|
Сұрақ: Өз ақылымызды қолданып тура жолды таба алмаймыз ба? Жауап: Ақылымызға жүгінетін болсақ, дұрыс жолды табуымыз өте қиын болады. Әр топтағы адам «Осы топ дұрыс жолда» деп соған кірген. Бұл мәселеде сәлим болмаған ақыл өлшем бола алмайды. Егер өлшем болса, онда 72 адасқан топ пайда болмас еді. Діни немесе дінсіз топтарға қосылғандар да өз ақылдарын қолданып сол топтарды таңдаған. Дұрыс жолды табу үшін ақыл қолданылатын болса, онда адамның санындай ағым пайда болады. Аллаһу та'ала Ислам дінін дұрыс үйренуге талпынған адамға соны нәсіп ететінене уәде берген. Раббымыз уәдесінен қайтпайды. Сондықтан «Йа, Раббым! Саған сенемін, сені және пайғамбарларыңды жақсы көремін. Ислам білімдерін дұрыс үйренгім келеді. Маған осыны нәсіп ет, мені дін дұшпандарына алданудан қорға!» деп дұға ету керек, истихара жасау қажет. Аллаһу та'ала оған дұрыс жолды көрсетеді. Барлық мұсылмандардың дәл осылай дұға етуден тартынбауы керек. «Йа, Раббым, қай топтағы мұсылмандар дұрыс жолда болса, сенің разылығың қайбірінде болса, маған соны нәсіп ете гөр!» деп дұға ету керек. Дұға еткенде дұғаның шарттарына мән беру қажет. Шарттарына сай дұға етілгенде дұға қабыл болады. Дұға қабыл болғанда дұрыс болған хақ жол табылған болады. |
|
Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com |
|
Сұрақ: Саудада өлшеу құралдарында, таразыда қулық жасауға, адамдарды алдауға дініміз тыйым салған ба? Жауап: Бұл туралы «Кимия-и саадәт» кітабында былай делінеді: Өлшегенде, таразыға тартқанда қулық жасамау, тура өлшеу керек. Құран кәрімде «Мутаффифин» сүресінің бірінші аятында: «Бергенде кем қылып, алғанда артығымен өлшегендерге ауыр азап беремін» делінген. Ғұламаларымыз үнемі алғандарын біраз кем, бергендерін біраз артығымен өлшейтін. «Осы аздаған айырмашылық тозақ пен біздің арамыздағы перде» дейтін. Мұны дәлме-дәл дұрыс өлшей алмаудан қорыққанынан істейтін. «Жеті қабат жер мен жеті қабат аспан аумағындай жәннатты бірнеше теңгеге сатқандар неткен ақымақ. Бірнеше арпа дәніне бола тозақ азабына душар болғандар неткен ақымақ» дейтін еді. Расулуллаһ алейһиссалам не сатып алса да ақшасын біраз артығымен беретін. Фудайл бин Ияд хазрет ұлының сатып алған тауарларының ақысы ретінде беретін алтындарының кірін тазалап отырғанын көріп: «Ей, ұлым! Бұл істеп отырған ісің саған екі нәпіл қажылықтан және екі умрадан да пайдалы» деді. Ғұламаларымыз айтқанындай: «Пасықтардың ең жаманы – алғанда көп, сатқанда аз етіп өлшейтіндер. Матаны сатып алғанда бос ұстап, ал сатқанда тартып тұрып өлшейтіндер де сондай. Сүйегін әдеттегісінен көбірек салып жіберетін қасапшылар да сондай болады. Дәнді дақылдардың арасына топырақ араластырып сататындар да осыған жатады. Тауардың жақсысы мен жаманын араластырып, барлығы жақсы деп сататын саудагерлер де осыған кіреді. Бұлардың барлығын істеу харам болып табылады. Сауда-саттықта барлық адамның алдында адал (турашыл) болу уәжіп. Тіпті, өзі естігісі келмейтін сөзді өзгелерге де сөйлемеу керек. Осындай харамдардан құтылу үшін өзін дін бауырынан жоғары көрмеу керек. Мұны әркім істей алмайды. Сондықтан да Аллаһу та'ала «Бәрің тозаққа түсесіңдер!» деген. Бірақ әркім Аллаһу та'аладан қорыққанына қарай ол жақтан тез немесе кеш құтылады». |
|
Сұрақ: Мен намазды енді бастап үйреніп жүрмін. Әзірше тек таң намазын оқудамын. Кей адамдар «Ғибадатты не толық орында, не мүлде жасама, олай дінмен ойнауға болмайды!» дейді. Алайда адамның қолынан келгенше орындауы мүлдем орындамаудан жақсы емес пе? Күнә істерден толық бастарта алмаған адам ең болмағанда азайтса, ол да жақсы емес пе? Жауап: Мүлдем ғибадат етпегеннен гөрі аз ғибадат етудің өзі олжа. Мұсылмандық әсте әсте делінеді. Енді дінге бет бұрып келе жатқан адамды «толық істемесең мүлдем істеме» деп райынан қайтару дұрыс емес. Аллаһу та’ала бір хадис құдсиде былай деген: «Кімде-кім Мен жаққа қарай бір қадам тастаса, Мен оған он қадам жақындаймын». Ғалымдарымыздың да «Бір нәрсені толық орындай алмасаң, ең болмағанда барынан да айрылып қалма!» деген сөздеріне сүйенетін болсақ, ең болмағанда қолдан келгенше, аздап болса да әмірлерді орындауға тырысып, тыйымдардан сақтануға тырысу әрине дұрыс. Кейін уақыт өте келе осылардың құрметіне толықтай орындауы нәсіп болатыны үміт етіледі. Бірнеше күнәға булыққан адам біреуінен бастартқысы келсе, оған «Басқаларын да тастамайтын болсаң, онда ол күнәңді де істей бер, бастартпа» деуге болмайды. Күнәлар қаншалықты азаятын болса, соншалықты жақсы болады. Аллаһтан қорқып, күнәдан тыйылу иманның белгісі. Хадис шәрифте: «Өмірінде бір рет Аллаһу та'аланы еске алған немесе Одан қорыққан мұсылман тозақтан шығады» делінген. (Тирмизи). Күнә істеуден бастарта алмай жүрген адам ораза тұтып немесе зекетін беріп жүрген болса, оған «Ең болмағанда осы амалдарыңды қалдырма!» деу керек! Бұл ғибадаттарын да орындамайтын болса, діннен толықтай алыстауы мүмкін. Қорқыта бергеннен гөрі сүйіншілеуші болу керек. Хадис шәрифтерде айтылған: «Аллаһу та'аланың мейірімінен үмітті үзіп, дінді жаман жағынан көрсететіндерге лағнет болсын!». (Шира). «Оңайлатыңдар, қиындатпаңдар, сүйінші айтыңдар, жирендірмеңдер, қорқытпаңдар!». (Мүслим). Бір жігіт пайғамбарымызға: «Йа, Расулаллаһ, мына үш күнәмді тастай алмай жүрмін» деп келді. Ол үш күнә өтірік айту, зина және ішкілік еді. Пайғамбарымыз «Бұл үш күнәдан өтірік айтуды мен үшін таста» деді. Жігіт келісті. Кейіннен басқа екі күнәні істегісі келгенде «Бұл күнәларды істеп, Расулуллаһтың алдына барғанымда «Істемедім» десем өтірік айтқан боламын. Егер істегенімді айтсам, мені жазалайды» деп ойлады. Басқа екі күнәдан да тыйылып, тақуалардың бірі болды. (Шира). Калима-и шаһадатты тілмен айтып, жүрекпен растаған адам – мұсылман. Ең үлкен күнәні істеген адам да мұсылмандықтан шықпайды. Хадис шәрифте айтылған: «Жәбрейіл (алейһиссалам) «Үмбетіңе сүйінші айт, ширкпен өлмеген адам жәннатқа кіреді» деді. Мен «Зина мен ұрлық жасаған адам да жәннатқа кіре ме?» деп үш рет сұрадым. «Иә, зина мен ұрлық жасаған адам да жәннатқа кіре алады» деді. Кейін «Ішкілік ішсе де жәннатқа кіреді» деді». (Бұхари). (Бұл күнәлардың жазасын тартқаннан кейін жәннатқа кіреді). Бұл сүйіншілер адамды күнә істеуге итермелемеу керек! Әр күнә жүректі қарайтады, адамды күпірге жетелейді және мәңгілік тозақта қалуға да себеп болуы мүмкін. Аллаһу та'аланың ашуы күнәлардың арасында жасырылған. Сондықтан барлық күнәдан сақтану керек. Бәлам Баура көп ғибадат ететін үлкен ғалым бола тұра бір күнәнің кесірінен кәпір болды. Күнә істеп қойған адам дереу өкініп, тәубе етуі қажет! (К.Саадәт).
