ШӘУАҺИД-УН НУБУВВӘ – 182

1 view
Skip to first unread message

Islamdini.kz

unread,
Nov 18, 2022, 11:29:58 PM11/18/22
to islam...@googlegroups.com

cid:image001.jpg@01D6F40A.DC6F4BA0

ИМАМ ХУЖЖӘТ МҰХАММЕД БИН ХАСАН (радиаллаһу анһ)

Имам Әскери Хасан бин Әлидің ұлы. Он екі имамның он екіншісі. Есімі Мұхаммед. Күнясі Әбул Қасым. Лақаптары Хужжәт, Қаим, Мәһди, Мунтазыр және Сахибуззаман. Оған Хужжәт лақабын берген Имамия ағымы еді. Оның он екі имамның соңғысы және хижри екі жүз алпыс бес немесе екі жүз алпыс алтыншы жылы Серменрайда жер астында жоғалды, анасы оны күтсе де шықпады деген сенімде.

Анасы Үмми уәләд күң еді. Анасының есімі Сәусән, Нәржим немесе басқа екені айтылған. Ол хижреттің екі жүз елу сегізінші жылы рамазан айының жиырма үші күні Серменрайда дүниеге келді. Хижреттің екі жүз елу бесінші жылы шабан айының ортасында туылғаны да айтылған.

∙ Имам Әскери Әбу Мұхаммед Зәкидің (радиаллаһу анһ) нағашы әпкесі былай айтып берген: «Бір күні Имам Әскериге (радиаллаһу анһ) барған едім. Маған «Әпке, бұл түні біздің үйде қалыңыз. Аллаһу та'ала бізге орынбасар болатын, орнымызға өтетін перзент береді» деді. «Ұлың кімнен туылады, жұбайың Нәржис жүкті адамға ұқсамайды ғой?» деп сұрадым. Ол «Әпке, Нәржис жүктіліктің ауыртпалығын сезбейді, тек туатын кезде ғана белгілі болады» деп жауап берді. Сол түні сонда қалдым. Түннің екінші жартысында тұрып тәһәжжуд намазын оқыдым. Нәржис те тәһәжжудке тұрды. Ішімнен «Таң жақындап қалды, Әбу Мұхаммед айтқан босанудың белгілері әлі байқалмады» деп ойладым. Сол кезде Әбу Мұхаммед Имам Әскери бөлмесінен маған «Әпке, асықпаңыз, Нәржистің бөлмесіне барыңыз» деді. Ол бөлмеге бардым, Нәржис мені қарсы алды. Денесі дірілдеп тұрған еді. Оны құшақтадым. «Ихлас», «Қадір» сүрелерін және «Аятул күрсиді» оқыдым. Нәржистің туылатын баласы да құрсағында оқып жатқан еді. Кейін бөлме жарқырады. Бала туылып, жерде жатқан еді. Дереу көтердім. Сол мезетте Имам Әскери бөлмесінен «Әпке, баламды әкеліңіз» деп айқайлады. Баланы орап, алып бардым. Ол баланы алып, мүбәрәк тілін аузына тигізіп, «Аллаһу та'аланың рұқсатымен сөйле» деді. Бала «Бисмиллаһир Рахманир Рахим» деді және «Ал біз ол жерге әлсіз күйде түсірлгендерге мейірім танытайық, оларды көсем қылайық, оларды (басқалардың) орнына қояйық деп қалаған едік» деген «Қасас» сүресінің 5-ші аятын оқыды. Сол кезде айналамызды жасыл түсті құстар қаптады. Имам Әскери (радиаллаһу анһ) олардың бірін шақырды. «Мынаны ал, Аллаһу та'аланың әмірі орындалғанға дейін сақта» деді. Ол құстың айналасындағы құстардың кім екенін сұрап едім, «Ол құс кейіпінде көргеніміз Жәбрейіл алейһиссалам, ал қалғандары рахмет періштелері» деп айтты. Кейін «Баланы анасына апарыңыз» деді. «...Осылайша біз оны көзі ашық болсын, қайғы көрмесін және Аллаһтың уәдесінің шын екенін білсін деп анасына қайтардық. Бірақ сонда да көбісі (мұны) білмейді» деген «Қасас» сүресінің 13-ші аятын оқыды. Мен оны алып кеттім. Туылған кезінде кіндігі кесілген және сүннеттелген еді. Оң қолында «...Ақиқат келді, қате жойылды. Онсыз да қатенің бәрі ақыр соңында жойылады» деген «Исра» сүресінің 81-ші аяты жазулы еді. Туылғанында ол тізерлеп отырып, сұқ саусағын көтерді. Кейін түшкіріп, «Әлхамдулиллаһ» деді».

∙ Басқа біреу былай айтып берген: «Бір күні Имам Әскеридің (радиаллаһу анһ) алдында отырған едім. «Сізден кейінгі орынбасарыңыз кім, орныңызға кім өтеді?» деп сұрадым. Ол бөлмесіне кіріп кетті де, құшағында айдың он төртіндей жарқырап тұрған шамамен үш жасар бір баламен бірге шықты. Маған «Егер сен Аллаһу та'аланың алдында қадірлі адам болмағаныңда, бұл ұлымды саған көрсетпейтін едім. Оның есімі Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) есіміндей, күнясі де Оның күнясі секілді. Зұлымдыққа толы жер жүзі оның дәуірінде әділеттікке толады» деді».

(Жалғасы бар...)

cid:image002.jpg@01D6F40A.DC6F4BA0

www.islamdini.kz

Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz

Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com

 

image001.jpg
image002.jpg
Reply all
Reply to author
Forward
0 new messages