Сұрап үйренген ғалым...

42 views
Skip to first unread message

Islamdini.kz

unread,
Sep 8, 2025, 8:04:48 AMSep 8
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D1576A.90232FB0

Періштелердің дұғасынан мақұрым қалу

Сұрақ: Құмар ойын құралы және музыкалық аспап, теледидар, жандының суреті, крест суреті, ит, жүніп адам, ішкілік және мас адам бар жерге рахмет періштелері кірмесе, не жоғалтқан боламыз?

Жауап: Ондай жерде намаз оқитын болса, мәкрух болып оқылған намаз сахих болады. Яғни ол адам намаз борышынан құтылғанымен намаз оқу арқылы пайда болатын үлкен сауапты ала алмайды.

Періште кірмеген үйге шайтан кіреді. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Жәрс (қоңырау) бар бөлмеге рахмет періштелері кірмейді». (Нәсаи)

«Жәрс – шайтанның мизмары». (Мүслим)

(Мизмар – әр түрлі музыкалық аспап). (Мүнжид)

Қажеттілік болмағанша ойын-сауық үшін қоңырау тағылған жануарға міну мәкрух болады. Қоңырау тағылған керуенге рахмет періштелері келмейді». (Тәрғиб-ус-салат)

Шәйх-ул-ислам Ахмед ибн Кәмал хазрет былай деген:

«Мизмарларды сындыру үшін жіберілдім» хадис шәрифі «Музыкалық аспаптардың барлық түріне тыйым салу маған бұйырылды» деген сөз. (Қырық хадис)

Аллаһу та'ала шайтанға «Сенің азаншың – мизмарлар (музыкалық аспаптар деді. Азаншы азан айтып адамдарды ғибадатқа шақырады. Ал шайттанның азаншысы адамдарды күнә істеуге шақырады. Бұған музыкалық аспаптардың барлық түрі кіреді.

Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Қонақ дастархан басында отырғанда періштелер үй иесіне дұға етеді». (Табарани)

«Сірке суын тағамда қолданған адамдарға екі періште тамақтанып болғанға дейін дұға етеді». (И.Асакир)

«Періштелер сәреге тұрған адамдарға дұға етеді». (И.Ахмед)

Егер дастарханда ішкілік немесе періштелердің кіруіне бөгет болатын нәрсе бар болса, ол адам періштелер жасайтын осы дұғадан мақұрым қалады. Өйткені періштелер күнәсіз, олардың дұғасы қабыл болады.

Тағы хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Маған салауат айтқан адамның күнәларының кешірілуі үшін періштелер дұға етеді». (Әй, ұлым ілімхалы)

«Аллаһу та'ала зікір етілген жерлерге періштелер рахмет шашады». (Әбушшәйх)

«Құран кәрімді хатым еткен адамға 60 мың періште дұға етеді». (Хазинәт-ул-әсрар, Дәйләми)

«Адам әдепсіздік жасамағанша, намаз оқыған жерінен кеткенге дейін періштелер «Йа, Рабби, мына құлыңа қамқор бол» деп дұға етеді». (Нәсаи)

Егер салауат айтылған, зікір етілген, Құран оқылған және намаз оқылған жерде музыкалық аспап немесе періштелердің кіруіне бөгет болатын басқа бір нәрсе бар болса, ол періштелердің осы дұғасынан мақұрым қалады.

Тағы хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Періштелер адамдарға жақсылық үйреткен кісілерге дұға етеді». (Тирмизи)

«Дін бауырының бір ісін жасап берген адамға мыңдаған періште дұға етеді». (Ибн Мажа)

«Төсекке дәретпен жатқан адамға сол түні бір періште таңға дейін «Йа, Раббым, мына құлыңды кешіре көр» деп дұға етеді». (Хаким)

Егер ол жерлерде немесе жатын бөлмеде жандының суреті, құмар аспабы немесе рахмет періштелерінің кіруіне бөгет болатын басқа бір нәрсе бар болса, ол періштелердің осы дұғасынан мақұрым қалады.

Өлім жағдайындағы ауру жатқан бөлмеге жүніп кісі, жандының суреті, құмар аспабы, ит, музыкалық аспап және рахмет періштелерінің кіруіне бөгет болатын басқа нәрсе болмауы керек. Мүмин рухын тапсыратын кезде рахмет періштелерін көріп, жан беру азабын сезбейді. Ол бөлмеге рахмет періштелері кірмесе, ол адам өлерінде қиналып, азапқа душар болуы мүмкін.

Бір намаз уақытын жүніп күйде (ғұсылсыз) өткізу үлкен күнә. Мас болу, құмар ойнау және музыкалық аспап тарту харам болып табылады. (Бәриқа)

Өзі қолданбаса да, кезкелген музыкалық аспапты үйінде сақтау күнә болады. (Хадиқа)

Өзі істемесе де жаман нәрселерді үйінде сақтау – жаман, өзі істемесе де жақсы нәрселерді сақтау – жақсы. Мысалы, Құран кәрімді өзі оқуды білмесе де берекеттену үшін үйінде сақтау сауап болады. (Хиндия)

Өзі ойнамаса да үйде карта, нарды сияқты құмар ойын құралдарын ұстамау керек. Харамдардан, мәкрухтардан сақтансақ, рахмет періштелерінің дұғасына лайықты болып, пайдаланған боламыз.

