қияс-и фуқаһа.

Діни білімдер де екіге бөлінеді: «Улум-и алия», яғни жоғары діни білімдер және «Улум-и ибтидаийя», яғни құрал білімдері. Жоғары діни білімдер сегіз топқа бөлінеді:

I: Илми тәфсир. Бұл ілімнің мамандары «Муфәссир» деп аталады. Муфәссир – кәлам-и илаһиден (Аллаһу та'аланың сөзінен) мурад-и илаһиді (Аллаһу та'аланың мақсатын) түсінетін терең ғалым деген сөз.

II: Илми усул-и хадис. Бұл ілім хадистердің санатын ажыратады. Хадис шәрифтердің түрлері «Саадәти әбәдия» кітабының екінші бөлімі, алтыншы тақырыбында жазылған.

III: Илми хадис. Бұл ілім пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) сөздерін, іс-әрекеттерін және хәлдерін зерттейді.

IV: Илми усул-и кәлам. Бұл ілім кәлам ілімінің аят-и карималардан және хадис шәрифтерден қалай шығарылатынын баяндайды.

V: Илми кәлам. Кәлам ілімі калима-и шаһадатты, калима-и тәухидті және оларға байланысты иманның алты шартын түсіндіреді. Бұлар жүрекпен иман келтіру қажет болған білімдер. Кәлам ғалымдары усул-и кәлам және кәлам білімдерін бірге жазуды әдет қылған. Сауатсыздар осы себепті бұл екі ілімді жалғыз бір кәлам ілімі деп санайды.

VI: Илми усул-и фиқһ. Бұл ілім фиқһ білімдерінің Құран кәрімнен және хадис шәрифтерден қалай шығарылатынын үйретеді.

VII: Илми фиқһ. Бұл ілім «Әфал-и мукәлләфин»-ді, яғни ақылы кірген, балиғатқа толғандардың денемен қалай амал [ғибадат] ететінін үйретеді. Денеге қажетті білімдер. «Әфал-и мукәлләфин» парыз, уәжіп, сүннет, мүстаһаб, мубах, харам, мәкрух және мүфсид деген сегіз бөлімнен тұрғанымен, қысқаша үшке бөлуге болады: Әмір етілген амалдар, тыйым салынған амалдар, мубахтар.

VIII: Илми тасаууф. Бұл ілім «Илми ахлақ» деп те аталады. Жүрекпен орындалуы әмір етілген және тыйым салынған нәрселерді білдіруімен қатар, иманның ізгіленуі және фиқһ амалдарының қуана-қуана, оңай орындалуын және марифатқа қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

Ер және әйел әр мұсылманның осы сегіз білімнен кәлам, фиқһ және тасаууф білімдерін, яғни «Ислам дінін» өзіне қажетті шамада біліп үйренуі парыз айн екенін, үйренбеу күнә, екенін «Хадиқа» кітабының авторы (рахметуллаһи та'ала алейһ) үш жүз жиырма үшінші бетінде және Ибн Абидин кіріспесінде мәлімдеген.

2) Улум-и ақлия: Бұларды тәжірибеге сүйенетін ілімдер деп те атайды. Бұлар ғылыми білімдер, әдебиет білімдері болып екіге бөлінеді. Мұсылмандардың бұл ілімдерді үйренуі парыз кифая. Ал діни білімдерді қажет болғандарын және соғыста қолданылатын қару-жарақты қолдануды үйрену парыз айн. Қажетінен артық болғандарын және соғыста қолданылатын қаруларда маман болу парыз кифая. Бір қалада бұл білімдерді білетін ғалым, орындайтын өнеркәсіп орталықтары болмаса, қаладағылардың барлығы және үкімет адамдары күнәға ортақ болады.

Діни білімдер уақыт өте өзгермейді. Кәлам білімдерінде ой жүгіртіп жаңылысу, қате ойлау үзір болмайды, айып болады. Фиқһтағы амалдарда ислам діні көрсеткен үзірлермен ислам діні көрсеткен өзгерістерді, жеңілдіктерді пайдалануға болады. Өз ойымен, көзқарасымен өзгеріс жасау, діни істерде реформа жасау мүлде рұқсат емес. Бұл діннен шығуға себеп болады. Улум-и ақлияда өзгеріс, жаңалық жасау, ілгерілеу рұқсат. Бұларды кәпірлерден де іздеп, тауып, меңгеру, жасау қажет.

www.islamdini.kz

Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz

Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com

 

image001.jpg
image002.jpg
Reply all
Reply to author
Forward
0 new messages