|
Намаз исламның бес шартының екіншісі болып, пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) миғражға барған кезде ең қайырлы үмбет болған Оның үмбетіне Аллаһу та'аланың әзәли бұйрығымен күніне бес уақыт ретінде парыз болды. Намаз – діннің тірегі. Кімде-кім намазын тұрақты түрде дұрыс және толық оқыса, дінін берік қылған, ислам ғимаратын тұрғызған болады. Адам пайғамбардан (алейһиссалам) бері барлық дінде намаз бар еді. Барлық үмбетке бір уақыт намаз парыз еді. Бірақ бір уақытта көп рәкат парыз еді. Біреулеріне таң намазы, біреулеріне ақшам намазы парыз еді. Әр үмбетке әр түрлі уақытта парыз болған намаздар біздің үмбетімізге бәрі бірден парыз болды. Сүлейман алейһиссалам бір намазын өткізіп алғанда тоғыз жүз құрбандық шалып, кешірім сұрады. Қырық күн аза тұтты. Әйюб алейһиссалам ғибадатында әлсіздік пайда болғанда «Мен шынымен де ауырып қалыппын» деп айқайлайтын. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) мүбәрәк тістері түсіп, мүбәрәк жүзінен қан ақса да, қол жайып «Йа, Раббым! Қауымыма хидаят бер. Олар білмейді» деген, бірақ Хәндәк соғысында екінді намазын өткізіп алғанда, яғни уақытылы оқылмауына себеп болғандарында «Бізді екінді намазынан олар мақұрым қалдырды. Йа, Раббым! Олардың жүректерін, көңілдерін отқа толтыр!» деген. Хазреті Әбу Бәкір (радиаллаһу анһ) бір түні үтір намазын өткізіп алды. Түні бойы көп ғибадат жасағандықтан, түннің соңында ұйықтап қалды. Таң намазында пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) артынан жүріп, мешіттің есік алдында жақындап, айқайлай бастады. «Йа, Расулаллаһ! Көмектесіңіз! Үтір намазымды оқи алмадым» деп өтінді. Расул алейһиссалам жылай бастады. Жәбрейіл алейһиссалам келіп, «Йа, Расулаллаһ, Сыддыққа айтыңыз, Аллаһу та'ала оны кешірді» деді. Баязид Бистами хазретті бір түні ұйқы басып, таң намазын оқи алмады. Ол бұған қайғырып, күйініп, қорқып жылағаны сонша, бір дауыс естіді: «Ей, Баязид, бұл күнәңді кешірдім. Жылағаныңның берекесімен саған бөлек жетпіс мың намаздың сауабын бердім» делінген еді. Бірнеше айдан кейін бір күні қайтадан ұйқы басты. Шайтан келіп, мүбәрәк аяғын түртіп оята бастады: «Тұр, намаз уақыты өтіп барады» деді. Шәйх Баязид бұған таңқалып: - Ей, малғұн шайтан, сен мұны қалай істейсің? Сен бәрі намазын өткізіп алуын қалайтын едің ғой! – деп сұрады. Ібіліс былай жауап берді: - Таң намазын оқи алмаған күніңде жылап жетпіс мың намаздың сауабын алған едің. Бүгін соны ойлап сені оятып жатырмын, бір уақыт намаздың сауабын ғана ал. Жетпіс мың намаздың сауабын алмай қал! Олай болса, ей, мұсылман, уақытыңды бос өткізбе! Уақытыңды жақсы пайдалан! Намазыңды уақытылы оқы, қиямет күні өкініп жүрме. Көп сауап жасап ал... (Намаз Рисаласы). |
|
Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com |
|