Зиянның қай жерінен қайтсақ та пайдалы. Жас келмей тұрып тәубе ету керек. Хадис шәрифте былай делінген:

«Адам қырық жасына келе тұра күнәларына тәубе етпесе, шайтан ол адамның бетін сипап «Мына адам оңбайды» дейді». (И.Ғазали)

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: C:\Users\Aueskhan\Desktop\image002.jpg

www.islamdini.kz

Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz 

Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com

 

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Sep 15, 2025, 1:42:42 AMSep 15
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D1576A.90232FB0

Мәкрух істеу күнә ма?

Сұрақ: Мәкрухтардың бәрі бірдей дәрежеде күнә ма?

Жауап: Мәкрух екіге бөлінеді: Тахримән мәкрух, тәнзиһән мәкрух.

Тахримән мәкрух: Уәжіптің тәрк етілуі. Харамға жақын болған мәкрух. Бұларды әдейі істеген адам күнәхар болады. Тозақ азабына лайық болады. Намазда уәжіптерді үзірсіз тәрк етіп тахримән мәкрух істеген адамның сол намазды қайта оқуы уәжіп болады. Имам Мұхаммед «Тахримән мәкрух – харам деген сөз» деген. Ал имам Ағзам мен имам Әбу Юсуф харамға жақын деді. Тахримән мәкрух істеу кіші күнә болады. Кіші күнә істеуді жалғастырған адамның әділеттігі кетеді, пасық (күнәхар) болады.

Тәнзиһән мәкрух: Мубах, яғни халал болған істерге жақын болған, немесе орындалмауы орындалуынан жақсырақ болған істер. Мәселен, ғайри муәккәд сүннеттерді және мүстаһабтарды орындамау секілді. «Мәкрух» сөзі жалғыз өзі қолданылғанда «тахримән мәкрух» деген үкімді аңғартады.

 

Тахримән мәкрухтардан кейбірлері:

Ақшам намазынан бұрын нәпіл оқу. Кепіл ретінде алынған ақшаны (затты) рұқсатсыз қолдану. Алтын және күміс ыдыстармен ішіп-жеу және қолдану. Ата-ананы және әйелдің күйеуін есімін айтып шақыруы. Балықтан басқа теңіз хайуанаттарын, теңіз жәндіктерін жеу. Бірнеше адамның бір жерде дауыстап Құран оқулары.

Мешіт суреті бар жайнамазды жерге төсеу. Мешітте жоғары дауыспен сөйлесу, өлеңдер оқу, ұрыс-керіс жасау, дүниелік сөздерін айтып отыру. Мешітке немесе үйге қамалып алып, тек ғибадатпен ғана шұғылдану және ішіп-жеу, үйлену, қыдыру секілді зауықтарды тәрк ету. Жанды нәрсенің суреті бар киіммен намаз оқу. Парызды орындауға аздаған уақыт бар кезде (Таң намазының сүннетінен басқа) сүннетті орындауға кірісу.

Жаназаны көрген кезде тұрған жерінде оған қарсы тұрып күту. Пасықтың (ашық түрде күнә істейтін күнәхардың) азан айтуы және имам болуы. Отырып азан айту. Ұятсыз сөздер сөйлеу. Христиан және яһуди әйелге үйлену. Хутба мен намаз арасында имамның дүниелік істерді айтуы. (Мысалы, «Жоғалған зонтымды тапқан адам әкелсін» дегендей).

Басқа тақия кимей айналасына сәлде орап, үсті ашық күйде намаз оқу. Екінші рәкатта алғашқы оқыған аяттан бұрыңғысын оқу немесе екінші рәкатта біріншіден үш аят ұзын оқу. Ұмытып осылай оқып қойса мәкрух болмайды. Екінші рәкатта біріншіде оқыған аятты қайтадан оқу тәнзиһән мәкрух болып табылады. Имам болған адамның қыраатты және тәсбихтерді сүннет мөлшерінен артық созып оқуы. Имамнан бұрын рукуға немесе сәждеге бару, немесе одан бұрын көтерілу. Имамның артында Фатиха оқу. Жібекпен немесе ұрланған киіммен намаз оқу.

Әйелдің үзірсіз шашын қырқуы. Еркектерге ұқсамау шартымен құлақтарға дейін қысқартуы рұқсат. Әйелдердің бір-бірімен сүйісуі немесе жаназаға барулары. Өзі мұқтаж кезде садақа беру. Тәкәппарлық үшін, мақтану үшін еркектердің костюмнің көкірек қалтасына орамал салып бір шетін шығарып қоюлары. Алайда қажеттілік үшін, мысалы тер немесе мұрынды сүрту үшін болса рұқсат.

Құбылаға қарай аяқтарын немесе бір аяғын созу. Үзірмен немесе қателікпен созу мәкрух болмайды. Қолтық және шап қылдарын қыруды қырық күннен астам уақытқа кешіктіру. Келесі намаз уақыты тақалған кезде сүннет оқу. Намазда муәккад сүннетті тәрк ету. Муәккад болмаған сүннетті тәрк ету тәнзиһән мәкрух болады. Сүннеттерді үзірсіз оқымауды әдетке айналдыру кіші күнә болады. Ал сүннетке мән бермейтін адам кәпір болады.

