|
Сұрақ: Бір адамның тәкаппар екендігін қай белгілеріне қарап білуге болады? Жауап: Алдымен тәкаппарлыққа жататын іс-әрекеттерге бірнеше мысал келтірейік: 1- Сұрақ сұрамау тәкаппарлықтың белгісі. Тәкаппар адам сұрақ сұрауды білмегендіктің белгісі деп ойлайды. «Егер сұрақ сұрасам, білмейтіндігім белгілі болып қалады» - дейді. 2- Тек өзінен ғана сұрағанды, басқалардан сұрамағанды қалау, білетін-білмейтін барлық сұрақтарға да жауап беруге тырысу, білмеймін деп айта алмау. 3- Жол, адрес сұраудан тартыну. Жол және сұрақ сұрамау – айыпталу, кінәлану қорқуынан туындайды. 4- Бастығынан рұқсат сұраудан тартыну. 5- Қонаққа барған үйде бірнеше кісімен бірге намаз оқитын кезде имам болуға лайықты көптеген адамдар бола тұра, үй иесі рұқсат етпестен өзінің имамдыққа алға өтуі, барлығынан имамдыққа өзін лайықпын деп санау. 6- Жиындарда тек өзі сөйлеп, басқалардың сөзге араласуынан мазасыздану, олардың үндемей отырып тыңдауларын қалау. 7- Айналасындағы адамдарға көп білетіндігін көрсетіп қою үшін, оларға әр сәтте бір нәрселерді түсіндіруге тырысу, өзінше қате деп санаған нәрселерін дереу түзетуге, ескертуге тырысу. 8- Мешітте жамағатқа «Алға өт! Артқа тұр!» деп бұйрық беруге құмар болу және сондай бір бұйрық берілгенде мазасызданып жақтырмай отыру. 9- Жасына қарамастан барлығының бір-бірлеріне «аға» деп айтуы әдет болған жерлерде «аға» деп айта алмау, тек атымен немесе «бауырым» деген секілді сөздермен шақыру. 10- Мақтағанды жақсы көруі, сын айтқанды, әзілді көтере алмау. Қатесін айтқан адамға рахмет айта алмау. 11- Дұрыстың дұрыс екенін мойындамау. «Бұл нәрсе былай» деген кезде басқа мағына беруге, бұрмалауға тырысу, әр нәрсені бір айтып дұрысқа дұрыс деп айтпай қырсығу. Ал негізінде хақты сөйлеген адам бала болса да, надан болса да қуана-қуана қабыл ету керек. 12- Уәсуәсә ету де тәкаппарлықтың белгісі болуы мүмкін. Ондай адам өзін мұқияттымын, ұқыптымын деп санап, қалғандары өтірік істейді деп ойлайды. Өзіне айтылған насихатты қабылдамайды. Үнемі күмәншіл болады. 13- Басшы болуды қалау, бұйрық беруді жақсы көру. Өзінің кейбір жақтарын да жоғары санау. 14- Адамдар қасына барып, бір нәрсе айтуға немесе сұрауға шошитын болса, бұл да тәкәппарлықтың белгісі. 15- Қарапайым секілді болып көріну. Керексіз жерде «мархабат, мырзам» деп шектен тыс қарапайымдылық көрсету. Екі сөздің бірінде «Құлыңызбын, біз кішкентай адамбыз ғой» дегендей сөздер айту. Ал негізінде бұлай сыпайылануы тәкаппарлығын жасырудан басқа еш нәрсе емес. 16- Өз-өзін кішіпейілділік болсын деп «бұл пақыр, бұл әлсіз, бұл күнәһар» деп сөзді бастайтын адамдардың арзымайтын бір сын айтылғандай, әлсіздігі мен пақырлығын ұмытып қойып, өкпелеп қалуы да барып тұрған кісіліктің, тәкәппарлықтың өзі. 17- Айналасындағыларға күн көрсетпеу, қинау, ренжіту. Біреуді біреуге шағысыру. Өзгелердің кемшіліктерін айтып, өзінің ондай еместігін көрсетуге тырысу. Қысқасы: Өз орнын, жөнін білу – қарапайымдылық, орнын білмеу – тәкаппарлықтың белгісі болады. |
|
Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com |
|
Сұрақ: Жүніп адамға не істеуге болмайды? Жауап: Ғұсыл алуы қажет болған адам «жүніп» деп аталады. Жүніп адамға Бисмиллаһ айтуға, дұға оқуға, «Лә илаһа иллаллаһ» деп зікір етуге, салауат оқуға болады. Тіпті Фатиха, «Раббанна әтина...» сияқты аяттарды дұға ниетімен оқуына да болады. Құран кәрім кітабын ұстауға болмайды, жаттанды түрде болса да Құран кәрім оқуға болмайды. Мешітке кіре алмайды. Шап маңын қыруы, шаш, тырнақ қырқуы мәкрух болады. Хайз (етеккір) жағдайында бұларды істеу мәкрух болмайды.