Діннен жирендіру Сұрақ: «Сүйіншілеңдер, жирендірмеңдер» деген хадиске қарамай «Қарсы шықсаңдар немесе пәлен күнәні істесеңдер, тозаққа түсесіңдер» дегендей аяттар мен хадистерді айту діннен жиренуге, алыстауға себеп болмай ма? Екеуі бір-біріне қайша емес пе? Жауап: «Жирендірмеңдер, қорқыта бермеңдер» дегені «Әмри маруф пен нәһий мүнкәрді (дінді уағыздауды) тастаңдар, күнәға берілетін жазаны айтпаңдар» деген сөз емес. Бұларды айтпау ілімді жасыру болып саналады. «Әмри маруф жасағанда мұны Аллаһ үшін істеңдер, нәпсілеріңді араға салып, адамдардың діннен жиренуіне себеп болмаңдар, жұмсақ түрде жеткізіңдер, күнә істеушілердің кәпір болмайтынын, шын көңілімен және шарттарына сай тәубесіне келгендердің кешірілетінін де айтыңдар» деген сөз. Аллаһу та'аланың азабының ауыр екенін хабар беретін аяти карималар мен хадис шәрифтерді айту «Жирендірмеңдер, қорқытпаңдар» деген хадис шәрифке қайшы емес. Аяти карималар бір-біріне қайшы болмайды. Хадис шәрифтер де аяти каримаға қайшы келмейді. Мұсылманның Аллаһу та'аланың азабынан қорқуы керек және мейірімінен үміт үзбеуі қажет. Ертең ахиретте кәпірлер «Бізге дүниеде Аллаһтың азабы бар екенін ешкім айтпады» десе, қандай жауап беріледі? Құран кәрімдегі азап аяттары (Аллаһ сақтасын) қажетсіз бе? Ешкімге айтылмауы керек пе? Күнә істеушілерге жаза берілетінін хабар беретін хадис шәрифтерді жасыру керек пе? «Жирендірмеңдер, қорқытпаңдар» хадис шәрифін теріс қолданатын, яғни жаман тұрғыда пайдаланатын адамдар атеист болып, өздерін гуманист деп атап жүрген адамдар. Аллаһу та'аланың азабы ауыр. Бірнеше аяти кариманың мағынасы мынадай: «Аллаһқа және Расулына сенбеген адам (кәпір болады және) кәпірлерге үлкен от дайындадық». (Фәтх 13). «Аллаһқа және Расулына қарсы шыққан адам Аллаһтың азабы өте ауыр екенін білсін». (Әнфал 13). «Құлдарыма хабар бер, мен Ғафур-ур Рахим (аса кешірімді және аса мейірімді) болғанымдай, азабым да өте ауыр, өте қиын». (Хижр 49-50). Күнә істеушілердің жазаланатынын хабар беретін хадис шәрифтер: «Зина және өсім жайылған қоғам Аллаһу та'аланың азабына лайық болады». (Хаким). «Аллаһу та'ала ішкілік ішкенді, ішкізгенді, алып-сатқанды, жасап шығарғанды, сақтағанды, тасығанды, өзіне алып келгенді және ақшасын жегенді лағнет етті». (Ибн Мажә). «Лиуата жасаушы – малғұн (лағнеттелген)». (И.Ахмед). |
|
Сұрақ: Бірдей күнә немесе сауап істелген жағдайына қарай азаяды немесе көбейеді ме? Жауап: Иә. Кейбір жерлерде, кейбір жағдайларда, кейбір күндер мен айларда ерекшеленеді. Мысалы жұма күні жасалған ғибадаттар да, күнәлар да екі еселеніп жазылады. Хадис шәрифте: «Сауаптардың арасында жұма күнінде және түнінде жасалғанынан құндырағы, күнәлар арасында да жұма күнінде және түнінде жасалғанынан жаманы жоқ» делінген. Рамазан айында бүкіл нәпіл ғибадаттарға берілетін сауап басқа айларда орындалған парыздар сияқты. Бұл айда жасалған бір парыз басқа айларда орындалған 70 парыз сияқты. Осы сияқты, ерекше жағдайлардан басқа, амалдардың жағдайы бірдей. Бір хадис шәрифтің мағынасы мынадай: «Амалдар жеті түрлі: 1) Екеуінің үкімі уәжіп. 2) Екеуі теңдей қайтарымын көреді. 3) Біреуі он есе сауапқа қауыштырады. 4) Біреуіне жеті жүз есе сауап беріледі. 5) Біреуінің сауабын тек Аллаһу та'ала ғана біледі. Бұлардың түсіндірмесі мынадай: 1) Сенімі мен амалдары дұрыс болған адамға жәннат уәжіп болады. Мүшрик болғанға тозақ уәжіп болады. 2) Бір күнә істеген кісіге бір күнә жазылады. 3) Бір жақсылық жасаған кісі он есе сауапқа қауышады. 4) Мал-мүлкін Аллаһ жолында жұмсаған кісіге жеті жүз есе сауап беріледі. 5) Ал ораза тұтқан кісінің сауабын Аллаһтан басқа ешкім білмейді.» (Хаким) Ғибадаттардың маңызына қарай дәрежелері Сұрақ: Дінімізде әмірлерді орындау және тыйымдардан сақтану мәселесінде маңыздылығы жағынан реті қандай, бұлардың өзара реттілігі бар ма? Жауап: Ислам дінінде ғибадаттардың маңызына қарай дәрежелері бар, мынадай: Бірінші дәреже: Ғибадаттардың ең құндысы және ең абзалы – харамдардан сақтану. Харамды көрген кезде бетін бұрған адамның жүрегін Аллаһу та'ала иманмен толтырады. Бір адам харам істеуге ниет етіп, ол харамды істемесе, оған күнә жазылмайды. Харам істеу Аллаһу та'алаға қарсы келу болғандықтан, одан сақтану ғибадаттардың ең абзалы болған. Ислам дінінде ешкім күнәхар немесе кәпір болып туылмайды. Онсыз да бұл ақылға қонымсыз. Екінші дәреже: Парыздарды орындау. Парыздарды тәрк ету үлкен күнә. Аллаһу та'аланың «Істеңдер» деп әмір еткен нәрселеріне «Парыз» делінеді. Парыздарды орындау өте құнды. Әсіресе парыздар ұмытылған, харамдар жайылған заманда парыздарды орындау одан да құндырақ болады. Парыздарды орындаушыларға үлкен сауап пен марапат бар. Үшінші дәреже: Тахримән мәкрухтардан, яғни харамға жақын мәкрухтардан сақтану. Тахримән мәкрухтардан сақтану уәжіптерді орындаудан құндырақ. Төртінші дәреже: Уәжіптерді орындау. Уәжіптерді орындау, парыз сияқты болмаса да, үлкен сауап. Уәжіптер парыз екені күмәнді болған ғибадаттар. Бесінші дәреже: Тәнзиһән мәкрухтардан сақтану. Тәнзиһән мәкрух дегеніміз – халалға жақын мәкрухтар. Алтыншы дәреже: Муәккәд сүннеттерді орындау. Сүннеттерді тәрк ету күнә емес. Үзірсіз (себепсіз) тұрақты түрде тәрк ету кіші күнә болады. Ал сүннетті ұнатпау күпір. Жетінші дәреже: Нәпілдер мен мүстаһабтар. Нәпілдерді орындау мұсылмандардың өз еркінде. Орындамаған, тәрк еткен кісіге жаза берілмейді, жақсы ниетпен орындаған кісіге сауап пен марапат бар. |
|
Сұрақ: Бай адамның ескі киім киюі дұрыс па? Жауап: Расулуллаһ алейһиссалам ескі киім киіп алған бір кісіден «Мал-мүлкің жоқ па?» деп сұрады. Әлгі адам мал-мүлкінің көп екенін айтқан кезде оған: «Аллаһу та'ала мүлік бергенінде бұл ниғметтің әсері үстіңнен байқалсын» деді. (Нәсаи). Екі хадис шәрифтің мағынасы мынадай: «Аллаһу та'ала бір пендесіне ниғмет бергенінде сол ниғметтің әсері пендесінің үстінде байқалғанын ұнатады». (Табарани). «Жақсы киім киіңдер, Аллаһу та'аланың сендерге берген ниғметтерінің әсері байқалсын!». (Табарани). Жамал мен сәндену – екеуі екі бөлік нәрсе. Жамал – ұсқынсыздықты кетіру, салмақты болу және шүкір ету мақсатында ниғметті көрсету деген сөз. Аллаһу та'ала жамал иесі болуды мақтаған. Жамал мақсатында таза, жақсы киімдер кию – мубах. Тәкәппарлану, мақтану үшін киіну харам болады. Мансап және абырой иелерінің, бай адамдардың, мысалы бас директорлардың, бастықтардың, кәсіпкерлердің қоршаған ортасындағы жағдайға қарай өте жақсы киімдер киюі қажет. Хазреті Омар «Екі түрлі киімдерің болсын, бірі сәнді, екіншісі қарапайым. Киімнің сәулетті, таза болуы адамның абыройын көрсетеді» деді. Ибн Омар хазрет те: «Қандай киім киейін?» деп сұраған бір адамға: «Төмен адамдардың мазақтауына, мәдениетті адамдардың сені кемсітуіне себеп болмайтындай түрде киін!» деген. Имам Ағзам хазрет 400 алтын құнындағы өте қымбат киім киетін еді. Шәкірттеріне жақсы киінуді бұйыратын еді. Имам Ағзам: «Хазреті Омардың жамалған шапан киюі мұсылмандардың әмірі болуы себебінен еді. Егер сәулетті киімдер кисе, онда үкімет қызметшілері де сәулетті киінетін еді. Кедейлері халықтан зұлымдықпен мал-мүлік тартып алар еді» деді. Хазреті Талха өте бай еді. Сәулетті киініп, ылғи көрікті болып жүретін еді. Жүзігінде өте қымбат жақұт тасы бар еді. Әһли хикмет ғұламалар «Сондай киім ки, сен оған емес, ол саған қызмет етсін!» деген. Адамдарға уағыз-насихат жүргізетін адамдардың жаңа, таза киім киіп, өздерін көріктендіруі ғибадат болады. Егер оларды ешкім құрметтемесе, сөздерін ешкім тыңдамайды. Өйткені надандар адамның сыртқы көрінісіне қарайды. Білімінің бар екеніне мән бермейді. Ал сәндену, мақтану үшін киіну харам болып табылады. Хадис шәрифтерде былай делінеді: «Сәнденуден сақтану – иманнан». (Ибн Мажа). «Сәндену және мақтану мақсатында киілген киімді мұсылман кісі үстінен шешкенге дейін Аллаһу та'ала оған мейірім танытпайды». (Табарани). «Аллаһу та'ала қарапайым киім киген адамды ұнатады». (Бәйһақи). «Тәкәппарлану және мақтану үшін атақты адамдар киетін киімді киген адамды Аллаһу та'ала сол киімдерімен бірге отқа тастайды». (Рузәйн). Демек, сәндену және мақтану үшін киіну харам болып табылады. Мансап, абырой иелері болмаған, бір айлыққа өмір сүретін адамдардың байларға, мансап иелеріне немесе өз шегін білмейтін көршілеріне еліктеп, мақтануға берілуі, үйлерін түрлі заттармен сәндеуі дұрыс емес.
