|
Тирмизи мен Хаким (рахимә-һумуллаһу та'ала) хабар берген хадис шәрифте: «Аллаһу та'ала төрт адамды жақсы көретінін маған білдірді. Ол төртеуін жақсы көруді маған әмір етті. Олар Әли, Әбу Зәр, Миқдад және Салман» делінген. Табарани, Хаким және Абдуллаһ бин Мәсуд хабар берген хадис шәрифте Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм): «Әлиге қарау ғибадат» деді. Бұхари мен Мүслимдегі Бәра хазрет хабар берген хадис шәрифте Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) хазреті Хасанды иығына отырғызып: «Йа, Раббым! Мен оны жақсы көремін. Сен де жақсы көр!» деді. Бұхари жеткізген және хазреті Әбу Бәкір хабар берген хадис шәрифте Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) мінберге шыққан еді. Хазреті Хасан (радиаллаһу та'ала анһ) құшағында еді. Бір бізге, бір Хасанға кезекпен қарап: «Мына менің ұлым сәйид. Аллаһу та'ала бәлкім онымен екі мұсылман әскерін татуластырады» деді. Тирмизи хабар берген хадис шәрифте Усама бин Зәйд айтып беруі бойынша, Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) Хасан мен Хусейнді тізесіне отырғызып, «Бұл екеуі менің ұлдарым және қызымның ұлдары. Йа, Раббым! Мен бұл екеуін жақсы көремін. Сен де жақсы көр. Оларды жақсы көргендерді де жақсы көр» деген еді. Тирмизи хабар берген хадис шәрифте Әнәс бин Маликтың айтуынша, Расулуллаһтан (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) әһли бәйттен (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) қайбірін көбірек жақсы көретіні сұралғанда «Хасанды және Хусейнді» деп жауаптады. Мусаууир бин Мухаррам хабар берген хадис шәрифте: «Фатима (радиаллаһу та'ала анһа) менің бір бөлшегім. Оны ренжіткен адам мені ренжіткен болады» делінген. Хаким жеткізген және Әбу Хурайра хабар берген хадис шәрифте: «Фатиманы Әлиден көбірек жақсы көремін және Әли маған Фатимадан қадірлірек» делінген. Айша (радиаллаһу анһа) айтып берген: «Асхаби кирам сыйлықтарын менің үйімде болғанда әкелетін. Осылайша Расулуллаһтың сүйіспеншілігіне қол жеткізуге тырысатын». Тағы былай айтып берген: «Расулуллаһтың мүбәрәк жұбайлары екіге бөлінген. Бірінші топта мен, Хафса, Сафия және Сәуда бар еді. Екінші топта Умми Сәләмә мен қалған жұбайлары бар еді. Екінші топтағылар Умми Сәләмәні Расулуллаһқа жіберіп, сахабаларына «Маған сыйлық бергісі келгендер мен қай үйде болсам, сол жерге әкелсін» деп бұйыруын айтуын сұрады. Умми Сәләмә мұны айтқанда: «Мені ренжітпеңдер! Маған періште уахиды тек Айшаның үйінде болғанымда ғана әкеледі» деді. Умми Сәләмә: «Йа, Расулаллаһ! Сізді ренжітуден Аллаһқа сыйынамын. Тәубе еттім» деді. Әлгі жұбайлары тағы хазреті Фатиманы да жіберіп, солай айтқанында: «Ей, қызым, менің сүйіктімді сен жақсы көрмейсің бе?» деді. Фатима (радиаллаһу та'ала анһа) «Иә» дегенінде: «Олай болса оны жақсы көр!» деді. Айша (радиаллаһу анһа) айтып берген: «Хадишаға (радиаллаһу та'ала анһа) сүйсінгенімдей Расулуллаһтың ешбір жұбайына ынта білдірген емеспін. Алайда оны көрмегенмін. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) оның есімін көп айтатын. Көбінесе қой сойған кезде етті Хадишаның жақындарына сыйлық қылып жіберетін. Хадишаның есімін атаған кезде: «Дүниеде Хадишадан басқа әйел жоқ па?» дейтінмін. Сонда: «Ол сондай еді, осындай еді. Менің одан балаларым туылды» дейтін». Абдуллаһ бин Аббас хабар берген хадис шәрифте: «Аббас менен. Мен де Аббастанмын» делінген. Дәйләми жеткізген және Әбу Саид хабар берген хадис шәрифте: «Менің балаларыма, ұрпағыма тіл тигізіп мені ренжіткендерге Аллаһу та'ала көп азап береді» делінген. Хаким жеткізген және Әбу Хурайра (радиаллаһу та'ала анһ) хабар берген хадис шәрифте: «Сендердің ең жақсыларың менен кейін жақындарыма, яғни әһли бәйтіме жақсылық жасағандарың» делінген. Ибн Асакир жеткізген және хазреті Әли хабар берген хадис шәрифте: «Әһли бәйтіме тиіскен адамға қиямет күні мұның азабы жеткілікті» делінген. Ибн Ади мен Дәйләми жеткізген және хазреті Әли (радиаллаһу та'ала анһ) хабар берген хадис шәрифте: «Сырат көпірінен ең оңай өтетіндерің әһли бәйтімді және сахабаларымды көп жақсы көргендерің» делінген. [Имам Раббанидың (рахметуллаһи та'ала алейһ) хатының аудармасы осы жерде тәмәм болды]. (Жалғасы бар...) |
|
Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com |