АСХАБИ КИРАМ – 180

2 views
Skip to first unread message

Islamdini.kz

unread,
Oct 29, 2025, 5:51:47 AM (8 days ago) Oct 29
to islam...@googlegroups.com

АСХАБИ КИРАМ КІТАБЫНДА ЕСІМІ АТАЛҒАНДАРДЫ ТАНЫСТЫРУ (18)

Абдулмәжид хан [1256] жылы алғаш рет қағаз ақша шығарды. [1260] жылы «Мәжидия» көпірі салынды. Қазір ол Галата көпірі деп аталады. 1412 [м.1992] жылы қайтадан салынды. [1265] жылы Бешікташ пен Ортакөй арасында «Кіші Мәжидия» мешітін және Ортакөй айлағының жанында «Үлкен Мәжидия» мешітін салдырды. [1276] жылы Мачка мен Нишанташы арасындағы «Тәшвикия мешітін» салдырды. [1268] жылы «Ширкет-и Хайрия» деп аталатын Босфор кемелері жұмыс істей бастады. [1277] жылы Айдын темір жолы салынды. [1270] жылы теңіз түбімен суасты телеграф желісін тартқызды. [1272] жылы жер туралы заң шығарды. [1274] жылы әкімшілік-басқару құрылымын құрды. [1276] жылы сауда заңын жасады. Абдулмәжид ханның анасы «Безм-и Алем» сұлтан 1261 [м.1845] жылы Йенибахче аймағында Гураба ауруханасын және Долмабахче сарайының алдында теңіз жағасында «Валиде мешітін», сондай-ақ Бақыржыларда Баязит мұнарасының алдында үлкен сұлтандық лицейін және көптеген мешіттер мен ауыз су көздерін салдырған. Долмабахче деп аталатын жер [1023] жылы Бірінші Ахмед ханның бұйрығымен толтырылған. Бір төбені теңізге толтырып, жер жасаған. Долмабахче айлағын Бірінші Абдулхамид хан салған. Долмабахче сарайын Бірінші және Екінші Махмұд хандар ағаштан тұрғызған еді. 1269 [м.1853] жылы Абдулмәжид хан олардың орнына қазіргі керемет сарайды салдырды. Ол бес миллион алтын лираға түсті. Осыншама көп ақша халықтың қалтасына түскен болды, мыңдаған отбасының жүзі күлді. Сонымен қатар мемлекетке аса құнды әрі тарихи өнер туындысын сыйлады. Елде бейбітшілік пен өркендеу орнатты. Хижаз бен Анадолы жерлерінде көптеген ғимараттар салдырды.

Ислам дұшпандары Османлы халифаларына жала жапқанындай, осы мүбәрәк тұлғаны да қаралауға тырысады. Мемлекеттің түкпір-түкпірінде, әсіресе Мекке мен Мәдинада салдырған ғажайып өнер туындыларына «ысырап жасады» деп айыптайды. Аллаһу та'ала мубах еткен, рұқсат берген күң қолдануын, яғни шариғи құқығын күнә етіп көрсетеді. Тіпті «Ішкілік ішкен» деп те айтады. Сұлтан Екінші Сәлим ханға және Йылдырым сұлтан Баязитқа да осылай жала жапқан. Ешқандай дәлелге, дерекке сүйенбейтін бұл сөздерге аңқау мұсылмандар да сеніп қалады. Тіпті жаңа тарих кітаптарына да жазады. Алайда Османлы патшаларының барлығы әр істерінде исламға сүйеніп, ұлы ғалымдардың фәтуаларымен амал ететін. Олардың бәрі салих, діндар, мүбәрәк адамдар еді. Әрқайсысы ислам дініне көп қызмет етті. Екінші Сәлим ханның Едирнеде салдырған үлкен Селимия мешіті оның дұшпандарына ашық жауап беріп, жапқан жалаларын жоққа шығарып тұр. Дін дұшпандары әрдайым жақсыны жаман етіп көрсетіп, жаманды, дінсізді мадақтауға тырысады.

Абдулмәжид хан қабірінің биіктігі Явуз Сұлтан Сәлимнің кесенесінен төмен болуын өсиет еткен және солай жасалған. Оның кесенесінде ұлдары Бурханеддин мырза [1265-1293], Мұхаммед Абдуссамад мырза [1269–1271] және Осман Сафиуддин мырза [1271] жерленген. Ал ортадағы үшінші кесенеде Сұлтан Сүлейман ханның анасы Хафса сұлтан мен Сұлтан Сүлейманның шахзадалары Мұрад, Махмұд және Абдулла мырзалар мен бір ханым жатыр (рахимә-һумуллаһу та'ала). 243, 287, 368, 375, 376, 397.

26) АБДУЛУАҺҺАБ ШАРАНИ: Абдулуаһһаб бин Ахмед «Құтбы Шарани» атымен де танымал. Ол Шазили еді. Әли Хауастың шәкірті болған. Ариф және құтбы заман еді. 898 [м.1493] жылы дүниеге келіп, 973 [м.1565] жылы Каирде қайтыс болды. Тәфсир, фиқһ, тасаууф, тарих, нахв және медицина салаларында көп кітап жазған. «Дүрәр-ул ғауас фи фәтауа Әли Хауас», «Фәтһулуаһһаб фи фәдаил-ил ал уәл-асхаб», «Кибрит-ул ахмәр фи улум-ил шәйхил әкбар», «Китабул-минән уәл ахлақ», «Мизан-уш-шарания» және «Йәуакит уәл жәуаһир фи баян-и ақаидил-әкабир» кітаптары атақты. 58.

(Жалғасы бар...)

www.islamdini.kz

Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz

Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com

 

image001.jpg
image002.jpg
Reply all
Reply to author
Forward
0 new messages