Намазда және мешітте екі қолдың саусақтарын бір-біріне өткізу (айқастыру). Басқа жерлерде тәнзиһән мәкрух болады.

Үзірсіз нәпіл оразаны бұзу, бұзылған нәпіл оразаның қазасын өтемеу. Рамазан айы екені күмәнді болған күнде Рамазан оразасын ұстау. Құптанды түннің ортасынан кейінге, екіндіні ақшамға жақын уақытқа дейін кешіктіру. Нарды, шахмат сияқты ойындарды ойнау. Тұрақты түрде немесе ақша тігіп ойналса, харам болады.

Зәмзәм суымен, жапырақпен, қағазбен тазалану (әжетханада). Әжетханада құбылаға алдын немесе артын бұрып отыру. Ұмытылса немесе басқа бір үзір бар болса, мәкрух болмайды. Зекетті парыз болғаннан кейін бермей кешіктіру.

 

Сұрақ: С.Әбәдия кітабында «Мидия (теңіз жәндігі) жеу харам, ақшам намазын жұлдыздар көрінгенге дейін кешіктіру харам, екіндіні күн батуға бір найза бойы жақындағанға дейін кешіктіру харам» сияқты сөйлемдер өткен. Ал кейбір кітаптарда бұларға тахримән мәкрух делінеді. Мұның себебі неде?

Жауап: Ибн Абидин хазрет былай деген: Бахр-ур раиқ кітабында тахримән мәкрухқа харам деудің сахих (дұрыс) екені баяндалған. Имам Мұхаммедтің үкімі бойынша тахримән мәкрух – харам деген сөз. Ал шейхайнның үкімі бойынша харамға жақын. (Рәддул мухтар).

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Sep 22, 2025, 7:31:32 AMSep 22
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D1576A.90232FB0

Парыздан қарызы бар адамның нәпіл намазы

Сұрақ: Парыз намаздан қарызы бар адамның оқыған нәпіл намаздары қабыл бола ма?

Жауап: Абдулқадир Гейлани хазрет «Футух-ул ғайб» кітабында былай дейді:

«Мұсылман адам әуелі парыздарды орындауы қажет. Парыздар біткен соң сүннеттерді орындайды. Одан кейін басқа нәпілдермен айналысады. Парыздан қарызы бар кезде сүннетпен айналысу ақымақтық. Парыздан қарызы бар адамның сүннеттері қабыл болмайды. Хазреті Әли хабар берген хадис шәрифте айтылған:

«Мойнында парыз намаздан қарызы бар адам оның қазасын өтеместен нәпіл оқыса, босқа әуреленген болады. Ол адам қазасын өтемейінше Аллаһу та'ала оның нәпіл намаздарын қабыл етпейді».

Абдулқадир Гейлани хазрет жазған бұл хадис шәрифті шәрһ еткен (түсіндірген) ханафи мазһабының ғалымдарынан Абдулхақ Деһлеуи былай дейді:

«Бұл хабар парыздан қарызы бар адамның сүннеттерінің және нәпілдерінің қабыл болмайтынын көрсетеді. Сүннеттердің парыздарды толықтыратынын білеміз. Мұның мағынасы парыз орындалғанда оның кемеліне себеп болатын бір амал қалып кетсе, сүннеттер оқылған парыздың кемелденуіне себеп болады. Парыздан қарызы бар адамның қабыл етілмеген сүннеттері ештеңеге жарамайды».

Футух-ул ғайбтың бұл шәрһі парсы тілінде жазылып, Стамбұлда «Баязид мемлекеттік кітапханасында» 3866 нөмірде бар.

Ибн Абидин хазрет те нәпіл тақырыбында былай дейді:

«Хадис шәрифте: «Толық орындалмаған намаз, зекет және басқа да парыздар нәпілдер арқылы толықтанады» делінген. Имам Бәйһақи хазрет «Бұл хадис шәриф орындалған парыздардың ішіндегі сүннеттер нұқсан болса, нәпілдер арқылы бұл нұқсандық толықтанатынын көрсетеді. Болмаса орындалмаған парыздардың орнына нәпілдердің өтетінін көрсетпейді» деді. Өйткені басқа хадис шәрифте:

«Бір адам намазын толықтырмаған болса, ол намаздың үстіне толықтанғанша нәпіл намаздар қосылады» делінген.

Бұл хадис шәриф нәпілдердің орындалмаған парызды емес, нұқсандықпен орындалған парызды толықтыратынын көрсетеді деді».

Имдадтың Тахтауи хашиясында да бұл хадис шәриф аталып, сүннеттердің оқылған парыздағы кемшіліктерді толықтыратыны айтылған. Имам Ғазали мен Ибн Араби хазреттер секілді ханафи мазһабында болмаған ғалымдар болса нәпілдердің үзірмен жіберіп алған парыздардың орнына қойылатынын мәлімдеген».

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Sep 29, 2025, 1:45:07 AMSep 29
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D1576A.90232FB0

Жұбайың жаман болса...

