Хижри жаңа жыл құтты болсын!

0 views
Skip to first unread message

Islamdini.kz

unread,
Jul 29, 2022, 7:07:36 AM7/29/22
to islam...@googlegroups.com

Хижри жаңа жыл құтты болсын!

Бүгін хижри жаңа 1444 жылдың алғашқы түні, ертең (30.07.2022) алғашқы күні болады. Яғни жаңа 1444 жылдың алғашқы Мухаррам айы басталуда. Барша мұсылмандарды Жаңа жылмен құттықтаймыз!

Мухаррам айы – Исламдық қамари жылдың бірінші айы және Құран кәрімде құрметтелген төрт айдың бірі. Мухаррам айының бірінші түні мұсылмандардың қамари жыл басы түні болып есептеледі. Бұл түнді ғибадатпен өткізу және құрмет көрсету керек. Құрмет көрсету күнә жасамай өткізу арқылы іске асады. Зүл-хиджа айының соңғы күнінде және Мухаррам айының бірінші күнінде ораза тұтқан адам сол жылды түгелдей ораза тұтқандай сауап алады. Хадис шәрифте: «Рамазаннан кейінгі ең құнды ораза – Мухаррам айында тұтылған ораза» делінген.

Хижри қамари күнтізбе Мұхаммед алейһиссаламның Меккеден Мәдинаға хижрет еткен (көшкен) жылынан басталады. Мухаррам айының бірінші күні болған алғашқы қамари жыл басы григориан күнтізбесі бойынша милади 622 жылдың тамыз айының 16 жұлдызына сай келетін жұма күні болатын. Қамари күнтізбеде бір жылда 354,367 күн бар. Бұл кезең айдың жерді 12 рет айналған кезеңі. Ол күн жылынан 10,875 күн қысқа. Сол себептен 32,5 жылда бір жыл артық болады.

Христиандар өз жаңа жылдары саналатын қаңтар айының 1-ші түнінде Рождествоны тойлайды. Христиан діні бұйырған (!) күнәларды, күпіршіліктерді істейді. Мұсылмандар да өз жаңа жыл түнінде қол алысып, телефон немесе хат арқылы бір-бірін құттықтайды. Бір-бірінің үйіне барып, сыйлықтар береді. Газеттер мен журналдар арқылы да құттықтаулар береді. Жаңа жылдың барша мұсылмандарға берекелі және қайырлы жыл болуын тілейді. Үлкендердің, туыстардың, ғалымдардың үйлеріне барып, олардың баталарын алады. Бұл күнде де барлық мереке секілді таза киініп, кедейлерге садақа береді. Мухаррамның алғашқы он күні мен түні қасиетті күндер мен түндер болып саналады.

Ислам діні келмей тұрып арабтар Мухаррам айында соғысқысы келгенде сол жылдағы Мухаррам айының атын келесі айға ауыстырып, келесі айды Мухаррам айы деп атайтын еді. Осылай харам айы Мухаррамнан кейінгі айға өтетін еді.

«Бір айдың харамдығын басқа айға ауыстыру тек кәпірлікті арттырады. Кәпірлер осылай адасады. Олар Аллаһтың харам қылған айларының сандарын теңестіру үшін харам айды бір жыл халал етіп, келесі жылы оны қайтадан харам етеді. Осылай Аллаһтың харам еткенін халал қылуға тырысады» деген «Тәубе» сүресінің 37-ші аятымен айлардың орнын ауыстыруға тыйым салынды.

 

Қасиетті төрт айлардың бірі

Мухаррам айы – Зүл-қада, Зүл-хиджа және Ражап айларымен бірге Құран кәрімде аталған қасиетті айлардың бірі. (Тәубе 36)

Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Айлардың мәртебелісі – Мухаррам, күндердің мәртебелісі – жұма». (Дәйләми)

«Рамазаннан кейінгі ең құнды ораза – Аллаһу та’аланың айы болған Мухаррам айында тұтылған ораза. Парыздардан кейін ең құнды намаз – түнде оқылған намаз болып табылады». (Мүслим, Ибн Мажә, Әбу Дауд, Тирмизи, Нәсаи)

«Нәпіл ораза тұтатын болсаң, Мухаррам айында тұт. Өйткені ол Аллаһу та’аланың айы. Ол айда бір күн бар, ол күнде Аллаһу та’ала өткен қауымдардың бірінің тәубесін қабыл еткен. Тағы да сол күні тәубе еткен адамдардың күнәларын кешіреді». (Тирмизи)

Нәпіл ғибадаттардың сауабына кенелу алу үшін әһли сүннет сенімінде болу, харамдардан сақтанып, күнәларға тәубе ету, парыздарды кемшіліксіз орындауға тырысу, ол амалды ғибадат ретінде жасауға ниет ету де шарт болып табылады.

 

Жаңа жыл дұғасы

Хадис шәрифте былай делінген:

«Кімде-кім Мухаррам айының алғашқы күнінде төмендегі дұғаны үш рет оқыса, Аллаһу Та’ала ол адамды келесі Мухаррам айына дейін барлық бәле-жаладан сақтайды:

«Әлхамдулиллаһи Раббил-аләмин. Уассалату уәссәламу алә сәйидина Мухаммадин уә алә әлиһи уә сахбиһи әжмаин. Аллаһумма әнтәл-әбадиул-қадим, әл-хаййул кәрим, әл-ханнан, әл-мәннан. Уә һазиһи сәнәтун жәдидәтун. Әсәлука фиһәл-исмәтә минәшшайтанирражим, уәл аунә алә һазиһиннәфсил-әммарати биссуи уәл-иштиғалә бимә юқаррибуни иләйкә, йа зәл-жәлали уәл-икрам, бирахматикә йа әрхамаррахимин. Уә саллаллаһу уә сәлләмә алә сәйидина уә нәбиинә Мухаммадин уә алә әлиһи уә сахбиһи уә әһли бәйтиһи әжмаин».

Бұл дұғаны Ашура күні (Мухаррамның оныншы күні) үш рет оқыған адам келесі Мухаррамға дейін өлімнен де амандықта болатыны, өйткені тағдырында өлетіні жазылған адамға бұл дұғаны оқу нәсіп болмайтыны хабарланған.

www.islamdini.kz

Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz 

Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com

 

image001.jpg
image002.jpg
Reply all
Reply to author
Forward
0 new messages