Әр намазға он алтын берген мұсылман

2 views
Skip to first unread message

Islamdini.kz

unread,
Jun 23, 2022, 7:56:24 AM6/23/22
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Әр намазға он алтын берген мұсылман

Иманнан кейін маңызы жағынан намаз тұрады. Намаз оқымаған адам жүз мың рет қажылыққа барса, жүз мың алтын садақа таратса, жүз мың кедейге ас беріп тойдырса, ешқайсысы бір уақыт намаздың сауабына жете алмайды. Іргетассыз ғимарат болмайды. Намаз – діннің іргетасы. Тірексіз ғимарат болмайды, намаз – діннің тірегі.

Ұлы ислам ғалымы Хусейн Хилми бин Саид (қуддиса сиррух) бұл туралы:

«Мұсылман тыныс алып тұрған мерзімі бойынша қаласа түрегеп, қаласа отырып, қалай оқи алса, солай намаз оқуға мәжбүр...» деген.

Хадис шәрифте былай делінген:

«Намаз – діннің тірегі, оқымаған адам дінін құлатқан болады». (Бәйһақи)

«Намаздың діндегі орны – бастың денедегі орны сияқты». (Табарани)

Намаз – исламның бес шартының бірі әрі қалған төрт шартты да өз бойына жинақтаған. Намазда иман бар – иманды кісі намаз оқиды. Намазда ораза бар – намаз үстінде бір нәрсе жейтін болсақ, намаз бұзылады. Намазда зекет бар, өйткені дүниелікті және ақшаны ойламау керек. Намазда қажылық бар – құбылаға бұрылып тұрмаған адамның намазы сахих болмайды. Намаз бар болса, бәрі болады. Намаз болмаса, адамның жағдайы қауіпті. Өйткені пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) «Намаз – мұсылман мен кәпірді ажырататын ерекшелік» деген. Яғни мұсылман намаз оқиды, ал оқымаған адам не мұсылман, не кәпір, яғни күмәнді.

«Анкәбут» сүресінің 45-ші аятында «Дұрыс оқылған намаз адамды лас, нашар және тыйым салынған қылықтардан қорғайды» делінген. Адамды жамандықтардан аулақ қылмайтын намаз дұрыс намаз емес деген сөз. Тек көріністе ғана намаз. Дегенмен дұрыстап оқығанға дейін көрінісін орындауды да қолдан жіберіп алмау керек. Бір амалды толық орындай алмасақ, ең болмағанда қолдан келетінін орындап, бәрінен айрылып қалмау керек.

Бурса қаласы әлі Осман Империясының иелігіне өтпей тұрғанда қалалық грек тұрғындардың бірі жасырын түрде исламды қабылдап, мұсылман болған еді. Мұның себебін досы сұраған екен:

- Ата-бабаңның дінін қалай тастап кеттің?

Ол былай жауап берді:

- Бір кездері тұтқынға алынған мұсылмандардың бірі маған тапсырылды. Оны қамауға алдым. Бір күні тұтқынның қамаудағы орнында иіліп, жығылып, бір әрекеттер жасағанын байқап қалдым. Қасына барып не істеп жатқанын сұрадым. Әрекеттерін бітірген соң бетін сипап, маған намаз оқығанын айтты. Мен оның намазына кедергі болуға тырыстым. Егер намаз оқуына рұқсат беретін болсам, әр оқыған намазы үшін маған бір алтын беретінін айтты. Мен келістім, бірақ ашкөзденіп, күн сайын төлемін арттыра бердім. Бара-бара әр намазына он алтынға дейін талап еттім, оған да келісті. Оның ғибадатына деген жанкештігіне қайран болдым. Бір күні оған «Сені босатамын» деп едім, қатты қуанды да қолын жайып «Аллаһу та'ала саған иман берсін!» деп дұға етті. Мен сол мезетте мұсылман болдым.

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: C:\Users\Aueskhan\Desktop\image002.jpg

www.islamdini.kz

Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz 

Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com

 

image001.jpg
image002.jpg
Reply all
Reply to author
Forward
0 new messages