Сары және қызыл киім Сұрақ: Ер адамдардың сары мен қызыл түсті киім киюі күнә бола ма? Жауап: Жоқ, күнә болмайды. Бір қаулы бойынша тәнзиһән мәкрух екендігі айтылған.
Ескі киім кию Сұрақ: Кітаптарда ескі киім кию мақталған ғой, неліктен адамдар жаңа және жақсы киімдер киіп жүр? Жауап: Ескі немесе жаңа киім кию ниетке қарай жақсы немесе жаман болады. Мубах болған істерде ниет маңызды. Ниет жақсы болса сауап, жаман болса күнә болады. Алайда харамдар, жақсы ниетпен жасалса да, харам емес болып қалмайды. Сәндену және мақтану мақсатында жаңа және сәулетті киім кию харам болып табылады. Хадис шәрифтерде былай делінеді: «Сәнденуден сақтану – иманнан». (Ибн Мажа). «Аллаһу та'ала қарапайым киімдерді киген адамды ұнатады». (Бәйһақи). «Сәндену және мақтану мақсатында киінген адам сол киімді үстінен шешкенге дейін Аллаһу та'аланың мейірімінен алыс болады». (Табарани). «Тәкәппарлану және мақтану мақсатында атақты адамдар киетін киімді киген адамды Аллаһу та'ала сол киімдерімен бірге отқа тастайды». (Рузәйн). «Жақсы киім алуға шамасы жетсе де алып кимеген адамға Аллаһу та'ала жәннат киімдерін кигізеді. Адамдардың назарын тарту үшін киінгендерге қияметте бейшаралардың киімін кигізеді». (Ширъа шәрһі). Мақтану үшін, кедейлердің алдында тәкәппарлану және оларды төмен, бейшара санау мақсатында киіну, яки өзін тақуа, діндар қылып көрсету үшін ескі, жаман киім кию – адамдардың назарын тарту үшін киіну күнә болады. Шамасы жететін адамның қымбат матадан жақсы киім сатып алып киюі рұқсат. Хадис шәрифтерде былай делінген: «Аллаһу та'ала бір мүлік бергенінде бұл ниғметтің әсері үстіңнен байқалсын» деді. (Нәсаи). «Жақсы киініңдер, Аллаһу та'аланың сендерге берген ниғметтерінің әсері байқалсын!». (Табарани). Жамал мен сәнденуді шатастырмау керек! Жамал – ұсқынсыздықты кетіру, салмақты болу және шүкір ету мақсатында ниғметті көрсету деген сөз. Аллаһу та'ала жамал иесі болуды мақтаған. Жамал мақсатында таза, жақсы киімдер кию – мубах. Тәкәппарлану, мақтану үшін киіну харам болады. (Бахр-ур раиқ). Мансап және абырой иелерінің, бай адамдардың, мысалы басшылардың, бастықтардың, кәсіпкерлердің араласатын ортасындағы жағдайға қарай өте жақсы киімдер киюі қажет. Аллаһу та'аланың алдына шығатын кезде де бұған қатты мән беру керек! «Әр намаз оқитын кезде көрікті (құнды, жаңа, таза, ұнамды, әдемі) киімдеріңді киіңдер!» деген мағынадағы аяти каримаға және «Хош иіс қайғыны, әдемі, таза киім қасіретті азайтады» деген мағынадағы хадис шәрифке мойынсұнуға тырысу керек, ескі болса да таза киім кию керек! (Әдәб-уд-дунийа, Бостан, М.Раббани). Имам Ағзам хазрет: «Надандардың кемсітпеуі және дұшпандарға айбарлы, айбынды көріну үшін ғалымдардың, әмірлердің киімдері мен ғимараттарының көрнекті болуы керек» деген. |
|
Сұрақ: Адам өзінің мұсылман екенін біле алады ма? Иманның белгісі қандай? Жауап: Иман – «Әмәнту...»-де білдірілген алты шартқа сену деген сөз. Хадис шәрифте былай делінген: «Иман – Аллаһқа, періштелерге, кітаптарға, пайғамбарларға, ахирет күніне (яғни қияметке, жәннатқа, тозаққа, сұраққа, мизанға), тағдырға, жақсылық пен жамандықтың Аллаһтан екеніне, өлімге, өлгеннен кейінгі тірілуге сену деген сөз. Аллаһтан басқа тәңір жоқ екеніне және мен Оның құлы және расулы екеніме куәлік ету деген сөз.» (Бұхари, Мүслим, Нәсаи) (Бұларды жүрекпен растау да шарт болып табылады.) Иманның қуатты болуының белгілері көп. Бұл жөніндегі хадис шәрифтерден бірнешеуі мынадай: «Иманы ең қуатты мүмин – жақсы мінезді болған адам. Оның қасына бәрі оңай жақындай алады, келіп кететін адамдары көп болады. Бәрімен жақсы қарым-қатынаста болады. Айналасындағылармен жақсы қарым-қатынас құра алмаған адамда қайыр жоқ.» (Табарани) «Қайда болса да Аллаһу та’аланы ұмытпайтын адамның иманы қуатты.» (Бәйһақи) «Аллаһты және расулын бәрінен де қатты жақсы көретін, сүйіктілерін тек Аллаһ разылығы үшін жақсы көретін және отқа түсуге қарағанда күпірге, имансыздыққа түсуден көбірек қорқатын адам иманның дәмін сезеді.» (Бұхари) «Бір-бірлеріңді жақсы көрмегенше иман келтірген болмайсыңдар.» (Табарани) «Ұят, ар – иманнан.» (Бұхари) «Тазалық – иманның жартысы.» (Мүслим) «Сөзінде тұру иманнан.» (Хаким) «Өзінің зиянына болса да әділдікпен әрекет ету иманнан.» (Бәззар) «Қиыншылықтарға сабыр ету иманнан.» (Бәззар) «Иман жалаңаш. Оның киімі – тақуалық, әшекейі – ұят, капиталы – фиқһ, ал жемісі – амал.» (Дәйләми) «Иман – жетпіс бөліктен тұрады. Ең үстемі "Лә илаһә иллаллаһ", ал ең төмені – жолда кедергі болған бір нәрсені алып тастау. Ұят та иманның бір бөлігі.» (Тирмизи) «Иман – намаз деген сөз. Намазды ұқыптылықпен, уақытына, сүннетіне (және басқа да шарттарына) мән беріп оқитын адам мүмин.» (И.Нәжжар) «Иманнан болған үш нәрсе: Жоқшылықта ақшаны қайырға жұмсау, кездестірген мұсылманға сәлем беру және өзінің зиянына болатын істерде де әділдікпен әрекет ету.» (Нәсаи) «Мына адамның иманы қуатты: Аллаһ үшін жасаған істерінде атағы шығудан мүлдем қорқпайды, амалдарын "біреулер көрсін" деген ойдан аулақ істейді, екі істің бірі ахиретке, бірі дүниеге пайдалы болса, ахиретке пайдалы болғанын таңдайды.» (Дәйләми) «Жамандалған, қарғыс алған, ұятсыз сөйлейтін және арсыз болған адам кәміл мүмин емес.» (Бұхари) «Мені бала-шағасынан, ата-анасынан және бүкіл адамдардан қаттырақ жақсы көрмейтін адам иман келтірген болмайды.» (Бұхари) «Өзіне қалаған нәрсені басқа адамдар үшін де қаламайтын адам иманға қауыша алмайды.» (Әбу Яла) Жоғарыдағы хадис шәрифтерге қарап, таза болған кезкелген адам иманды болады дегендей қате түсінілуі мүмкін. Алайда кәпір де таза бола алады. Кәпір де арлы-ұятты бола алады. Кәпір де