|
91) ӘБУТТУФӘЙЛ: Есімі Амир бин Уасилә. Сахаба. Хазреті Әлидің сұхбатына қатысатын. Хазреті Хусейннің өлтірілуіне байланысты дау шығарған Мұхтармен бірге шайқасқан. Мұхтар ұсталып өлтірілген соң, бұл іске араласпады. Меккеде хижреттің жүзінші жылы бір тойда ұлы қайтыс болғанда оқылған қасида оқылып жатқанда қайғыдан қайтыс болды. Асхаби кирамнан жер жүзінде ең соңғы қайтыс болған осы кісі. 19, 252. 92) ӘБУ УБӘЙДА БИН ЖӘРРАХ: Есімі Амир бин Абдуллаһ. Асхаби кирамның ұлыларынан. Барлық соғысқа қатысып, үлкен ержүректік көрсеткен. Хазреті Әбу Бәкір мен Омар замандарында Шамдағы әскерде көп қаһармандық көрсетті. Сол әскердің қолбасшысы болып, Шамды жаулап алды. Әділеттігі румдықтарға таңданыс тудырды. Ол Ашәрә-и мубашшарадан еді. 18 жылы 58 жасында Рәмлә мен Құдс арасында оба ауруынан қайтыс болды. 113, 114, 115, 166, 172, 185, 199, 203, 215, 251, 258, 323. 93) ӘБУ ЮСУФ: Яқуб бин Ибраһим ансари – ханафи мазһабындағы мүжтәһидтердің ең ұлысы. Ханафи мазһабында алғаш кітап жазған осы кісі. 113 [м.731] жылы Куфада дүниеге келіп, 182 [м.798] жылы Бағдатта қайтыс болды. Халифа Мәһди, Хади және Харун Рашид замандарында он сегіз жыл Бағдатта бас қазы, яғни апелляциялық сот басшысы болды. Үлкен хадис ғалымы еді. Өте ақылды, зерек, көреген еді. Юсуф есімді ұлы да ғалым еді. Харун заманында әкім болған. Әбу Юсуф жетім болып, анасы өте кедей еді. Имам Ағзам Әбу Ханифа (рахметуллаһи алейһ) оның зеректігін байқап, өзіне шәкірт қылып алды. Үйінің барлық қажеттіліктерін жылдар бойы молынан Имам Ағзам қамтамасыз етіп тұрды. Анасы сонда да бөгет болғысы келді. Имам Ағзам: «Ұлың мұнда аш емес. Бұл жерде сары май, бадам мен пісте езбесін жеуді үйреніп жатыр» деген. Имам Әбу Юсуф қазы кезінде сарайда халифамен отырған еді. Сол кезде сары май, бадам мен пісте езбесі қойылды. Харун «Дәм алыңыз! Бұл көп келе бермейді» деді. Әбу Юсуф күлді. Харун себебін сұрағанда бала кезіндегі Имам Ағзамның сөзін айтып берді. Имамға екеуі рахметпен дұға етті (рахимә-һумуллаһу та'ала). 45, 50, 53, 59, 83, 105, 237, 360, 409. 94) ӘБУ ЗӘР ҒИФАРИ: Асхаби кирамның ұлыларынан және алғаш иманға келгендерден. Қауымын исламға шақыруға кеткендіктен хижретке және Бәдір, Ухуд, Хандек соғыстарына қатыса алмады. Кейін Мәдинаға келді. Хазреті Әбу Бәкір қайтыс болғанда Шамға орналасты. Хазреті Осман заманында Рәбдәға кетті. 32 жылы сол жақта қайтыс болды. Абдуллаһ бин Мәсуд хазрет достарымен сол жерден өтіп бара жатқан еді. Жаназада қызметін атқарды. Оның тақуалығы мен адалдығы хадис шәрифпен мақталған (радиаллаһу та'ала анһ). 27, 68, 100, 105, 106, 113, 192, 208, 241, 250, 251. 95) ӘБУ ЗУРАТ-УР РАЗИ: Абдуллаһ Рази – Имам Мүслимнің ұстазы. 264 [м.878] жылы қайтыс болды. 15. 96) ӘНӘС БИН МАЛИК БИН НАДР АНСАРИ: Расулуллаһтың қызметшісі еді. Тоғыз жасында қызметін бастады. Он жыл қызмет етті. Екі мың екі жүз отыз хадис шәриф риуаят етті. Жүзден көп балалары мен немерелерін көрді. Жүз жасынан асқан шақта 93 жылы қайтыс болды. Намаз оқуы Расулуллаһтың намаз оқуына қатты ұқсайтын. Имам Маликтың әкесі Әнәс басқа кісі. 19, 40, 62, 74, 105, 122, 163, 165, 167, 185, 231, 242, 250, 252, 378, 379, 397. 97) ӘСМА БИНТИ ӘБУ БӘКІР: Хазреті Әбу Бәкірдің үлкен қызы. Ашәрә-и мубашшарадан Зубәйр бин Аууамның жұбайы. Абдуллаһ бин Зубәйрдің анасы. Ұлының шәһид болуынан кейін көп ұзамай жүз жасында Мәдинада қайтыс болды. 99, 305, 323. 98) ӘШРӘФ ТАТАР: Мысырда 652 [м.1254] жылы құрылған Түркімен мемлекетінің жиырма екі сұлтанының көбін «Әшрәф» деп атайды. Олардан Мәлик Насыр Әшрәф Мұхаммед бин Калауын – тоғызыншы сұлтан. Әкесі Әшрәф Сәйфәддин Қалауын Капчактан Мысырға әкелініп, мың алтынға құл ретінде Әйюби сұлтаны Мәлик Нәжмеддинге сатылған еді. Уәзір болған кезінде жақсы басқаруымен, көркем мінезімен көзге түсіп, бәрі оны жақсы көрген болатын. 678 жылы сұлтан болған еді. 689 жылы қайтыс болып, орнына ұлы Әшрәф Салахаддин Халил отырды, дегенмен 693 жылы өлтірілді. Інісі Насыр Әшрәф Мұхаммед бин Калауын тоғыз жасында таққа отырды. Он бес айдан кейін қамауға алынды. 699 жылы сұлтан Лашын өлтірілгенде екінші рет таққа отырды. Ол әділ және жомарт еді. Христиандар көк, яһудилер сары сәлде киіп мұсылмандардан ажыратылып жүруін әмір етті. Бирежикте Ғазан ханның әскерімен соғысып, татар әскері кері шегінді. Жеті жүз сегізінші жылы қажылыққа кеткенде тағын оның қолбасшысы Бейбарс II. Рукнеддин алды, дегенмен шамдықтар Әшрәф Мұхаммед Насырды жеті жүз тоғызыншы жылы үшінші рет таққа отырғызды. Бейбарс ІІ. Рүкнеддинді ұстап алып өлтірді. 728 жылы Харам шәрифті жөндеуден өткізіп, қағбаға эбен ағашынан күміспен безендірілген есік жасады. Сол жылы Кипр аралын жаулап алды. Ол 741 [м.1339] жылы қайтыс болды. Мысыр жеті жүз тоқсан үшінші жылы түркімендерден шығып, черкестердің қолына өтті. Тоғыз жүз жиырма үшінші жылдың бірінші күні Явуз Сұлтан хан заманында османлылардың қолына өтті. Османлы патшалары халифа болуды бастады. 63. (Жалғасы бар...) |
|
Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com |