Әһли хикмет ғұламалар былай деген: Ең бақытты, ең рахат мұсылман – өзін есепке тарта алатын адам, басқа біреуді емес. Өкінішке орай, тек басқаларға ғана қарағанымыз үшін біз өзімізді көре алмаймыз. Алайда бізге өзімізді көре алуымыз үшін айна берілген. Міне осы айнаға қарап, өзімізге қарауымыз керек. Бұл айна – Имам Раббани хазрет сияқты үлкен әулиелеріміздің еңбектері. Сол айнаға қарап өзін көргендер, өзін танығандар құтылады. Юсуф алейһиссалам жәннаттың сұлулығы берілген адамдардың ең әдемісі еді. Ең сүйікті досы оған қонақ болып келеді. Юсуф алейһиссалам одан: – Ешқандай сыйлығың жоқ па? – деп сұрайды. – Әрине бар, сізге лайықты сыйлықты ұзақ іздедім, ақыр соңында таптым. – Ол қандай сыйлық? – Ол айна. – Бұл айна не үшін керек? – Сіздің сұлулығыңызды біз көреміз, білеміз, бірақ сіз өзіңіз білмейсіз. Біз сұлулығыңыздан шаттанамыз, сіз шаттана алмайсыз... Құрметтілеріміздің біз әкелген сыйлықтарға қажеттілігі жоқ, бірақ сыйлық сүйіспеншілікті арттырады. Ұмытпайық, пайғамбарымыз алейһиссалам да бізден сыйлық күтеді. Аллаһу та’ала да бізден сыйлық күтеді. Оларға немқұрайдылық танытудан сақ болайық. Біз Расулуллаһқа қанша салауат айтатын болсақ, жіберген сыйлығымыз үшін Ол да сол дәрежеде бізге разы болады. Бес уақыт намазды оқысақ, Аллаһу та’ала да бізге разы болады. Аллаһу та’аланың құлдарынан күткені – бес уақыт намаз. Намазын оқымаған адам Аллаһу та’алаға сыйлық бермеген болады деген сөз. Тыныс алып жатқан болсақ, намаз оқуға да мәжбүрміз. Егер тыныс алып жатпаған болсақ, демек намаз оқу міндеті де мойнымыздан алынды деген сөз. Бір адам бір имамға келеді, «намазды оқымауыма рұқсат ретінде маған бір фәтуа берсеңіз, сізге жүз алтын беремін» дейді. Имам «Жарайды, саған бір емес, бес фәтуа берейін» дейді. «Олардың қайбірін орындай алсаң, намаз оқу міндеті мойныңнан алынады: 1) Хайуан болсаң, 2) Жынды болсаң, 3) Сәби болсаң, 4) Аллаһ сақтасын, мүртәд (кәпір) болсаң, 5) Өлсең, намаз міндеті сенің мойныңнан алынады. Олардың ешбіріне намаз парыз емес» деп ретімен айтқан кезде әлгі адам «Ұстаз, бұлар маған жарамайды» дейді де, намазын оқуға кетеді. Ұзын сөздің қысқасы, мұсылман адам мұсылман болып өмір сүрген уақыты бойы намазын оқуы керек. Имам Жафәр Садық хазрет өлім жағдайында жатқан кезде орнынан тұрып: «Бәрің дереу мұнда жиналыңдар, соңғы сөзімді айтамын» дейді. Бәрі жиналғаннан соң «Намазды тастап кетуден сақ болыңдар. Менің шәкіртім болса да, туысқаным болса да, сәйид болса да, намазын оқымаған адамға жаза бар» дегеннен кейін, кәлима-и шәһадат айтып қайтыс болады. Кемшілікпен оқылса да намаз иншаллаһ қабыл болады. Біз ең болмағанда Аллаһқа бұрылайық. Оның жолында болайық. Намазды барлық жағдай мен шарттарда оқуға тырысайық. Намаз оқу – ең негізгісі. «Қабыл болды ма, болмады ма» деп Аллаһу та’аламен саудаласатын жағдайда емеспіз. Құлдың міндеті – әмір етілгенді орындау. Қабыл ету немесе қабыл етпеу – Аллаһу та’аланың ісі. |