әділетпен әрекет етуі мүмкін. Кәпір де мақтаншақтықтан аулақ жүруі мүмкін. Хадистерді ғалымдардың түсініктемелерімен оқу керек. Біз оқысақ қате түсінеміз. Күнәға қатысты да осындай. Күнә істеген адамға кәпір делінбейді. «Сөз тасыған адам жәннатқа кірмейді» хадисінің мағынасы: күнәсінің жазасын тартпастан немесе кешірімге, шапағатқа қауышпастан кіре алмайды деген сөз. «Ғайбат айтқан адам – тозақтық» хадисінің мақсаты: сауаптары күнәларынан аз болса, ғайбат тозаққа жетелейді. «Жүрегінде түйірдей тәкәппарлық болған адам жәннатқа кірмейді» хадисінің мағынасы: күнәсінің жазасын тартпастан немесе кешірімге, шапағатқа қауышпастан кіре алмайды деген сөз. Тағы хадис шәрифте мүминнің кезкелген күнәні істей алатындығы, үш нәрсені істей алмайтындығы, бұлардың бірі өтірік айту екендігі білдірілген. Хадис шәрифтен сырттай қарағанда өтірік айтқан адамның мұсылман емес екендігі аңғарылады. Бұл кәміл мұсылман емес деген сөз. Одан бөлек өтірік айту мұнафиқтықтың (екі жүзділіктің) белгісі екені білдірілген. Өтірік айтқан адам мұнафиқ емес, бірақ мұнафиқтық белгілерінің бірін істеген болады. Бір кісі «Йа Расулаллаһ, ата-ана перзентіне зұлымдық жасаған болса, олардың разылығын ала алмаған адам тозаққа кіреді ме?» деп сұрағанда, жауап ретінде үш рет «Иә, зұлымдық жасаса да, разылығын алмаған адам тозаққа түседі» делінген. Бұл жерде ата-анасының разылығын алмаған адам кәпір болатындай аңғырылуда. Алайда олай емес. Күнәларының жазасын тартпағанша жәннатқа кіре алмайды деген сөз. «Сараң адам жәннатқа кірмейді», «Сараңдық – күпірлік» секілді хадис шәрифтерді түсіндірмесімен бірге оқу керек. Түсіндірмесіз оқылса қате түсінуге себеп болады. Сараңдық – қаншалықты жаман мінезден саналса да, имансыздық болмайды. «Сараң адам күнәсінің жазасын тартпағанша жәннатқа кірмейді» деген сөз. Тіпті сауабы күнәсінен көп болса, тозаққа кірместен жәннатқа барады. Кешірімге және шапағатқа қауышып та жәннатқа кіруі мүмкін.
Дұрыс иманның белгісі Имам Раббани хазреттері былай деген: Дұрыс иманның белгісі – кәпірлерді дұшпан санап, оларға тән болған және кәпірлік белгісі болған нәрселерді істемеу. Өйткені Ислам діні мен күпірлік бір-бірінің терісі. Бұлардың бірін қадірлеу екіншісін төмен және жаман санау болады. Аллаһтың дұшпандарын жақсы көру және олармен жақын қарым-қатынаста болу адамды Аллаһқа дұшпан етуге жетелейді. Бір адам өзін мұсылман санайды. Калима-и тәуһидті айтады, сенемін дейді. Намаз оқиды және өзге ғибадаттарын да орындайды. Алайда Аллаһтың достарын жақсы көрмеу немесе Аллаһтың дұшпандарын жақсы көру оның иманын жоқ қылатынын білмейді. (1/163) Аяти карималарда былай делінген: «Аллаһқа және қиямет күніне иман келтіргендер, әкелері, бауырлары және туыстары болса да, Аллаһтың және Расулының дұшпандарын жақсы көрмейді.» (Мужадәлә 22) «Ей иман келтіргендер, маған және сендерге дұшпан болғандармен достық құрмаңдар, оларды жақсы көрмеңдер!» (Мумтәһина 1) Хадис шәрифтерде де былай делінген: «Үш нәрсе иманның ләззатын арттырады: Аллаһты және Расулын бәрінен де қатты жақсы көру, өзін жақсы көрмейтін мұсылманды Аллаһ разылығы үшін жақсы көру және Аллаһтың дұшпандарын жақсы көрмеу.» (Табарани) «Иманның ең мықты негізі және ең қуатты белгісі – хубби филлаһ, буғди филлаһ.» (Әбу Дауд) (Буғд – жақсы көрмеу, дұшпандық деген сөз. Буғди филлаһ – Аллаһ үшін жақсы көрмеу, Аллаһ үшін дұшпандық ету деген сөз. Оның терісі болған хубби филлаһ – Аллаһ үшін жақсы көру, Аллаһ үшін дос болу деген сөз.) «Аллаһтың дұшпандарын өзіне дұшпан деп санамаған адам шынайы иман келтірген болмайды.» (И.Ахмед) «Аллаһтың досын жақсы көрген, дұшпанын өзіне дұшпан деп санаған адамның иманы кәміл болады.» (Әбу Дауд)
Кім иманды болады? Сұрақ: Бір адам өзінің немесе басқа біреудің иманды немесе имансыз екенін біле алады ма? Жауап: Иә, біле алады. Бір хадис шәрифтің мағынасы мынадай: «Сауап істегенде қуанатын, күнә істегенде қайғыратын адам мүмин.» (Тирмизи) Намаз оқып жүрген болса, иманды екені аңғарылады. Аллаһтан қорқып, бір күнәдан бас тартқан болса, бұл иманның белгісі. Немесе күнә істегенде қайғыратын болса, бұл да иманды екенін көрсетеді. Мұсылмандарды жақсы көріп, дін дұшпандарын жақсы көрмейтін болса, бұл да иманның белгісі. Басқа бір хадис шәрифтің мағынасы мынадай: «Аллаһты жақсы көретін адам – иман иесі.» (Дәйләми) Аллаһты жақсы көру дегеніміз – Оның достарын дос ретінде, дұшпандарын дұшпан ретінде санау деген сөз. Иманның белгісі – хубби филлаһ, буғди филлаһ. Иманды немесе имансыз болуы осылардан аңғарылады. Мысалы бір адам салих мұсылмандарды жақсы көріп, кәпірлерді, бидғатшыларды жақсы көрмесе, бұл адамның иманды екені аңғарылады. Аллаһу та’аланың әмірлері мен тыйымдарына да мойынсұнатын болса, онда оның мұсылман екеніне мүлдем күмән қалмайды.
Сәжденің маңызы Сұрақ: Бір мұсылман емес адам сәжде аятын естіген кезде тиләует сәждесін жасаса, оған «Мұсылман болды» деуге болады ма? Жауап: Иә, мұсылман екені аңғарылады. (Бәззазийа, Ибн Абидин) Тағы осы сияқты, намаздарын жамағатпен оқыған адамның мұсылман екені аңғарылады, себебі Ислам дінінен бұрыңғы хақ діндерде намаз жалғыз оқылатын, жамағатпен оқылмайтын еді. (И.Ахлақы) Дінімізде сыртқы көрініске қарай үкім берілгендіктен, бір мұсылман болмаған адам бұларды істеген жағдайда мұсылман болғанына үкім беріледі. Әйтпесе қате сенімінен бас тартпағанша, дініміз білдірген шарттарға иман келтірмегенше, тек осыларды істеуімен мұсылман болып қалмайды. Мұсылман көріну үшін мұнафиқтық (екі жүзділік) жасап жүрген болуы да мүмкін, бірақ күпірін мәлімдейтін сөзі, әрекеті байқалмағанша өмірде оған мұсылман ретінде мәміле жасалады.