Сұрақ: Кейбір күнәхар әйелдер: «Амал нешік, күйеуім ішеді, намаз оқуыма, ораза ұстауыма рұқсат бермейді. Сондықтан осылай күнәға баттық» десе, кейбір еркектер: «Әйеліме сөзім өтпейді, бейнамаз, жартыжалаңаш жүреді. Қатын жолдан шыққаннан кейін мен тақуа болар ма едім. Мен де күнә істеуге мәжбүр болдым» деп ақталуға тырысып жатады. Олардың өз-өздерін ақтаулары ахиретте өте ме?

Жауап: Жоқ, өтпейді. Өмірлік жолдасымыздың жаман болуының бізге әсері бар болса да, біздің дінімізді дұрыс ұстануға мүмкіндігіміз бар. Яғни олардың жаман болуы біздің де міндетті түрде жаман болуымызды қажет ететін себеп емес. Құран кәрімде осы тақырыпта мысалдар келтірілген. Әйелдері жаман болған екі пайғамбар жайында айтылған:

«Аллаһ имансыздарға Нұхтың әйелі мен Лұттың әйелін мысал ретінде көрсетеді: Ол екі әйел екі жақсы құлдың әйелдері бола тұра, оларға қарсы сатқындық жасап, кәпір болғандарын жасырған еді де, күйеулері болған екі пайғамбар Аллаһтан оларға келген азаптарға кедергі бола алмаған еді. Ол екі әйелге "Кәпірлермен бірге сендер де тозаққа кіріңдер" делінді». (Тахрим 10)

Нұх алейһиссаламның әйелінің есімі Уахилә еді. Нұх алейһиссалам қауымына «Күйеуім Нұх – жынды, оған сенбеңдер!» дейтін еді. Лұт алейһиссаламның әйелінің есімі Уаилә еді. Ол да күйеуі Лұт алейһиссаламға келген қонақтарды дұшпандарына хабар беру үшін түнде от жағып, ал күндіз түтіндікпен түтін шығаратын еді. Осылайша қауымы қонақ келгенін түсініп, жиналып, Лұт алейһиссаламның қонақтарына шабуылдауға тырысатын еді. Күйеулері пайғамбар болса да, бұл екі әйел тозақтық болған. (Бәйдәуи).

Тағы Құран кәрімде жоғарыдағы аяттан кейін күйеуі жаман болған бір мұсылман әйел жайында айтылады:

«Аллаһ сенгендерге перғауынның әйелін мысал ретінде көрсетеді: Ол «Йа, Раббым, маған жәннатта бір үй бер! Перғауыннан, оның әрекеттерінен және залымдар тобынан мені құтқар!» деген еді». (Тахрим 11).

Бұл мұсылман ханым Асия бинти Музахим еді. Мұса алейһиссаламға иман келтіргені үшін күйеуі перғауын оны қолдарынан және аяқтарынан төрт қазыққа байлап, кеудесіне үлкен тас қойып, күйдіретін күннің астында сол күйінде қалдырған еді. Осы қорлықтардың соңында қайтыс болған еді. (Жәлаләйн).

Тағы Құран кәрімде жоғарыдағы аяттан кейін намысын қорғаған хазреті Мәриәм мадақталуда. (Тахрим 12).

Хазреті Мәриәм Иса алейһиссаламды әкесіз туған кезде яһудилер зина жасады деп жала жапқан еді. Бұл аят айналасындағы жаман адамдарға қарамастан намысын қорғаған әйелдер үшін жұбаныш және сүйінші. (Бәйдауи).

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Oct 6, 2025, 1:36:48 AMOct 6
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D1576A.90232FB0

Әр жамандықтың бір ғана шарасы

Сұрақ: Бір досым намаз оқитын болса да ішкілік және басқа да жамандықтарын тастай алмай жүр. Бұл қалай болады екен?

Жауап: Дұрыс оқылған намаз әртүрлі жамандықтан сақтайды. (Анкебут 45)

Жамандықтан сақтай алмаған намаз дұрыс оқылып жатқан жоқ деген сөз. Хадис шәрифте былай делінген:

«Бір адамның намазы оны әртүрлі жамандықтардан сақтамайтын болса, оның Аллаһтан ұзақ болуы артады.» (Табарани)

Олай болса, істейтін жұмысымыз – намазды дұрыс оқуға тырысу. Намазды дұрыс оқи алу үшін алдымен сенімнің дұрыс болуы шарт. Одан кейін басқа шарттары да келеді. Ғұсыл мен дәреттің дұрыс болуы керек. Осы шарттарға мән берген адам міндетті түрде әртүрлі жамандықты тастайды.

Жамандармен бірге жүру де өте зиянды. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Жаман дос теміршінің көрігі сияқты. Үрлеген кезінде оттың ұшқындары сені жақпаса да, иісі сені мазалайды.» (Бұхари)

«Жақсы дос иіссу сататын адам сияқты. Саған иіссу сеппесе де, қасыңда болған кезде әдемі иістерінен пайдаланасың.» (Мүслим)

 

Ішкілік және намаз

Сұрақ: Күйеуім ішкілік ішіп алған кезде де намаз оқиды. Намазы қабыл болады ма? Ораза да ұстайды. Ішімдікпен оразасын ашатын кездері де болады. Намазы да, оразасы да босқа кетіп жатыр ма?