Жүніп күйде ішіп-жеу және сәбиді емізу Сұрақ: Жүніптің бір нәрсе ішіп-жеуі, көшеге шығуы, жүніп әйелдің сәбиін емізуі дұрыс па? Жауап: Ауызын шайғаннан кейін ішіп-жеуі рұқсат болады. Көшеге шығу да рұқсат. Әйелдің көкірегін жуғаннан кейін сәбиін емізуіне болады. Намаз уақыты шығудан бұрын жуыну керек. Одан артық жүніп болып жүруі харам болады. Намаз оқитын және оқымайтын әркім бір намаз уақытын жүніп күйде өткізетін болса, үлкен азап шегеді.
Жүніптің ішіп-жеуі Сұрақ: Жүніп адамның қолын, ауызын шаймастан ішіп-жеуіне бола ма? Жауап: Тәнзиһән мәкрух болып табылады. Жуғаннан кейін ішіп-жеуі мәкрух болмайды, бірақ мәжбүр болмайынша жүніп күйде ішіп-жемеу керек.
Жүніптің тері және мәни Сұрақ: Ихтилам (поллюция) болғанда және жұбайымен қосылғаннан кейін үстіндегі бүкіл киімдерді шешіп жуу керек пе? Жүніп кезде тер тиген киімдермен намаз оқуға бола ма? Жауап: Жүніп адамның тері нәжіс емес. Ол киімдермен намаз оқуға болады. Мәни (сперма, ұрық) – Ханафиде нәжіс, басқа үш мазһабта таза. Маликиде бір қаулы бойынша мәни нәжіс болып табылады. Ихтилам болған адам киімдерінің бәрін ауыстыруы қажет емес, тек мәни тиген жерді жууы жеткілікті болады. Мәни кеуіп қалған болса, ысқаланса тазаланған болады. Ол киіммен намаз оқуға болады.
Жүніптік және уәсуәса Сұрақ: Жүніп кезде бір нәрсеге тисем, сол зат лас болды деп ойлап, көп әуре боламын. Бұл уәсуәса ма? Жауап: Иә, бұл уәсуәса. Жүніп адам нені ұстаса да ол нәрсе лас болмайды.
Мешіт ретінде қолданылатын бөлме Сұрақ: Үйде мешіт ретінде қолданылатын бөлмеге кірерде итикафқа ниет етуге бола ма? Ол жерге жүніп күйде кіруге бола ма? Жауап: Мешіт ретінде қолданылатын бөлмеге кірерде итикафқа ниет етуге болады. Ол жерге жүніп күйде де кіруге болады. Алайда көпшілік баратын мешіттерге жүніп күйде кіруге болмайды.
Жүніптің сәлем беруі Сұрақ: Жүніп адамның сәлем беруіне бола ма және берілген сәлемге де жауап беруге бола ма? Жауап: Әрине, сәлем беруге де, сәлемге жауап беруге де болады. Ешқандай зияны болмайды. Сәлем – өте жақсы дұға. Жүніп адамға Құран кәрімнен сүре мен аят оқуға болмайды, бірақ дұғаның кез келген түрін оқуына болады, зікірдің кезкелген түрін айта алады, тіпті Фатиха және «Раббана әтина...» сияқты дұға аяттарын тек дұға ниетімен оқи алады.
Жүніп адам Құран оқи алмайды Сұрақ: Ислам Ахлақы кітабында «Жүніптің дұшпаннан қорғану үшін бір-екі қысқа аят оқуы рұқсат болады» делінген. Осы үкім бойынша «Құл әузу...» сүрелерін оқуға бола ма? Жауап: «Құл әузу...» сүрелері аят емес, сүре. Бұларды жүніп күйде оқуға болмайды. Басқа аяттарды оқуға болады. Мысалы, дұшпанның зиянынан және пәлекеттерден құтылу үшін «Лә илаһа иллә әнта субханәкә инни кунту минәззалимин» аяти каримасын оқуға болады.
Жүніптің тырнақ қырқуы Сұрақ: Жүніп кезде ғұсыл алудан бұрын бет-қолды жуып, содан кейін тырнағын қырққан немесе қырынған адам да мәкрух істеген бола ма? Жауап: Иә, бет-қолын жуған болса да, мәкрух істеген болады. |