Намаз оқитын адам мұсылман Сұрақ: Жамағатпен намаз оқитын бидғатшыға кәпір деуге болады ма? Жауап: Сенімінің күпір екендігін анық білмейтін адамға кәпір делінбейді. Өйткені жамағатпен намаз оқу Ислам дінінің шиары (нышаны). Жамағатпен намаз оқып жатқаны байқалған адам күпірі анық мәлім болмағанша мұсылман деп қабылданады. Себебі намаз оқу иманның белгісі. Әрине бұл үкімге жатпайтын ерекше жағдайлар да бар. Мысалы иманы болмаса да мешіттегі мұсылмандарды қара тізімге алу үшін немесе басқа бір жаман мақсатпен келген болуы мүмкін. Бірақ жағдайлары мәлім болмағандықтан оларға да кәпір делінбейді. Анықталмағанша күмәнмен ешкімге кәпір демеу керек. Намаз оқыса да діннің анық бір үкімін жоққа шығарған, мәселен «Ішкілік харам емес» немесе «Орану парыз емес» деген адам күпірге түскен болады. |
|
Сұрақ: Жұмыс істеуге мәжбүр болғаны үшін оранбай, ашық күйде жұмысқа шыққан әйелге күнәхар ретінде қарап, оны шеттету дұрыс па? Жауап: Әрине дұрыс емес. Сондай адамды жаман адам қатарына қосып, одан аулақ болу ол кісінің жақсы адамдардан, тіпті діннен алыстауына себеп болуы мүмкін. Басқа күнәхарларды шеттету де қате. Күнә істейтін адамды көргенде өз күнәларымызды ойлауымыз керек. Кемшіліктеріміз, күнәларымыз кешірілмесе, басымызға келетін азаптарды ойлауымыз қажет. Өзгелерді айыптау, жамандау, ғайбаттау харам. Егер біз сондай мәміле көрсетсек, олардың күнәларынан да үлкен күнә істеген боламыз. Аллаһу та'ала жақсылық жасайтындарды жақсы көреді, бірақ өз-өзін ұнататындарды жақсы көрмейді. Өз кемшіліктерін іздеп, түзетуге тырысқан адам өзгелердің кемшіліктерін көруге уақыт жеткізе алмайды, үнемі өзінен жақсырақ болған мұсылмандарды көреді, яғни көрген мұсылмандарының барлығын өзінен жақсырақ деп біледі. Әбу Саид Араби хазреттерінен «Дәруиш қандай болады?» деген сұраққа: «Өзгелердің кемшіліктеріне қарамайды. Әрдайым өз кемшіліктерін, айыптарын көреді. Өзін ешқандай мұсылманнан үстем деп санамайды. Бәрін өзінен үстем деп көреді» деп жауаптады. Бір хадис шәрифте былай делінген: «Өз кемшіліктерін, өз айыптарын ойлап, өзгелердің кемшілігін іздемейтіндерге сүйіншілер болсын!» (Хадиқа). |
|
Сұрақ: Ең құнды нәрселер нелер? Бұл жөнінде хадис бар ма? Жауап: Иә, көптеген хадис шәрифтер бар. Алайда хадис шәрифтермен амал ету біздерге рұқсат емес. Қате түсінуге себеп болуы мүмкін. Қажетті діни білімдерді фиқһ кітаптарынан үйрену керек. Бір амалдың құнды болуы жағдайға, заманға және адамның жағдайына да байланысты. Сондықтан «Ең құнды амал мынау» деп нақты бір амалды айтуға болмайды. Пайғамбарымыз алейһиссалам ең құнды амалдарды сұрағандардың жағдайларына және шарттарына қарап білдірген. Мысалы азық-түлік, тағамдар мол болған, бірақ су болмаған жерде шөлден қиналған адамға бір кесе су беру көп нан беруден құнды болады. Жабайы жануарлардың немесе дұшпандардың шабуылына немесе қауіпті ауруға шалдыққан адамның өлімнен құтылуына себеп болу оған жасалатын басқа жақсылықтардан сауаптырақ, құндырақ болады. Құнды амалдардың кейбірлері хадис шәрифтерде былай білдірілген: «Ең құнды амал – иман. Ең құнды иман – Аллаһты естен шығармау» (Табарани). «Ең құнды амал – біреуді Аллаһ үшін жақсы көру, Аллаһ үшін жек көру» (И.Ахмед). «Намаздан кейінгі ең құнды амал – ата-анаға жақсылық жасау» (Мүслим). «Намаздан кейінгі ең құнды амал – зекет» (Табарани). «Ең құнды амал – зікір. Ал ең құнды зікір – лә илаһә иллаллаһ деп айту» (Табарани). «Ең құнды амал – Аллаһқа жақсы ойда болу» (Бәғауи). «Ең құнды амал – халал табыс» (Ибн Лал). «Ең құнды амал – сәлемдесуді жаю» (Бәриқа). «Ең құнды амал – Құран оқу» (Ибн Қани). «Ең құнды амал – қиыншылыққа сабыр ету» (Тирмизи). «Ең құнды амал – жақсы ниетті болу» (Хаким). «Ең құнды амал – нәпіске қиын болғаны» (И.Ғазали). «Ең құнды амал – бәрі ұйықтап жатқанда түңгі намаз оқу» (Ж.Жолы). «Ең құнды амал – уақытылы оқылған намаз» (Әбу Дауд). «Ең құнды амал – бір мүминнің айыбын жасыру, қарнын тойдыру немесе бір қажеттілігін кетіру арқылы оны қуанту» (Исфәхани). «Ең құнды амал – сені іздемегенді іздеу, сені мақрұм қалдырғанға беру, саған жаман мәміле көрсеткен адамға кешірімді мәміле көрсету» (И.Ахмед). «Ең құнды амал – аш болған кедейді тойдыру, қарызын өтеу немесе бір қиыншылығын шешіп беру» (Табарани). «Ең құнды мүмин – Аллаһты көп еске алған мүмин» (Тирмизи). «Ең құнды мүмин – кедей деп мән берілмейтін адам» (Дәйләми). «Ең құнды мүмин – оны көрген кезде Аллаһ еске түсетін кісі» (Хаким). «Ең құнды мүмин – жоқ кезінде оны ешкім іздемейтін, сұрамайтын, бар кезінде құрмет көрсетілмейтін адам» (Әбу Нуайм). «Ең құнды мүмин – діні үшін туған жерін тастаған жат елдік адам» (Ибн Мажа). «Ең құнды мүмин – аз жеп, денесі әлсіз, арық болған адам» (Дәйләми). «Ең құнды мүмин – бала-шағасына пайдалы болған адам» (Табарани). «Ең құнды мүмин – айналасындағылардан бәрінің оның қолынан, тілінен саламатта, сақ болған адам» (Мүслим). «Ең құнды мүмин – өмірі ұзақ, амалдары жақсы болған кісі» (Тирмизи). «Ең құнды мүмин – жұбайына ең жақсы, ең мейірімді қарым-қатынас жасаған адам» (Тирмизи). «Ең құнды мүмин – жақсылық күтілетін, жамандығы тиметініне сенімді болған адам» (Тирмизи). «Ең құнды мүмин – қанағат ететіні, ал ең жаманы – ашкөзді болған адам» (Қудаи). «Ең құнды мүмин – онымен оңай тіл табысып кететін адам» (Бәйһақи). «Ең құнды мүмин – Құранды үйренген және үйрететін адам» (Бұхари). «Ең құнды мүмин – қарызын ең жақсы түрде өтейтін адам» (Нәсаи). «Ең құнды мүмин – мінезі ең жақсы болған адам» (Бұхари). «Ең құнды мүмин – ас беретін адам» (Хаким). «Ең құнды мүмин – сирек ашуланып, тез басылатын адам. Ал ең жаманы – тез ашуланып, қиын басылатын адам» (Тирмизи). «Ең құнды мүмин – дүниесі үшін ахиретін, ахиреті үшін дүниесін тәрк етпейтін адам» (Хатиб). «Ең құнды мүмин – сабырлы, жомарт және қамқор болған адам» (Дәйләми). «Ең құнды мүмин – ең ақылды болған адам» (И.Ғазали). «Ең құнды мүмин – малымен, жанымен Аллаһ жолында жиһад еткен адам» (Бұхари). «Ең құнды мүмин – хикметті сөзді үйреніп, басқаларға үйрететін адам» (Ибн Асакир). «Ең құнды садақа – ілім үйреніп, басқасына да үйрету» (Ибн Мажа). «Ең құнды садақа – су беру» (Нәсаи). «Ең құнды садақа – аш болған жандыны тойдыру» (Бәйһақи). «Ең құнды садақа – екі кісіні жарастыру» (Табарани). «Ең құнды садақа – тілін тию» (Дәйләми). «Ең құнды садақа – жасырын берілгені» (Табарани). «Ең құнды садақа – өзін жақтырмайтын жақынына берілгені» (Табарани). «Ең құнды садақа – Аллаһ разылығы үшін досына қызмет ету» (Адий бин Хатем). «Ең құнды садақа – өз қажеттілігінен артылғанын беру» (Бұхари). «Ең құнды садақа – Рамазан айында берілгені» (Тирмизи). «Ең құнды жиһад – Аллаһ жолында нәпіске қарсы жасалғаны» (Әбу Дауд). «Ең құнды жиһад – парыздарды орындау» (И.Ахмед). «Ең құнды жиһад – малымен, жанымен мүшриктерге қарсы күресу» (Нәсаи). «Ең құнды табыс – өз еңбегімен табылғаны» (Ахмед). «Ең құнды сүре – Фатиха» (Хаким). «Ең құнды намаз – парыздардан кейін тұратын, тәһәжжүд намазы» (Мүслим). «Ең құнды намаз – Жұма күні жамағатпен оқылған таң намазы» (Бәйһақи). «Ең құнды тәсбих – Субханаллаһи уәлхамдулиллаһи уәлә илаһә иллаллаһу уаллаһу әкбар» (Мүслим). «Ең құнды ғибадат – фиқһ үйрену» (Табарани, Әбушшәйһ). «Ең құнды ғибадат – дұға» (Хаким). «Ең құнды дұға – Арапа күні жасалғаны» (Бәйһақи). «Ең құнды дұға – кешірім және афиет тілеу» (Тирмизи). «Ең құнды уақыт – түннің екінші жартысы» (Табарани). «Ең құнды есім – Абдуллаһ және Абдуррахман» (Мүслим). «Ең құнды сөз – дұрыс болған сөз» (Бұхари). «Ең құнды жерлер – мешіттер. Ал ең жаман жерлер – базарлар» (Табарани). «Ең құнды ораза – Дауд алейһиссаламның оразасы. Ол бір күн ораза ұстап, бір күн ұстамайтын еді» (Мүслим). «Ең құнды иман – тағдырға разы болу» (Әбу Нуайм). «Ең құнды мінез – ешкім зиян көрмесін деп үндемей тұру» (Ибн Мүбәрәк). «Ең құнды ас – айналасында көп қол созылған тамақ» (Табарани). «Ең құнды сөз – «Субханаллаһи уә бихамдиһи» деу» (Мүслим). «Ең құнды үй – ішінде жетімге сый-сияпат көрсетілетін үй» (Бәйһақи). «Ең құнды қазына – салиха әйел» (Хаким). «Ең құнды іс – уасат (орта жолда) болғаны» (Бәйһақи). «Ең құнды дос – Аллаһты еске алғанда жәрдем беретін, ұмытқанда саған еске түсіретін адам» (Хаким). «Ең құнды дос – сөздері ілімдеріңді арттыратын, ал амалы ахиретті еске түсіретін адам» (Хаким). «Ең құнды әйел – намысын қорғаған, көзі сыртта болмаған әйел» (Дәйләми). «Ең құнды әйел – өзін күйеуіне жақсы көргізген, онымен жақсы қарым-қатынас жасаған және тіл табысқан әйел. Ал ең жаманы – ашық-шашық киінетін, тәкәппарланатын әйел» (Бәйһақи).
