ШӘУАҺИД-УН НУБУВВӘ – 155

2 views
Skip to first unread message

Islamdini.kz

unread,
Jul 20, 2022, 12:43:43 AM7/20/22
to islam...@googlegroups.com

cid:image001.jpg@01D6F40A.DC6F4BA0

ИМАМ ХУСЕЙН БИН ӘЛИ (радиаллаһу анһума) (4)

∙ Зәйд бин Әркам (радиаллаһу анһ) былай айтып берді: «Ибн Зияд хазреті Хусейннің (радиаллаһу анһ) мүбәрәк басын әкеліп, Куфаның бүкіл аудандарында кездіруін бұйырған болатын. Мен үйімнің терезесінен қарап тұрдым. Мен жаққа келгенде мүбәрәк басынан естідім, «Сен Асхаби Кәһф пен Асхаби Рақимды біздің ғибратқа лайық белгілерімізден деп ойладың ба?» деген «Кәһф» сүресінің тоғызыншы аяти каримасын оқыған еді. Мұны естігенде төбе шашым тік тұрды. «Уаллаһи, бұл сенің басың, ей, Расулуллаһтың ұлы! Сенің ісің тым ғажайып» деп айқайладым.

∙ Риуаят етілуі бойынша, Мамәр және Зухри (рахимәһумуллаһ) Абдулмәликтің мәжілісінде еді. Уәлид олардан «Хазреті Хусейн шәһид етілген күні Құдыстың тастары не күйде еді, кім біледі?» деп сұрады. Зухри (рахметуллаһи алейһ) «Маған мынадай хабар келді» деп айтып берді: «Алған әр тастың астында таза қан көрген. Бірі «Хазреті Хусейн шәһид етілген күні қан жауды. Барлық жеріміз қан болды. Аспан бізге қаншама күн қан түсінде көрінді» деп айтып берген».

Абдуллаһ бин Аббастан (радиаллаһу анһума) былай риуаят етілген: «Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) пайғамбарлығы білдірілуден үш жүз жыл бұрын төрт жағында жазуы бар тас табылды.

Бір жағында былай жазылған еді:

«Қалай күтеді шәһид еткендер Хусейнді,

Қиямет күні оның атасынан шапағатты».

Басқа жағында:

Қайыр ексе кімде-кім, қуаныш өнімін алады» деп жазылған еді.

Ал басқа жағында:

«Жамандық еккен болса, өкініш өнімін алады» деген еді.

Басқа жағында:

«Күмәнсіз жәннатта Әли, Хасан және Хусейн (радиаллаһу анһум) үшін сүтті өзен бар» деп жазылған еді».

∙ Мұхаммед бин Риях былай айтып берді: «Бір соқыр кісіні көрдім. Адамдар оның айналасына жиналып, көр болуының себебін білгілері келген еді. Соқыр кісі былай айтып берді: «Біз он адам болып хазреті Хусейн (радиаллаһу анһ) шәһид етілген күні бірге едік. Бірақ мен оған оған мүлде оқ атпадым, қылыш көтермедім және шәһид етілуіне разы емес едім. Хазреті Хусейн (радиаллаһу анһ) шәһид етілген соң үйге келіп, құптан намазын оқып жаттым. Түсімде бір адамды көрдім, қасыма келіп «Тұр, Мұхаммед алейһиссаламға жауап бер» деді. «Оның және менің арамызда ештеңе жоқ» деген болсам да мені жетектеп Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) алдына апарды. Расулуллаһты (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) көрдім. Бір жазық жерде қайғылы күйде отырған еді. Қасында қолында отты қылышы бар періште тұрған еді. Мен жақындап сәлем бердім. Сәлеміме жауап қайтармады. Ұзақ уақыттан кейін Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) мүбәрәк басын көтеріп, маған «Менің құрметімді түсірдің, абыройымды таптадың және хақымды жедің» деді. Мен «Йа, Расулаллаһ! Мен оған оқ атпадым, ештеңе істемедім» дедім. «Иә, рас айтасың. Бірақ сен солардың арасында едің» деді. Кейін «Кел, жақында» деді. Мен жақындадым. Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) алдында леген бар еді. Қанға толы еді. «Бұл ұлым Хусейннің қаны» деді. Сол қанды көзіме жақты. Оянғанымда көзімнің нұры кетіп, соқыр болып қалдым!».

(Жалғасы бар...)

cid:image002.jpg@01D6F40A.DC6F4BA0

www.islamdini.kz

Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz

Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com

 

image001.jpg
image002.jpg
Reply all
Reply to author
Forward
0 new messages