Жауап: Күнә басқа, ғибадат басқа. Яғни күнә істеген адамның да ғибадаттары сахих болады. Намаз қарызынан, ораза қарызынан құтылады. Сонымен қатар, дұрыс оқылған намаз адамды жамандықтардан сақтайды. Ондай адамдар ахыретте не үшін намаз оқымадың, ораза ұстамадың деп сұраққа тартылмайды. Неге ішкілікке түстің деп сұраққа тартылады. Ішкілік ішкен адамның оқыған намаздары сахих (өтеді) болады, бірақ қабыл болмайды. Қабыл болмайды дегені – сахих болмайды деген сөз емес. Сахих және ықыласпен жасалған әр ғибадаттың сауабы болады. Намаз борышынан құтылады, бірақ намаздан пайда болатын үлкен сауаптардың барлығына қауыша алмайды деген сөз.

Ашық жүрген әйелдің намазы да осындай. Намаз борышынан құтылады, намаз оқудан пайда болатын үлкен сауаптардың барлығына қауыша алмайды, яғни сауабы аз болады. Бұл тек ішкілік ішетін, ашық жүретіндер үшін ғана емес, әртүрлі күнә істейтіндер үшін де осындай. Өтірік айтатын, ғайбат ететін, сөз таситын адамның да намаздарының сауабы азаяды.

 

Намаз оқымайтын адам

Сұрақ: Мәжусидің (отқа табынушының) бірі Рамазан айында баласына сыртта тамақ жегізбейді, мұсылмандарға құрметпен қарайды және соңғы демінде иманмен өледі. Ал діни жазбаларда намаз оқымайтын мұсылманның иманмен жан тапсыруының қиын болатындығы, яғни иманының қауіпте болатыны жазылған. Ол мұсылман болса да кәпір болып өлуі мүмкін де, қалайша кәпір мұсылман болып өлуі мүмкін?

Жауап: Ислам діні адамдардан екі нәрсе талап етеді. Біріншісі, не білдірген болса, барлығына болғанындай иман келтіру. Екіншісі, осы иман еткендеріне құрмет етіп, барлығын ұнату. Бұлар иманға қатысты болғандары. Ал істеу-істемеулер болса күнә мен сауапқа қатысты. Келтірген мысалыңызда бір мәжусидің, яғни отқа табынушының оразаға, мұсылмандардың ғибадатына деген құрметі, қадірлеушілігі, оның мұсылман болуына себеп бола алады, тіпті болды да. Осыған ұқсас оқиғалар көп болған.

Бірақ бір мұсылманның жылдар бойы намаз оқымауы, басқа харамдарды істеуі, бұларды істегені немесе істемегені үшін емес, иман еткен нәрселерге құрметті азайтатындығы, тіпті жоқ қыла алғаны үшін күпірге түсу қаупін арттырады. Намаз – діннің тірегі делінген. Намаз адамды жамандықтардан әлбетте сақтайды делінген. Осындай өзін қорғайтын намазы, ғибадаты мүлде болмаған, оның үстіне біліп-білмей әрнәрсе айтып қойып, дінге деген құрметті жоғалтқандар да көп. Осы тұрғыдан екеуі екі түрлі. Бұларды бір-бірімен шатастырмау керек.

Кәпір бір калимаи шаһадат айтса, бірден мұсылман болады, бүкіл күнәлары кешіріледі, бірақ намаз оқымайтын мұсылман жоғарыда айтылған себептер салдарынан қауіпте.

 

Дұрыс оқылған намаз

Сұрақ: Дұрыс оқылған намаздың әртүрлі жамандықтардың алдын алатыны білдірілген. Намазды қалай оқысақ дұрыс оқыған боламыз?

Жауап: Намаздың дұрыс болуы үшін мыналар керек:

1. Дұрыс иман иесі, яғни Әһли сүннет сенімінде болу керек. Егер сенімде қателік болса, оның намазы және ешбір ғибадаты қабыл болмайды. Сондықтан әр мұсылман әһли сүннет сенімін үйрену керек.

2. Харамдардан сақтану керек. Харам жейтін, харам істейтіндердің намазы қабыл болмайды. Яғни тек намаз борышы ғана өтеледі, ахыретте неге намаз оқымадың деп сұралмайды, бірақ сауабынан махрұм қалады.

3. Намаздың парыздарына, уәжіптеріне, сүннеттеріне және мүстаһабтарына мән беру керек. Намазды мәкрух қылатын немесе бұзатын нәрселерден сақтану керек.

4. Әр уақытта намазды жамағатпен оқуға тырысу керек.

5. Намаз уақыты кірген кезде бірден оқуға тырысу керек, кешіктіріп мәкрух уақытқа қалдырмау керек.

6. Ғұсыл және дәрет дұрыс алынбаса, оқылған намаз да дұрыс болмайды. Алынған ғұсыл мен дәрет сахих болмаса, намаз да сахих болмайды.