Жеті категория адам Сұрақ: Қияметте Аллаһ қамқорлығына алатын жеті категориядағы адамдар кімдер? Жауап: Бір хадис шәрифтің мағынасы мынадай: «Аллаһу та’аладан басқа ешкім қамқорлық жасай алмайтын қиямет күні Аллаһу та’ала мына жеті категориядағы адамдарға қамқорлық жасайды: 1) Әділ басқарушы. 2) Аллаһқа ғибадатпен жеткен жас адам. 3) Намаз үшін көңілі мешітке байланған адам. 4) Досын Аллаһ разылығы үшін жақсы көретін адам. 5) Сұлу, бай және абыройлы әйел қасына шақырғанда Аллаһтан қорқып бармаған адам. 6) Садақасынжасырын (риясыз) берген адам. 7) Жалғыз кезде Аллаһты еске алып жылаған адам» (Бұхари). |
|
Сұрақ: Ішкіліктің зинадан да жаман екенін білдіретін бір хадис келтірілген. Қате жазылып кеткен жоқ па? Яғни зина ішкіліктен жаман емес пе? Жауап: Зина ішкіліктен (алкогольді ішімдіктен) жаман болып көрінсе де, кейбір жағдайларда ішкіліктің зинадан жаманырақ екені байқалады. Бірнеше хадис шәриф: «Ішкілік ішкен адамның ұят пердесі жыртылады, шайтан оған жолдас болады, барлық жамандыққа итермелейді және барлық жақсылықтан алыстатады». (Табарани). «Жамандықтардың бәрі құлыптанған. Бұл жердің кілті – ішкілік. Ішкілік ішкен адам ол есікті ашып, ішіне түседі». (Абдур-рәззақ). «Жамандықтардың бәрі бір жерде жиналған. Бұл жердің құлпы ішкілік, кілті зина». (Ислам ахлақы). (Құлып кілтпен ашылады. Яғни ішкілік ішкен адам зина жасай алады). «Бір залым король бір адамды ұстап алып «Ішкілік ішу, адам өлтіру, зина жасау және шошқа етін жеу, осылардың бірін таңда, әйтпесе сені өлтіремін» дейді. Адам ішкілікті таңдайды. Оны ішкеннен кейін қалғандарының бәрін істейді». (Табарани, Хаким). «Бұрынғы замандарда бір тақуа кісі бір бұрышта ғибадат жасап жатқанында бір жаман әйел қызметшісін жіберіп, куәлік жасау үшін шақырылғанын айтады. Тақуа барады. Ішке кіргенінде сұлу әйелді көреді. Әйел «Мына баланы өлтір немесе менімен зина жаса, яки мына шарапты іш! Бұлардың бірін істемесең, сені бүкіл жұртқа масқара қыламын» дейді. Тақуа басқаларына қарағанда жеңілірек деп ойлап, шарапты таңдайды. Ішіп мас болғанда әйелмен зина жасайды, баланы да өлтіреді». (Ибн Хиббан). Жоғарыдағы хадис шәрифке ұқсас тағы мынадай оқиға бар: «Шайтан бір тақуа кісіге әулие болып көрінеді. Тақуа шайтаннан бұл дәрежеге қалай жеткенін сұрайды. Шайтан: «Мен үлкен күнә істедім, тәубе еттім, Аллаһ мені осы дәрежеге көтерді. Өйткені Аллаһ тәубелерді қабыл етеді» дейді. Тақуа «Мен де осы дәрежеге көтеріле аламын ба?» деп сұрағанында, шайтан: «Әрине» дейді де, үш таңдау ұсынады: 1) Адам өлтіру, 2) Зина, 3) Шарап. Тақуа алғашқы екеуін қабылдамайды. Шарапты жеңіл санап ішеді, біраз уақыттан соң мас болады. Шайтан жаман әйелді оның қасына алып келеді. Тақуа әйелмен зина жасайды. Шайтан дереу әйелдің ағасына хабар береді. Ағасы зина жасап жатқанын көрген мас адамды ұрып жатқанда тақуа оны пышақтап, өлтіреді. Тақуа жеңіл деп санаған шарабы кесірінен әрі зинақор болады, әрі кісі өлтіруші болады». Адам мас болған кезінде басқа күнәларды істей алады. Бір хадис шәриф: «Шарап ішу – күнәлардың ең үлкені, барлық жамандықтың басы. Шарап ішкен адам намаз оқымайды, анасымен, әпкесімен немесе тәтесімен зина жасауы мүмкін». (Зәуажир, Кунуз-уд-дәқаиқ). Ішкіліктің зинадан да қауіпті екенін жоғарыдағы хадис шәрифтер және өмірде өткен оқиғалар көрсетуде. |
|
Сұрақ: Иманмен өлу үшін не қажет? Жауап: Иманмен өлу үшін дұрыс иман иесі болуға, салих амалдар жасап, салих адамдармен дос болуға тырысу керек. Хадис шәрифтерде айтылған: «Құлдың қиямет күні ең алғаш есепке тартылатын амалы – намаз. Егер ол дұрыс болып шықса, басқа амалдары да дұрыс болады. Егер ол бұзылған болса, басқа амалдары да бұзылған болады.» (Табарани) «"Субханаллаһ" деп айту мизан таразының сауап табағының жартысын толтырады. "Әлхамдулиллаһ" деп айту толықтай толтырады. Тәкбір айту (Аллаһу әкбар) аспан мен жердің арасын толтырады.» (Тирмизи) «Мизанда ең ауыр келетін мына бес калима: "Субханаллаһи уәлхамдулиллаһи уәлә илаһа иллаллаһу уаллаһу әкбар" және өзінен бұрын қайтыс болған салих перзентінің себебімен күткен сауабы.» (Нәсаи) «Ант етемін, жер мен көктің арасындағылардың бәрін алып келіп, мизан таразының бір табағына қойылса, ал "Лә илаһа иллаллаһ" басқа табаққа қойылса, міндетті түрде бәрінен ауыр басады.» (Табарани) «80 жасқа келген мұсылман мизанға апарылмайды, сұраққа тартылмайды және оған "жәннатқа кір" делінеді.» (Әбу Нуайм) «Жәбрейіл алейһиссалам: "Қалағаныңша өмір сүр, әлбетте өлесің. Қалағаныңды жақсы көр, ақыр соңында одан айрыласың. Қалағаныңды істе, соңында оның есебін бересің" деген хабар алып келді.» (Табарани) «Әр адам бір сәтке болса да біреумен достық құрса, осы достығының есебін береді.» (Ибн Жәрир)
Сұрақ: Адамның иманды болып ахиретке кететіндігі әуелден белгілі болады ма, әлде соңғы демінде белгілі бола ма? Жауап: Мұсылман және кәпір соңғы демде белгілі болады. Көптеген адам бүкіл өмірі бойы кәпір болып, соңында иманға қауыша алады. Бүкіл өмірін иманмен өткізіп, соңында керісінше имансыз өлгендер де кездеседі. Қияметте адамдардың соңғы деміндегі жағдайына қаралады.
