|
Асхаби кирамға тіл тигізу Аллаһу та'аланың пайғамбарына (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) тіл тигізу болып саналады. «Асхаби кирамды құрметтемейтін адам Аллаһу та'аланың Расулына иман келтірмеген болып есептеледі» делінген. Өйткені оларды жамандау егелерін, қожайындарын (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) жамандау болады. Осындай қате сенімге түсуден Аллаһу та'алаға сиынамыз! Құран кәрімнен және хадис шәрифтерден шыққан үкімдерді бізге жеткізген асхаби кирам. Оларға тіл тигізгенде олар жеткізген нәрсе де маңызын жоғалтады. Ислам дінін бізге жеткізген асхаби кирам арасынан белгілі адамдар ғана емес. Мұнда әрқайсының қызметі, үлесі бар. Бәрі әділеттікте, туралықта, үйретуде тең. Асхаби кирамның (алейһимурридуан) кез келген біріне тіл тигізгенде ислам діні жамандалған, балағатталған болады. Аллаһу та'ала осындай жаман жағдайға түсуден бәрімізді қорғасын! Асхаби кирамды балағаттаған адам егер: «Біз сонда да асхаби кирамға ереміз. Олардың бәріне еру шарт емес. Тіпті мүмкін де емес. Өйткені олардың сөздері бір-біріне қайшы. Жолдары түрлі түрлі» дейтін болса, оған беретін жауабымыз: асхаби кирамның кейбіріне ерген болу үшін ешбіріне қарсы шықпау керек. Бір бөлігін жақтырмаса, басқа бөлігіне бағынған бола алмайды. Өйткені, мысалы Әмір [Әли] (радиаллаһу анһ) басқа үш халифаны ұлы деп білетін, құрметтейтін және бағынуға лайықты екенін білетін еді. Оларға шын көңілімен биат етіп, бағынып, халифалықтарын қабыл еткен еді. Басқа үш халифаны жақсы көрмейінше Әмірге (радиаллаһу та'ала анһум) бағынғанын айту өтірік болады, жала болады. Тіпті Әмірді жақтырмау оның сөздерін, іс-әрекеттерін қабылдамау болады. Аллаһу та'аланың арыстаны Әли (радиаллаһу анһ) туралы «олармен өтіріктен жақсы қарым-қатынаста болып көрінді» деп айту наданның, ақымақтың сөзі. Аллаһтың арыстанының сондай білімі және қаһармандығымен толық отыз жыл бойы үш халифаға қарсы дұшпандығын жасырып, дос көрінгенін, олармен өтіріктен достық құрғанын қай адамның ақылы қабылдайды? Ең төмен мұсылманның өзі мұндай екі жүзділік жасай алмайды. Әмірді (радиаллаһу анһ) осыншалықты төмен қылатын, әлсіз, қу және екі жүзді қылатын ондай сөздердің жамандығын ұғыну қажет. Аллаһ көрсетпесін, Әмірдің (радиаллаһу анһ) осындай екенін бір сәтке қабылдасақ та пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) осы үш халифаны (ридуануллаһи та'ала алейһим әжмаин) мақтауына, ұлықтауына, бүкіл өмірі бойы оларды қадірлеуіне не дейді екен? Пайғамбарымызға (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) екі жүзді дей ме екен? Аллаһ сақтасын! Бұл мүлде мүмкін емес. Пайғамбардың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) дұрысты хабарлауы уәжіп, міндетті. Өтіріктен жақсы қарым-қатынас жасады деген адам дінсіз дүмше болады. «Маида» сүресінің жетпісінші аятында: «Ей, қадірлі Расулым! Раббыңнан саған түскендерді бәріне жеткіз! Оларды дұрыс жеткізбесең, пайғамбарлық міндетіңді атқармаған боласың! Аллаһу та'ала сені дұшпандық еткендерден қорғайды» делінген. Кәпірлер «Мұхаммед (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) уахи болып түскендердің өз ісіне жарайтындарын айтып, жарамайтындарын айтпайды» дейтін. Осыған орай осы аяти карима келіп бәрін дұрыс айтқаны хабар берілді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) ахиретке аттанған кезге дейін үш халифаны үнемі мақтайтын, өзгелерден үстем тұтатын. Демек оларды мақтау, үстем санау қателік бола алмайды, қате жол бола алмайды. Иман келтіретін нәрселерде асхаби кирамның барлығына бағыну қажет. Өйткені сену керек болған нәрселерде оларда бір-бірінен мүлде айырмашылық жоқ. Фуру’да, яғни орындалатын істерде айырмашылық болуы мүмкін. Асхаби кирамның (ридуануллаһи та'ала алейһим әжмаин) біріне тіл тигізген адам бәрінің атына дақ түсірген болады. Өйткені барлығының иманы, ақидасы бір. Біріне тіл тигізген адам олардың ешқайсына бағынбаған болады. Бір-біріне сай болмағанын, араларында бірлік болмағанын айтқан болады. Олардың бірін жамандау оның айтқандарына сенбеу болады. Қайталап айтайық, ислам дінін бізге жеткізген олардың барлығы. Олардың әрқайсы әділетті, турашыл. Әрқайсының ислам дінінде хабар берген бір нәрсесі бар. Әрқайсы аяти карималарды жеткізіп, Құран кәрімді жинақтаған. Бір бөлігін жақтырмаған адам ислам дінін жеткізгенді жақтырмаған болады. Аңғарылғанындай, ол адам исламды толық орындамаған болады. Ал ондай адам тозақтан құтыла ала ма? «Бақара» сүресінің сексен бесінші аятында: «Құран кәрімнің бір бөлігіне сеніп, бір бөлігіне сенбейсіңдер ме? Бұлай істегендердің жазасы дүниеде масқара және қарабет болу. Ал ахиретте ең ауыр азапқа тасталады» делінген. (Жалғасы бар...) |
|
Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com |