7. Ғұсыл және дәреттің парыздарына, сүннеттеріне және мүстаһабтарына мән берілмей, мәкрухтары мен муфсидтерінен сақтанылмаса, бұлай алынған ғұсыл және дәретпен оқылған намаз дұрыс оқылған намаз болмайды. Парыз бен муфсидтеріне мән берілмесе, намаз онсыз да мүлдем сахих болмайды. Мысалы, тісінде қаптама немесе пломба болған адам Малики немесе Шафии мазһабын тақлид етпесе, ғұсылы сахих болмайды. Ғұсылы сахих болмағанша, намазы да сахих болмайды.

8. Намаз сүрелерін дұрыс оқи алу керек. Дұрыс оқылмаса намаз сахих болмайды.

Бір адам намаз оқып жүріп жамандықтардан өзін тыя алмаса, демек оның намазды дұрыс оқымайтындығы осыдан мәлім болады.

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Oct 13, 2025, 5:39:45 AMOct 13
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D1576A.90232FB0

Суреті бар жайнамаз бен киім қолдану

Сұрақ: Киім, жайнамаз, қол орамал немесе осы сияқты нәрселерде сурет болса, мұның діни тұрғыда зияны бар ма?

Жауап: Сәйид Абдулхаким Арваси хазрет:

«Бетінде жандының суреті бар қол орамал, ақша секілді заттарды қолдану рұқсат. Өйткені ондай нәрселер қадірсіз, маңызсыз, құнды заттар емес» деген. «Әл фиқһу аләл мәзаһибил әрбаа» кітабында да осылай жазылған. Ибн Хажәр Хийтәми Мекки хазрет фәтуасында былай деген:

«Қол орамал, ақша секілді нәрселерде жандының суреті болуының зияны жоқ. Өйткені жандының суретін құрметтелетін жерлерде қолдануға рұқсат жоқ, ал құрмет етілмейтін нәрселерде рұқсат».

Олай болса, жерде және жерге төселетін затта, жастық, алаша, қол орамал, ақша, пошта маркасында, сондай-ақ қалта, сөмке, шкаф секілді жабық жерлерде және киімнің кіндіктен төмен бөліктерінде болуы рұқсат етілген, ал кіндіктен жоғарыда болуы, қабырғаның кіндіктен жоғары бөлігінде ілініп тұруы харам. Әйел суреттерін және әурет жерлері ашық суреттерді шәһуатсыз болса да барлық жерде қолдану әрі оларға шәһуатпен қарау харам. «Хадиқа» кітабында былай делінеді:

«Бетінде жазу, тіпті бір әріп бар болған қағазды, жамылғыны, жайнамазды жерге қою, жерге төсеу тахримән мәкрух. Оларды не мақсатта болса да қолдану және жерге төсеу қорлау болып саналады. Ал әдейі қорлау үшін жерге төсеу және қолдану күпір болады. Қабырғаға жазу, жазуларды іліп қою рұқсат делінген». Жандының суреті бар киіммен намаз оқу мәкрух.

Бұдан түсінетініміз, қағбаның, мешіттің суреті немесе жазуы бар жайнамазды намаз оқу үшін жерге төсеу рұқсат емес. Бұларды сән үшін қабырғаға ілу рұқсат болады.

Ислам діні адамдардың мазақ етілуіне, жандыларға табынуға, жастардың ұятсыздыққа жетеленуіне, жанұялардың бұзылуына себеп болатын адам суреттерін, мүсіндерін харам еткен, жандылардың анатомиялық мүшелерінің, өсімдіктердің және әртүрлі физика, химия, астрономия, архитектура суреттерін халал еткен, еркіндік берген. Ғылымда, технологияда қажет болған суреттерді салуды, олардан пайда шығаруды әмір еткен. Ислам діні барлық мәселеде болғанындай суреттерді де пайдалы және зиянды деп екіге бөлген, пайдалы болғандарын әмір етіп, зиянды болғандарына тыйым салған. Олай болса кәпірлердің «Мұсылмандар суретке күнә дейді, бұл болса керітартпалық» деуі қып-қызыл жала және бос пікір.

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Oct 20, 2025, 3:53:41 AMOct 20
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D1576A.90232FB0

Жақсы жар таңдау

Сұрақ: Жар таңдағанда ата-анам айтқан қызды алу керек пе, әлде өзім іздеп табуым керек пе?