Сұрақ: Адамның міндетті түрде иманмен өлетінін айту діни тұрғыда дұрыс па? Жауап: Адамның міндетті түрде иманмен өлетінін айта алу үшін ол адам туралы аят немесе хадистің бар болуы керек. Өйткені адамның мұсылман немесе кәпір болатындығы соңғы демінде белгілі болады. Көп адам бүкіл өмірі бойы кәпір болып, соңында иманға қауышады. Бүкіл өмірі иманмен өтіп, соңында кәпір болғандар да бар.
Сұрақ: Тірі болған қандай да бір мұсылман туралы «Міндетті түрде жәннаттық» деп айтуға бола ма? Жауап: Адамның ахиретте мұсылман болатыны соңғы демінде белгілі болады. Алпыс жастағы кәпір өліміне аз қалғанда мұсылман болса, ахиретте мұсылман болып тіріледі. Пайғамбарлардан және жәннатқа кіретіндігі айтылғандардан басқа ешкімге жәннаттық деуге болмайды. Өйткені, соңғы демінің қандай болатындығы белгісіз. |
|
Сұрақ: Жаңа жыл мен Рождество жайында мәлімет бересіз бе? Жаңа жыл тойлауға болады ма? Жауап: Жаңа жыл мен Рождество екеуі бір емес, бірақ Рождество тойлаудың жалғасы болып саналғандықтан, жаңа жыл түнін христиандар сияқты тойлау, шыршаны кесіп, үйді шыршамен безендіру жаиз (рұқсат) емес. Өйткені мейрамдарында олар сияқты көңіл көтеру – оларға ұқсау болып табылады. Діни кітаптарда жазылған: Рождество күнінде және түнінде кәпірлердің пасха және діни мейрамдарында олар сияқты тойлаған адам күпірге түседі. Жаңа жыл себебімен Қазақстанда және әлемнің әр түрлі жерлерінде миллиондаған шырша ағаштары Рождество аңызы үшін кесіліп жойылуда. Христиан мемлекеттерде болғанындай, мұсылман мемлекеттерде де осы қылмыстар жасалмау керек. Христиандарға ұқсамау үшін жаңа жыл түнінде күркетауық жемеу керек! Желінетін болса, мәкрух болады. Бірнеше күннен кейін жей беруге болады. Құмар ойнау, лоторея тарту сияқты ойындар болса онсыз да барлық уақытта жаиз (рұқсат) емес. Бұл түнде кәпірлерге ұқсау мақсатымен әр түрлі тағамдар, сусындар алу да жаиз болмайды. Күнде не алынатын болса, соларды алудың зияны жоқ. Бұл түнге ерекше қарамау керек. Тек христиандардың ғана емес, яһудилердің және бүкіл қате діндердің ғибадаттарын орындау оларға ұқсау болып саналады. Мысалы 21 наурыз күні Наурыз мейрамын тойлау да осындай. Кәпірлердің ғибадаттары және жаман істерінен басқа мубах болған әдеттерін жасаудың зияны жоқ. Яғни оларға ұқсаған болып саналмайды. Рождествоны тойлау түбегейлі жаиз емес. Бір зәрулік болса ғана жаиз болады. Мысалы мемлекеттер арасындағы ресми қарым-қатынастарда зәрулік болғандықтан, құттықтауға болады. Бірақ Рождествоға қатысы болмаған жаңа жылда бір мұсылманға құттықтау хатын жазып, жаңа жылдың адамдарға, мұсылмандарға қайырлы болуын тілеу күнә емес. Немесе «Жаңа жылың құтты болсын» деген адамға «Сенің де жаңа жылың құтты болсын» деп айту күнә болмайды. Осы айырмашылықты түсіну керек! Мұсылман әр түні не істеп жүрген болса, бұл түні де соларды істеу керек! Қасиетті күндей мәуліт оқыту, сұхбаттар ұйымдастыру дұрыс болмайды. Бұл түннің өзге түндерден айырмашылығы жоқ. Бұл түнді қадірлі санағандай әрекет ету дұрыс емес. Мұсылман әр түні не істейтін болса, бұл түнді де солай өткізуі керек!
Рождествоны тойлау Сұрақ: Бір жазушы: «Христиандардың өз мейрамдарын тойлауы – өз ақылары. Мұсылмандар да екі жақты құрмет ішінде ынтымақта өмір сүріп жүрген әһли кітаптың (кітапты кәпірлердің) қуанышына қосылады, олардың мейрамдарын тойлайды. Бұл мәселеде ешқандай жамандық көріп тұрған жоқпын» дейді. Бұл күпір болмайды ма? Дінімізде мұсылман болмағандардың мейрамдарын тойлау рұқсат па? Жауап: Мүлдем рұқсат емес. Бұл туралы діни кітаптарда былай жазылған: Мәжусилердің мейрамдары болған Наурыз және Михрижан күні құрметіне бір нәрсе беру жаиз емес. Бұл күндердің аттарын атап немесе ниет етіп бір нәрсе сыйлау да харам. Егер бұл күндерді қадірлі санап орындаса, кәпір болады, өйткені бұл күнді мүшриктер қадірлі тұтады. Әбул Хафс-и Кәбир айтқан: Бір адам Аллаһу та'алаға елу жыл ғибадат жасаса, кейін бір мүшрикке Наурыз күнінің құрметіне жұмыртқа сыйласа, кәпір болады. Егер бір мұсылманға сыйлық беріп, бұл күнді қадірлі тұтпаса, қалыптасқан әдет бойынша берсе, кәпір болмайды. Басқа күні алмаған нәрсені сол күні сатып алса, ол күнді қадірлі санаса, кәпір болады. Қадірлі деп санамай, тек ішіп-жеу үшін алған болса, кәпір болмайды. (Дуррул мухтар, 5/481) Бәззазияда: «Наурыз күні – мәжусилердің (отқа табынушылардың) мейрамы. Ол күні мәжусилерге қосылып, олардың істегендерін қайталап істеу күпір болып табылады» делінген. Рождествоны және кәпірлердің пасхаларын олар сияқты тойлаған адам да кәпір болады. (С.Әбәдия) «Зуннар» деп аталатын поп белбеуін байлау және пұттарға, мүсіндерге, мысалы крест деп аталатын Иса алейһиссалам керілді деп саналған бір-біріне перпендикуляр жабысқан екі таяққа табыну, оны мойынға іліп құрметтеу, құрметтеуіміз әмір етілген нәрсені қорлау, қорлауымыз әмір етілген нәрсені құрметтеу күпір болып табылады. Бұларды жасаған адамның иманы кетеді, кәпір болады. (Биргиуи өсиетнамасы шәрһі, 115, 202 беттер) Имам Раббани хазрет былай деген: «Үнділердің мейрам күндерін (отқа табынушылардың Наурыз күндерін және христиандардың Рождество түндерін және басқа да пасхаларды) құрметтеу және сол уақыттарда олардың әдеттерін олар сияқты жасау ширк болады. Күпірге себеп болады. Кәпірлердің мейрамдарында мұсылмандардың сауатсыздары кәпірлердің жасағандарын қайталап істеп жүр және бұл күндерді мұсылман мейрамы санап жүр. Кәпірлер сияқты бір-біріне сыйлық беріп, жіберіп жүр. Заттарын, дастархандарын кәпірлер сияқты безендіріп жүр. Ол түндерді басқа түндерден ерекше қылып өткізеді. Бұлардың бәрі ширк, кәпірлік». (Мәктубат 3/41, С.Әбәдия) Ибн Абидин хазреттері 5-ші томда, истибра бабында: «Қажеттілік туындағанда зиммиге (мұсылман мемлекетінің азаматы болған кәпірге) сәлем беру және қол алысу рұқсат. Ал құрмет үшін болса рұқсат емес. Кәпірді құрметтеу күпір болады» делінген. (С.Әбәдия) Кәпірді құрметтеу, құрметпен сәлем беру, «Ұстазым» деп айту күпір болады. (Бәриқа, И.Ахлақы) Бұл жазушы мұсылмандардың кәпірлерді құрметтеуін қалайды. Жоғарыдағы жазбалардан ондай құрметтің де күпір болатындығы аңғарылуда. Христиандарды разы қылу үшін күпірге түсу ақылды адамның ісі емес.
