|
143) ИЗЗЕДДИН ӘЛИ: Әли бин Мұхаммед бин Әсир Жизри – тарих кітаптарымен танымал болған ғалым. 555 жылы Жәзирә бин Омар деп аталатын ауданда дүниеге келіп, 630 [м.1232] жылы Мусулда қайтыс болды. «Камил» атты тарих кітабы Адам алейһиссаламнан 628 жылға дейін болған оқиғаларды баяндайды. Бұл кітап 1886 жылы Нидерландының «Лайден» қаласында он екі үлкен том болып басылды. Кейіннен Мысырда басылды. Асхаби кирамнан жеті мың бес жүз сахабаның өмірбаянын жазған «Усуд-ул ғабә» кітабы тарих кітаптарының үздігі. Бес томдық бұл кітап Мысырда Уәһбия баспаханасында 1280 жылы басылған. Құдс ғалымдарынан Бәдреддин Мұхаммед бин Яхия және Мұхаммед бин Мұхаммед Қашғари [709] бұл кітапты жеке-жеке қысқартқан. Сәманидің «Китабул әнсаб» туындысын қысқартып және түзетіп даярлаған үш томдық тағы бір еңбегі бар. Үш туындының бәрі түрік тіліне аударылған. 20, 250. 144) ҚАЗЫ ӘБУЛХАСАН: Әли бин Нұғман Мағриби 329 жылы дүниеге келіп, 374 [м.985] жылы қайтыс болды. Мысырда Фатимилер заманында тоғыз жыл бас қазы қызметін атқарды. Ғалым еді. 85. 145) ҚАЗЫ АЯЗ: Әбулфадл Ияд бин Мұса – хадис ғалымы еді. 476 жылы Сеутада дүниеге келіп, 544 [м.1150] жылы Марракеште қайтыс болды. Андалусияда білім алды. Сеутада, Гранадада қазы болды. Көп кітап жазған. «Мәшарикул әнуар» және «Шифа» кітаптары мәшһүр (рахимә-һуллаһу та'ала). 75. 146) ҚАЗЫ ШУРӘЙХ: Әбу Умәйя бин Харс – табииннің ұлыларынан. Хазреті Омар заманында Куфа қазысы еді. Хазреті Әли халифа кезінде оның алдында бір зиммимен соттасқан еді. Өте әділ еді. Фиқһ ғалымы еді. 87 [м.706] жылы 120 жасында қайтыс болды (рахимә-һуллаһу та'ала). 47, 169, 234. 147) ҚАЗЫЗАДА АХМЕД: Ахмед Әмин бин Абдуллаһ 1133 жылы дүниеге келіп, 1197 [м.1783] жылы қайтыс болды. Қазы болған. «Тариқат-и Мухаммадия» кітабын және «Биргиуи өсиетнамасы» кітабын шәрһ еткен. «Фәраид-ул фәуаид» атты әмәнту шәрһі өте пайдалы. Көп басылымы бар. 90, 94. 148) КАРАМАНИ КӘМАЛАДДИН: Исмаил Кәмаладдин мұғалім еді. Кәмал Руми және Қара Кәмал деп аталған. 920 [м.1514] жылы қайтыс болды. «Ақаид-и Нәсәфи» шәрһіне, «Мәуақиф» шәрһіне, «Уиқая» кітабына, «Бәйдауи» тәфсиріне және «Кәшшаф» кітабына хашиялар [түсіндірмелер] жазған (рахимә-һуллаһу та'ала). 67. 149) КАСТАЛАНИ: Шихабуддин Ахмед бин Мұхаммед – Мысыр ғалымдарының ұлыларынан. Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) өмірбаянын жазған «Мәуаһиб-и ләдунния» кітабын Жамиул Азхар мұғалімі ғұлама Мұхаммед Зәрқани Малики шәрһ еткен, сегіз том болып 1329 жылы және 1393 жылы Бейрутта басылған. Юсуф Нәбхани тарапынан қысқартылып, 1312 жылы әріптері әрекетпен жазылып Ливанда басылған, 1401 [м.1981] жылы Стамбұлда офсеттік жолмен басылған. Бұл кітап өте пайдалы. Ол 851 [м.1448] жылы дүниеге келіп, 923 [м.1517] жылы қайтыс болды (рахимә-һуллаһу та'ала). 63, 103, 128. 150) КИНАНӘ БИН БӘШИР: Расулуллаһтың үшінші халифасы хазреті Осман бин Аффанды Құран кәрім оқып отырғанда шәһид еткен Мысыр сығаны. Перғауынға табынған ақымақтардың ұрпағы. 121. 151) КОНСТАНТ: Екінші Констант – Екінші Гераклиустың (Ираклий) ұлы. Хижреттің жиырмасыншы жылы он екі жасында король болды. Хазреті Муауияның әскеріне жеңіле бергендіктен Стамбұлдан кетіп Сицилияға барды. 47 [м.668] жылы сол жақта қайтыс болды. 14. 152) ҚУРТУБИ: Әбу Абдуллаһ Мұхаммед бин Ахмед Шәмседдин Ансари – Ибн Әбу Бәкір Фәрәж. Андалусияның ең үлкен ғалымдарынан. 671 [м.1272] жылы қайтыс болды. Малики еді. «Әсма-ул хусна» шәрһі, «Илам-и дин-и Насара», «Тәзкирә фи ахуал-и ахира» және басқа да кітаптары бар. 58, 199, 251, 406. 153) МАЛИК БИН ӘНӘС: бин Малик бин Әбу Амир Әсбахи – әһли сүннеттің амалда, ғибадатта бөлінген төрт мазһабтың бірі Малики мазһабының имамы. 90 [м.709] жылы Мәдинада дүниеге келгені Ибн Абидиннің кіріспесінде жазылған. Табииннен болғаны күмәнді. Фиқһта, хадисте және тәфсирде өте терең білімі бар. Ұстаздары да одан білім алуға келетін. Хадис шәриф оқитын кезінде жаңадан дәрет алып, тізерлеп отыратын. Мәдинада ешқашан жануарға мінбеді. Үнемі жаяу жүрді. Құрметі мен әдебі мол еді. 147 жылы әділетсіз фәтуа бермегені үшін 70 дүре соғылды. Бірақ сонда да бермеді. [м.795] жылы Мәдинада қайтыс болды (рахимә-һуллаһу та'ала). «Муватта» атты хадис кітабы – ең алғашқы хадис кітабы. Көп ғалымдар бұл кітапты шәрһ еткен. Африканың солтүстігіндегі мұсылмандардың көбі малики мазһабын ұстанады. Малики мазһабындағы ең атақты фиқһ кітабы «Әттәрфи» және «Әл-ихкам» кітаптары. 25, 42, 43, 75, 76, 126, 142, 204, 330, 388, 399, 406, 407. (Жалғасы бар...) |
|
Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com |