Жауап: Үйленуге шешім қабылдаған жастардың жар таңдауда ата-ана, аға-әпке, ағайын-туыс, көрші, дос-жараң сияқты жақындардың кеңесіне, көмегіне міндетті түрде жүгіну керек. Олардың тәжрибелерін пайдалану керек. Жастардың өз бастарымен жар таңдау жөнінде, оның келешекте қандай жар бола алатынын болжай алу, адам тани алу қабілеттері бәсеңдеу болуы мүмкін. Өйткені көбінесе жастар ақылға, тәжрибеге емес, сезімге сүйеніп әрекет етеді. Ал сезімдер көбінесе адамды жаңылыстырады. Сондай-ақ жастар бір-біріне тек жақсы қырларымен ғана көрінуге тырысады, бір-біріне шынайы бетпердесін аша бермейді. Ал ата-ана немесе ағайындардың пәлен жерде пәлен қыз бар өте діндар, сыпайы, пысық, өте қарапайым деген сияқты кеңестерімен жар таңдау өте жақсы дәстүр. Мұны кей жерлерде «қыз көру» салты, кей жерлерде «жеңгетайлық» деп те жатады. Бұрындары «атастыру» дәстүрі де бар болатын. Бұл да екі жақты бір-бірін жақсы танитын ата-аналардың балалары үшін жақсы жар болатын адамды таңдап беруі еді. Бір-бірін бұрыннан танитын, бұрыннан сыйласып жүрген адамдар болғандықтан құдалар арасы кикілжің бола бермейді, өзі таңдап бергендіктен келін-ене араздығы болмайды және «құдалардан ұят болады» дегендей сөздермен балаларының ұрыстарының ұзамауын, үлгілі болуын құлақтарына құйып отырады. Отбасы құру, ажырасу істерін зерттеген көп мамандар, мысалы «Бақыттың бұлағы Жанұя» атты кітаптың авторы Түркиялық Мехмет Оруч мырза осындай әдіспен, яғни үлкендердің кеңесімен үйленгендерде ажырасу мүлде болмайды дерлік өте сирек кездеседі деп мәлімдеген. Бұл дәстүрді батыстың шырмауына түскен кейбіреулер әдейлеп жамандайтындар бар. Жастардың бір-бірін көруіне жол бермей, келіспей мәжбүрлеп үйлендіреді екен деп те ойлайтындар аз емес. Ал негізінде бұл олай емес. Екі жақты ата-аналар өздері немесе жеңгетай арқылы сөйлескен соң жастарды әрине кездестіреді. Бұл онсыз да дініміздегі сүннет амал. Үйлену мақсатындағы жастар қылует болмайтындай жерде (адамдардың көзінен таса болмайтын жерде) кездесуіне, сөйлесуіне болады. «Көрмей тұрып үйленудің арты қайғы мен өкініш» деген хадис шәриф некеден бұрын жастардың көрісуінің маңыздылығын көрсетеді. Ата-ананың пікірін міндетті түрде алу керек, бұл маңызды шешімде олардың да рөлі, үлесі болуы қажет. Ата-анасын тыңдамай, қарсы шығып үйленгендердің опық жеп, кейін өкініп жататыны, ажырасып жататыны көп кездеседі. Үлкендердің өмірлік мол тәжрибелерінен пайдалану керек. Әрине соңғы шешімді жастар береді.

Жалпылама болашақ жарының бойынан діндарлық (ғибадаттарын орындайтын, күнә атаулыдан аулақ жүретін), дені сау болуы яғни жанұялық өмірге көлеңке түсіретін аурулары болмауы және жақсы мінезді болуына мән беру керек. Мінезі нашар, болмашыға ашуланатын, ашуланғанда қырып-жоятын адамдардармен тұрмыс қиын болады. Жаман мінездің кесірінен, арақ ішетін, есірткі, құмар ойындарына тәуелділік және т.б. күнәларды әдеттенгендерге үйленіп күйреген немесе бақытсыздық ішінде күн кешіп жатқан қаншама отбасы бар.  

 

Сұрақ: Болашақ күйеуімнің ақылды, намаз оқитын діндар, жақсы адам болуын қалаймын. Исламда жігіт пен кыз танысып араласуға, жүруге тыйым салынған. Ондай ер жігітпен тұрмыс құру үшін не істеу керек?

Жауап: Намаз оқитын жанұясы бар әйелдермен араласып тұратын болсаңыз, бұл мәселелер солардың араға түсуімен, жеңгетайлық етуімен шешіледі. Өзіңіз де көп дұға етіңіз. Жігіттің мазһабсыз, сектант болмауына мән беріңіз.

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Oct 27, 2025, 2:29:14 AM (10 days ago) Oct 27
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D1576A.90232FB0

Ғибадаттардың маңызына қарай реті

Сұрақ: Дініміздің ғибадат ретінде бұйырғандарына не жатады, олардың маңызына қарай реті қандай?

Жауап: Бұл туралы «Ибн Абидин» кітабында былай дейді:

«Мәшруат, яғни ғибадаттар – мұсылмандарға әмір етілген нәрселер төрт бөлімнен тұрады: парыз, уәжіп, сүннет, нәпіл. Аллаһу та'аланың айқын бұйырған әмірлерін «Парыз» деп атайды. Айқын болмай, тұжырыммен аңғарылған әмірлеріне «Уәжіп» дейді. Парыз немесе уәжіп болмаған, Расулуллаһ (алейһиссалам) өздігінен бұйырған немесе өзі орындаған ғибадаттарды «Сүннет» деп атайды. Егер оларды тұрақты орындап, сирек орындамаған және орындамағандарға ештеңе демеген болса, ол амалды «Сүннети һуда» немесе «Муәккәд сүннед» дейді. Бұлар ислам дінінің шиары (белгісі, ерекшелігі), яғни тек осы дінге ғана тән. Басқа діндерде жоқ. Пайғамбарымыз біреудің уәжіпті орындамағанын көргенде оған бөгет болатын. Расулуллаһ (алейһиссалам) өзі анда-санда орындамаған амалды «Сүннети ғайри муәккәдә» дейді. Муәккәд сүннетті үзірсіз (себепсіз) тұрақты тәрк ету (орындамау) мәкрух, кіші күнә болады. Аллаһу та'ала бүкіл ғибадаттарға сауап беретініне сөз берді, уәде етті. Бірақ ғибадатқа сауап берілуі үшін оған ниет ету қажет. Ниет – бұйрықты орындау және Аллаһу та'аланың разылығын алу үшін жасағанын жүрегінен өткізу деген сөз.