Рождество түнінің уақыты Сұрақ: Христиандардың діни мейрамы болған Рождество түні қашан? Жауап: Иса алейһиссалам дүниеде аз өмір сүріп, аспанға шығарылғандықтан, оны тек 12 хауари біліп, Исауилар аз және ғасырлар бойы жасырын өмір сүргендіктен, Рождество түні дұрыс анықтала алмаған. 25 желтоқсан, 6 қаңтар немесе басқа бір күн. Нақты емес. (Тәкуим-и Әбуззия) «Григоряндық жыл санағы ең аз дегенде 300 жылға кем, өйткені Иса алейһиссалам мен Мұхаммед алейһиссалам арасындағы уақыт мың жылдан аз емес». (Бурхан-и кати) «Иса алейһиссалам мен Мұхаммед алейһиссалам арасында 963 жыл бар». (Мәуаһиб-и ләдуния) «Хижри жыл санағы нақты. Григоряндық жыл санағы қате, нақты емес. Күні де, жылы да қате». (С.Әбәдия)
Сұрақ: Христиандар хазреті Исаның жаңа жылда келетіндігіне сенгені үшін жаңа жылды тойлайды ма? Жауап: Христиандардың хазреті Исаның жаңа жылда келетіндігіне қатысты сенімдері жоқ. Олар хазреті Исаның крестке керіліп өлгеніне сенеді. Олар «Адамдарды күнәдан құтқару үшін құдай өз ұлы Исаны өлтірді» дейді. Кейде Иса алейһиссаламды «Тәңір баласы», кейде «Тәңір үшеу, үш тәңір біреу» дейді. Бұл сандырақтар Інжілдерде жасалған өзгерістер кесірінен туындаған. Христандардың көңіл көтеруі «Аяз Ата» деп атаған қияли болмыстары үшін. Құран кәрімде Ниса сүресінің 157 және 158 аяти карималарында Иса алейһиссалам өлтірілмегені, өлтірілген (крестке керілген) адамның басқа біреу екені, Иса алейһиссаламның аспанға көтерілгені білдірілуде. Али Имран сүресінің 54 және 55 аяттары мен басқа сүрелерде де бұл жайында мәлімет бар. Иса алейһиссалам хазреті Мәһди (және Дәжжал) заманында аспаннан түседі. (Мәктубати Раббани 2 том, 67 хат) Бұл жөніндегі хадис шәрифтердің бірнешеуі мынадай: «Рухым құдірет қолында болған Аллаһқа ант етемін, Мәриямның ұлы Иса әділ басқарушы ретінде араларыңа түседі, крестті сындырады, шошқаны өлтіреді, салықты алып тастайды, Исламнан басқа нәрсені қабыл етпейді». (Бұхари) «Уаллаһи Мәриямның ұлы Иса әділ басқарушы болып түседі, крестті бөлшектейді, шошқаны өлтіреді, кекшілдік, өшпенділік және көре алмаушылық кетеді». (Мүслим) «Иса түседі, Ислам жолында соғысады. Оның заманында Аллаһу та'ала мұсылмандардан басқа бәрін құртады. Дәжжал да құриды. Иса қырық жыл жер бетінде өмір сүреді, кейін қайтыс болады. Жаназасын мұсылмандар көтереді». (Әбу Дауд) «Иса менің қасыма жерленеді». (Тирмизи) (ТҮСІНДІРМЕ: Хадис шәрифте өткен Шошқаны өлтіреді дегені – шошқа аулауға шығады деген сөз емес. «Шошқа етін жеуге тыйым салады» деген сөз. Крестті сындырады, яғни христиандықты алып тастайды. Басқа бір хадис шәрифте «Мизмарды сындырады» делінген. Яғни түрлі музыкалық аспаптарға тыйым салады).
Сұрақ: Жаңа жылда христиандарға құттықтау хаттарын жазу рұқсат па? Жауап: Жаңа жыл үшін рұқсат, Рождество үшін рұқсат емес.
Сұрақ: Христиан біреу Рождество күнінде Рождество мақсатымен бір мұсылманға (досына немесе туысына) сыйлық берсе, бұл мұсылманның бұл сыйлықты алуы және қолдануы рұқсат болады ма? Жауап: Рождество мақсатымен берілмейді, жаңа жыл мақсатымен беріледі. Рождествоға құрмет көрсеткен адам кәпір болады. Берілген сыйлықтың зияны жоқ. Жейтін нәрсе болса, жаңа жылдан екі-үш күн өткеннен кейін жеуге болады.
Сұрақ: Жаңа жылда кейбір отбасылар теледидар көріп, жанұясымен отырып уақыт өткізеді, ішіп-жейді. Бұлардан харам істейтіндердің (мысалы ішкілік ішетін, билейтін, лоторея ойнайтын және т.б.) кәпір болу қаупі бар ма? Бұларды істемей қалыпты жанұя жиындарын осы күнге сай қылудың зияны бар ма? Жауап: Кәпір болу ниетке байланысты. Кәпірлердің Рождествосын тойлау ниетімен болса, күпір болады. Жаңа жылдық көңіл көтеру күйінде болса, күпір болмайды. Әрине ішкілік, құмар болса, онсыз да харам.
Сұрақ: Жаңа жыл келді деп тойлаған, сыйлық берген, қуанған мұсылман кәпір болады ма? Жауап: Ниеттері маңызды, жаңа бір жыл келді деп қуанса, сыйлық берсе, күпір болмайды.
Сұрақ: Біреудің бұл түнге арнап пісірген мубах тағамдарды (күркетауық сияқты) жеу дұрыс болады ма? Жауап: Арнайы тағамдарды сол түні жеу мәкрух болады. Бірнеше күннен кейін жеудің зияны жоқ.
Хижри шәмси және хижри қамари күнтізбе Сұрақ: Хижри шәмси мен хижри қамари күнтізбе деген не? Бұлар қашан басталды? Жауап: Хижрет кезінде Мәдина қаласының Қуба ауылына келген 622 жылғы 20 қыркүйек күні «Хижри шәмси» жыл санағының басы болды. «Хижри қамари» санағы да сол жылдың Мухаррам айынан басталды, яғни хижри қамари бойынша жаңа жыл – 1 Мухаррам. Хижри қамари жылдың басы 622 жылғы 16 шілде күні еді.
Сұрақ: Кәпірлерге еліктеу қалай болады? Жауап: Кәпірлерге ғибадатта ұқсау харам немесе күпір. Бірақ әдеттерде ұқсау жаиз (рұқсат). Ұшаққа, пойызға, көлікке міну, шалбар кию рұқсат. Пайғамбарымыз поптың аяқ киімін, Рим шапанын киген. Кәпірдің дініне ұқсау жаиз болмайды, крест тағу, зуннар тағу сияқты. Рождествоны тойлау жаиз емес. Бірақ жаңа жыл басқа. Рождествоны тойлаған адам кәпір болады. Жаңа жылда біреуге «Жаңа жылың құтты болсын, жаңа жылың мұсылмандарға қайыр және берекет әкелсін» деп айту рұқсат. Бұл баршаға жаңа жыл. Ал рождество баршаға емес, тек христиандардың мейрам күні.
Жаңа жыл және Рождество Сұрақ: Жаңа жыл және Рождествоны тойлау, григоряндық жаңа жыл үшін құттықтау хаттарын сату, жаңа жыл үшін құттықтау хатын жіберу рұқсат па? Жауап: Жаңа жыл мен Рождество екеуі екі бөлек. Рождество – христиандардың діни мейрамы. Рождествоны тойлау түбегейлі рұқсат болмайды. Бір зәрулік болса, мысалы мемлекеттер арасында ресми қарым-қатынастарда зәрулік болғандықтан, құттықтау рұқсат болады. Бір қажеттілік туындағанда жаңа жылды адамдар үшін, мұсылмандар үшін қайырлы болуын тілеу немесе «Жаңа жылың құтты болсын» деген адамға «Сенікі де құтты болсын» деп айту рұқсат. Бірақ бұл түнге өзгеше қарамау керек, әр түні не жасалатын болса, соларды жасау керек. Мысалы, бұл түні үйді шыршамен безендірмеу, күркетауық сойып жемеу керек. Құттықтау хаты да жаңа жыл үшін рұқсат, Рождество үшін зәруліксіз рұқсат емес.
Григоряндық жаңа жылда ғибадат Сұрақ: «Григоряндық жаңа жыл түні Иса алейһиссаламның туылған түні болса, бұл түнді Құран оқып, намаз оқып, мәуліт оқып, илаһи айтып өткізу керек» деп жатады. Бұл түн дінімізде қасиетті түн ретінде білдірілмегендіктен, қасиетті түндей өткізу, мәуліт оқу қате болмайды ма? Жауап: Әлбетте қате болады. Әр түні Құран кәрім оқитын адам бұл түні де оқи алады, бірақ бұл түнге ерекше қарамау керек, әр түні не істеп жүрген болсақ, бұл түнде де соны істеуіміз керек. Иса алейһиссаламның сол түні туылғандығы онсыз да белгілі емес. Белгілі болса да, дінімізде қасиетті деп білдірілмеген күнге ерекше қарау, мәуліт оқыту дұрыс болмайды.
Жаңа жылдық күркетауық Сұрақ: Григоряндық жаңа жылда немесе жаңа жылға дайындық жасалатын күндерде Рождествоны ойламай күркетауық, шырша және осыған ұқсас нәрселерді алып-сатудың зияны бар ма? Жауап: Мәкрух болады. Жаңа жыл өткеннен кейін алып-сатудың зияны жоқ. |