ШӘУАҺИД-УН НУБУВВӘ – 149 «ИМАМ ӘЛИ БИН ӘБИ ТАЛИБ (радиаллаһу анһ) (10)»

1 view
Skip to first unread message

Islamdini.kz

unread,
Jun 18, 2022, 12:25:23 AM6/18/22
to islam...@googlegroups.com

cid:image001.jpg@01D6F40A.DC6F4BA0

ШӘУАҺИД-УН НУБУВВӘ – 149 «ИМАМ ӘЛИ БИН ӘБИ ТАЛИБ (радиаллаһу анһ) (10)»

∙ Бір салих кісі былай риуаят еткен: «Бір түні түсімде қиямет басталып, барлық адамдар есепке тартылу үшін жиналғанын көрдім. Сырат көпіріне қарай барып, сыратты өттім. Расулуллаһты (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) Кәусәр хауызының қасында көрдім. Хазреті Хасан және хазреті Хусейн (радиаллаһу анһума) адамдарға су таратып жүрген еді. Маған да су берсін деп жақындадым. Маған су бермеді. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) «Олар саған су бергісі келмейді» деді. «Неліктен, йа, Расулаллаһ?» деп сұрағанымда, «Сенің бір көршің бар. Әлиге (радиаллаһу анһ) қарғыс айтып, жаман сөздер айтады, ал сен оған бөгет болмайсың» деді. Мен «Йа, Расулаллаһ! Менің оған бөгет болуға шамам жетпейді, мені өлтіруінен қорқамын» дедім. Сонда Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) маған пышақ берді де, «Бар, оны өлтір» деді. Түсімде сол көршіме барып, оны өлтірдім. Қайтып келіп, «Йа, Расулаллаһ, бұйрығыңызды орындадым» дедім. Сонда Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) хазреті Хасанға қарап: «Йа, Хасан, мынаған су бер» деді. Хазреті Хасан маған су берді. Су ыдысын қолынан алдым. Бірақ су ішкенім есімде жоқ. Кейін оянып кеттім. Дәрет алып, таңға дейін намаз оқыдым. Таңертең бірнеше адам өзара «Пәленшені осы түні төсегінде өлтіріп кетіпті» деп сөйлескен еді. Қазының адамдары келіп, көршілерден бірнеше кінәсіз адамды ұстап алып кетті. Мен өз-өзіме «Субханаллаһ! Бұл қандай түс болғаны, ақиқатқа айналып кетті» дедім. Қазы «Сен не айтып тұрсың?» деп таңқалды. Мен «Түс көрдім, Аллаһу та'ала сол түсімді ақиқатқа айналдырды. Менің күнәм қандай?» деп түсімді қазыға айтып бердім. Қазы маған «Аллаһу та'ала саған қайырлы марапат берсін. Сен де кінәсізсің, ұстаған адамдарың да кінәсіз» деді».

∙ Әли бин Зәйд (радиаллаһу анһума) былай айтып берген: «Саид бин Мусәйиб (радиаллаһу анһ) маған біреуді көрсетті. «Бар, сол адамды көріп кел» деді. Мен «Сен ол туралы айтып бер, мен көріп келейін» дедім. «Ол адам Расулуллаһтың сахабалары хазреті Әли және хазреті Осман (радиаллаһу анһума) жайлы лайықсыз жаман сөздер айтады» деді. Мен Аллаһу та'алаға жалбарынып, «Йа, Раббым, егер хазреті Османның және хазреті Әлидің (радиаллаһу анһума) сенің дәргейіңде қадірі мен абыройы бар болса, маған белгі бер» дедім. Әлгі адамның жүзі қап-қара болып кетті».

∙ Мәдинада бір адам бар еді. Хазреті Әли (радиаллаһу анһ) туралы жаман сөздер айтатын. Сад бин Малик (радиаллаһу анһ) оны қарғады. Әлгі адам түйесін мешіттің сыртына байлап, өзі мешітке кіріп жамағаттың арасына отырған еді. Түйесі орнынан секіріп, асауланып мешітке кірді. Әлгі адамды кеудесімен басып, әбден езгені сонша, адам өліп қалды.

∙ Әбу Абдуллаһ бин Қайим Жәузия «Китабур-рух» атты еңбегінде Ибн Әбиддунияның «Китаб-ул мәнамат» кітабынан риуаят еткен. Ол болса құрайштық бір қариядан риуаят етті. Қария былай айтып берген: «Шамда бетінің бір жағы қара адамды көрдім. Ол бетінің қара жағын әрдайым жауып жүретін. Неліктен беті сондай болғанын сұрадым. Ол «Әр сұраған адамға жағдайымды айтамын деп Аллаһу та'алаға сөз бергенмін» деді де айтып бере бастады: «Мен хазреті Әли (радиаллаһу анһ) туралы өте жаман сөздер айтатынмын. Бір түні түсімде бір адам келіп, «Сен мен туралы жаман сөздер айтып жүрсің бе?» деп бетімнің бір жағын бір нәрсемен ұрды. Таңертең бетімнің ұрған жағы қарайғанын көрдім».

∙ Хусейн бин Әли (радиаллаһу анһума) былай айтып берген: «Мәдина әкімі Ибраһим бин Хишам әл-Махзуми әр жұма күні бізді мінбердің айналасына жинап, хазреті Әли (радиаллаһу анһ) туралы лайықсыз сөздер айтатын. Сондай бір жұма күнінде мешіт тола еді. Мен мінбердің қасында отырған едім. Ұйықтап қалыппын. Түсімде Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) қабірі ашылғанын көрдім. Маған «Ей, Абдуллаһ! Мына адамның айтқандарына ренжисің бе?» деп сұрады. Мен «Иә, ренжимін» дедім. Көзіңді аш, Аллаһу та'ала оған не істейтінін қара!» деді. Көзімді аштым, ол тағы хазреті Әли (радиаллаһу анһ) туралы лайықсыз сөздер айтып жатқан еді. Кенеттен мінберден құлап өлді».

(Жалғасы бар...)

cid:image002.jpg@01D6F40A.DC6F4BA0

www.islamdini.kz

Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz

Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com

 

image001.jpg
image002.jpg
Reply all
Reply to author
Forward
0 new messages