Осы үш бөлімдегі ғибадатты белгілі уақыттарда орындауды «Ада ету» дейді. Уақытылы орындамай, уақыты өтіп кеткеннен кейін орындауға «Қаза ету» делінеді. Ада немесе қаза еткеннен соң өз еркімен қайта орындау «Нәпіл ғибадат» деп аталады. Парыздарды және уәжіптерді нәпіл ретінде орындаудың муәккәд сүннеттерді орындаудан сауабы көбірек болады.

Расулуллаһтың (алейһиссалам) ғибадат ретінде емес, әдет ретінде тұрақты істеген амалдары «Сүннети зауаид» деп аталады. Киімдері, отыруы, тұруы, жақсы істерді оң жақтан бастауы және т.б. осындай амалдарға жатады. Бұларды істегенге де сауап беріледі. Бұларға сауап берілуі үшін ниет ету қажет емес. Ниет ететін болса, сауабы көбейеді. Зауаид сүннеттерді және нәпіл ғибадаттарды орындамау мәкрух болмайды».

Бұлармен қатар әдетке байланысты нәрселерде де Расулуллаһқа ұқсау дүниеде және ахиретте адамды көп нәрсеге қолжеткізіп, әр түрлі бақыт жолдарын ашады.

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Nov 3, 2025, 12:50:07 AM (3 days ago) Nov 3
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D1576A.90232FB0

Ең әуелі үйрену қажетті білімдер

Сұрақ: Мұсылман адам қандай білімдерді ең алдымен үйренуі керек?

Жауап: Бұл тақырыпта «Кимия-и саадат» кітабында былай жазылған:

«Әр мұсылманның ең алдымен әһли сүннет сенімін қысқаша үйренуі парыз. Одан кейін екі нәрсені үйренуі керек болады. Біріншісі жүрекке (көңілге), екіншісі денеге қажет болған білімдер.

Дене үшін болған білім екіге бөлінеді. Біріншісі орындайтын әмірлер, екіншісі сақтанатын тыйымдар.

Әмірлерді үйрену былайша болады:

Таң уақытында жаңадан мұсылман болған адамның бесін уақыты келгенде дәреттің және намаздың парыздарын үйренуі бірден парыз болады. Ал сүннеттерін үйренуі сүннет болады. Кеш болғанда ақшам намазының үш рәкат екенін үйренуі парыз болады.

Рамазан айы келгенде оразаның парыздарын үйренуі парыз болады. Бай болғанда бір жыл өткен соң зекетті үйренуі парыз болады. Қажылықты үйренуі қажылыққа баратын кезінде парыз болады.

Үйленбекші болған кезде неке шарттарын, әйел мен еркек хақыларын, әйелдердің үзір (хайз) жағдайларын үйренуі парыз болады.

Бір кәсіппен, саудамен айналысуды бастағанда сол кәсіпке байланысты әмірлер мен тыйымдарды, пайызды (өсімді) үйренуі қажет болады. Қай кәсіпті бастаса, сол уақыттың соған қатысты ғылымдарын үйренуі парыз болады.

Әр адамға өз кәсібін оқып үйренуі парыз болады. Басқа кәсіп білімдерін үйренуі парыз болмайды.

Соғыс уақытында да әскерді дайындау, жаңа қару-жарақ жасау, қолдану, отанды қорғауға қажетті ғылыми білімдерді қысқаша үйрену әр мұсылманға фарзи айн (жеке парыз), ал бұларда біліктілікке қол жеткізу фарзи кифая болады».

Харамдарды үйрену де әркімге әр түрлі парыз болады. Мысалы ер адамдар жібек киетін жерде тұратындардың жібек киюдің харам екенін үйренуі және білетіндердің білмейтіндерге үйретуі парыз болады. Жасанды жібек кию ер адамдарға да харам емес.

Алкогольді ішімдіктер ішілетін, шошқа еті желінетін, біреудің хақысы тапталатын, пайыз, пара алынатын, құмар ойын ойналатын жерде тұратындардың бұлардың харам екенін үйренуі парыз болады.

Ер-әйел бірге аралас отыратындардың махрам, намахрам болған әйелдерді және қарау рұқсат болған және рұқсат болмаған әйелдерді білуі, үйренуі парыз болады. Әйелдер, қыздар ашық жүретін, ер адамдар да тізеден жоғары жағын ашып жүретін жерлерде тұратын мұсылмандардың да жабуы парыз болған жерлерін үйренуі қажет. Әурет жерлерін ашып жүру және біреудің әурет жеріне қарау күнә болуымен қатар, мұны білмеу де бөлек күнә болады.

image001.jpg
image002.jpg
Reply all
Reply to author
Forward
0 new messages