|
Сауатсыз, ақымақ, діни білімі болмағандар қажетсіз ашулануды, ерегісуді, шу көтеруді «ерлік», «намысшылдық» дейді. Ашушаңдық деген жаман мінездерін жақсы қылып көрсетуге тырысады. Ашуланудың, жынданудың жақсы екендігін айтады. Бұлай ойлау сауатсыздыққа жатады. Бұл дінді білмеу деген сөз. Ашуланумен, айқай-шу көтерумен, дөрекілікпен ешкім нәтиже көре алмайды. Ашулану, жындану рухты қинауымен қатар, денеге де зиянын тигізеді. Сондықтан дініміз ашуланбауды, жынданбауды әмір еткен. Хадис шәрифте: «Ашуланған адам тұрған болса, отырсын. Ашуы басылмаса, онда жатсын!» делінген. Тұрған адамның өшін алуы оңай. Отырғанда бұл мүмкіндік азаяды. Жатқан кезде тағы азаяды. Ашушаңдық тәкәппарлықтан туындайды. Жату тәкәппарлықтың азаюына себеп болады. Ашуланған кезде «Аллаһуммағфирли зәнби уә әзһиб ғайза қалби уә әжирни минәшшайтан» дұғасын оқу хадис шәрифте әмір етілген, мағынасы: «Йа, Раббым! Күнәмді кешір. Мені бойымдағы ашушаңдықтан және шайтанның уәсуәсасынан құтқар!» Ашушаң адаммен жылы мәміледе бола алмайтын кісі оның қасынан кетіп қалуы, онымен кездеспеуі керек. Хазреті Хасан мен хазреті Хусейн бір күні шөл далада кетіп бара жатқан еді. Бір қарт кісіге кезігіп, оның дәрет алып жатқанын көрді. Бірақ ол кісі дәретін дұрыс алмай, шарттарын орындамаған еді. Жасы үлкен, қария болғандықтан «Дәретіңіз дұрыс емес» деп те айта алмады. Сөйтіп қасына барып, сәлемдескеннен кейін: - Құрметті ақсақал! Біз дәретті жақсылап алуда бір-бірімізбен жарысып қалдық. Біз дәрет алайық, ал сіз бізге қайбіріміздің дәреті дұрыс екенін айтасыз ба? – деді. Алдымен хазреті Хасан, кейін хазреті Хусейн жақсылап дәрет алды. Қария мұқият қарап тұрды. Кейін оларға: - Балаларым! Дұрыстап дәрет алуды қазір сендерден үйрендім, – деді. Ибраһим алейһиссалам екі жүз мәжусиге (отқа табынушыларға) дастархан жайып ас берді. Астан кейін мәжусилер разы болып «Бізден не сұрасаңыз да, істейік» деді. Сонда Ибраһим алейһиссалам: - Сендерден бір ғана тілегім бар, менің Раббыма бір рет сәжде етулеріңді сұраймын, – деді. Қонақтар өзара ақылдасып: - Бұл кісінің жомарттығын, сый-сияпатын бәріміз білеміз. Олардан мақрұм қалмайық. Оны ренжітпей, өтінішін орындап, бір сәжде жасайық, кейін қайтадан өз сенімізді жалғастыра береміз. Еш зияны тимес, – десті. Сөйтіп бәрі сәждеге жығылды. Олар сәждеде жатқанда Ибраһим алейһиссалам: «Йа, Раббым! Шамам жеткені осы! Оларға бұдан артығын жасату қолымнан келмейді. Оларды хидаятқа, бақыт жолына түсіру тек қана сенің құдіретіңде. Оларға иман нәсіп ете гөр!» – деп дұға етті. Дұғасы қабыл болып, бәрі иман келтірді. Иә, адамдарға пайдалы болу тек қана дөрекіліктен, ашушаңдықтан ұзақ болып, жұмсақтықпен, жылы сөзбен, күлімдеумен жүзеге асады. |