ШӘУАҺИД-УН НУБУВВӘ – 169

3 views
Skip to first unread message

Islamdini.kz

unread,
Sep 30, 2022, 11:58:00 PM9/30/22
to islam...@googlegroups.com

cid:image001.jpg@01D6F40A.DC6F4BA0

ИМАМ МҰСА КАЗЫМ БИН ЖАФӘР (радиаллаһу анһ) (2)

∙ Сенімді кітаптарда Шақиқ Бәлхидің (қуддиса сиррух) былай айтып бергені риуаят етілген: «Қажылыққа бара жатқан едім. Жолда Фарисияға кірдім. Ол жақта жүзі сұлу, бидай реңді, жүн шапан киген, басында сәлдесі және аяғында налын (аяқ киім түрі) бар жас жігіт көрдім. Адамдардан бөлек жерде жалғыз отырған еді. Өз-өзіме «Ол сопы болса керек. Бұл жолда ол мұсылмандарға жүк болғысы кеп жүр-ау. Барып оны біраз жазғырайын» деп ойладым. Қасына жақындағанымда маған «Ей, Шақиқ!» деп есімімді атап, «Ей, иман келтіргендер! Күмәннен аса сақтаныңдар. Өйткені, күмәннің бір бөлігі күнә...» деген [Хужурат сүресінің 12-ші] аяти каримасын оқыды. Кейін орнынан тұрып, бір жаққа кетті. Өз-өзіме «Бұл кісі салих адам болуы керек, менің есімімді және ойымды біліп қойды» дедім. Кешірім сұрайын деп артынан жүрдім. Қанша тез жүрсем де оған жете алмадым. Келесі тұраққа жеткенде оны тағы көрдім. Намаз оқып тұрған және бүкіл денесі дірілдеген еді. Көзінен жас аққан еді. Намазын аяқтаған соң барып кешірім сұрайын деп күттім. Намазын бітірген соң жақындадым. Маған «Ей, Шақиқ» деп «Шынында мен тәубе етушіні, сеніп жақсы амал жасап, тура жолға түскенді кешіремін» деген [Таха сүресінің 82-ші] аяти каримасын оқыды. Кейін мені қалдырып, ол жақтан кетіп қалды. Өз-өзіме «Бұл жігіт әулие болса керек, екінші рет есімімді және ойымды біліп қойды» дедім. Одан кейін оны басқа тұрақта тағы көріп қалдым. Бір құдық басында қысқа жіпті шелекпен су шығарғысы келген еді. Шелегі құдыққа түсті. Қолын жайып «Аллаһым! Сен менің Раббымсың. Шөлдеген және қарным ашқан кезде күш-қуат беретін сенсің. Аллаһым, сенен басқа бұларды маған беретін ешкім жоқ. Маған су және тамақ нәсіп ет» деп дұға етті. Құдықтың суы көтерілді. Ол қолын созып, шелегіне су толтырды. Дәрет алып, төрт рәкат намаз оқыды. Кейін үйіліп тұрған құмға барып, қолымен шелегіне құм салды да, шайқап ішті. Қасына жақындап, сәлем бердім. Сәлеміме жауап берді. «Аллаһу та'ала саған нәсіп еткен ниғметтердің артылғанын маған да бер» дедім. «Аллаһу та'аланың ниғметтері бізге жасырын және ашық күйде әрдайым келеді. Аллаһу та'алаға жақсы ойда бол» деді де, шелегін маған берді. Ішінде қуырылған бидай мен шекер бар еді, соны іштім. Шөлім қанып, тойып қалдым. Одан тәтті ештеңе ішкен емеспін. Меккеге барғанша оны көрмедім. Меккеде түннің ортасында оны көрдім. Намаз оқып тұрған еді. Құштарланып, ыңырсып жылап тұрған еді. Түні бойы солай жалғасты. Таң намазының уақыты кіргенде таң намазын оқып, қағбаны тауаф етті де, сыртқа шықты. Мен де артынан бардым. Артында қызметшілері бар екен. Адамдар оның айналасына жиналды. «Бұл кісі кім?» деп сұрадым. «Ол Мұса Казым бин Жафәр бин Мұхаммед бин Әли бин Хусейн бин Әли бин Әбу Талиб (радиаллаһу анһум әжмаин)» деген жауап алдым. «Жолда бұл кісіден осындай-осындай ғажайып жағдайлар көрдім» деп едім, «Бұл жағдайлар бұл сәйид үшін ғажайып және ерекше жағдай емес» десті».

(Жалғасы бар...)

cid:image002.jpg@01D6F40A.DC6F4BA0

www.islamdini.kz

Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz

Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com

 

image001.jpg
image002.jpg
Reply all
Reply to author
Forward
0 new messages