ШӘУАҺИД-УН НУБУВВӘ – 166

2 views
Skip to first unread message

Islamdini.kz

unread,
Sep 21, 2022, 1:37:29 AM9/21/22
to islam...@googlegroups.com

cid:image001.jpg@01D6F40A.DC6F4BA0

ИМАМ ЖАФӘР САДЫҚ (радиаллаһу анһ) (3)

∙ Ибн Жәузи (рахметуллаһи алейһ) «Сафуә-тус сафуа» атты кітабында өз риуаятымен Ләйс бин Садтан былай хабар берген: «Бір қажылық маусымында Меккеде едім. Екінді намазын оқыған соң Әбу Қубәйс тауына шықтым. Ол жақта бір кісі дұға етіп отырған еді. Демі біткенше «Йа, Рабби, йа, Рабби» деді. Кейін демі таусылғанша «Йа, Раббәһу, йа, Раббәһу» деді. Кейін демі біткенше «Йа, Рабби, йа, Рабби» деді. Тағы демі біткенше «Йа, Аллаһ, йа, Аллаһ» деді. Кейін «Йа, Хай, йа, Хай» дей бастады және демі біткенше айтты. Кейін демі таусылғанша «Йа, Рахим, йа, Рахим» деді. Кейін демі біткенше «Йа, Әрхамәррахимин» деді. Жеті рет осылай істеді. Кейін «Аллаһым, мен жүзім қалаймын және мына екі киімім де ескіріп қалды» деді. Дұғасы біте сала бір себет жүзім және екі киім қасында пайда болғанын көрдім. Алайда ол кезде жүзімнің мезгілі емес еді. Жүзімді жей бастағанында мен «Мына жүзімге мен де ортақпын» дедім. «Неге?» деп сұрағанында «Сен дұға еткенде мен «Әмин» деп тұрғанмын» деп жауаптадым. Ол «Мейлі, мұнда кел» деді, мен жақындап отырдым, бірге жедік. Жүзімнің сүйегі жоқ еді. Тойғанша жедім. Ондай жүзім жеген емеспін. Қанша жесек те, себеттегі жүзім мүлде азаймаған еді. Кейін ол маған «Мына екі киімнен қалағаныңды таңдап ал» деді. «Қажет емес» деп едім, «Онда сен бұрылып отыр, мен киіп алайын» деді. Мен бұрылып отырдым, киімдердің бірін изар (көйлек), бірін рида (шапан) ретінде киді. Ескі киімдерін қолына алып кетті. Мен де артынан жүрдім. «Сай» ауданына бардық. Ол жақта біреу алдынан шығып, «Ей, Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) немересі, мені киіндірші. Аллаһу та'ала да сені киіндірсін» деді. Ол қолындағы ескі киімдерін оған берді. Мен әлгі адамның артынан жетіп алып, «Мына киімді саған берген адам кім?» деп сұрадым. «Жафәр бин Мұхаммед (радиаллаһу анһ)» деп жауап берді. Кейіннен Жафәр Садық хазретті тапқым келді. Одан хадис шәриф тыңдау үшін қанша іздесем де, таба алмадым».

∙ Дауд бин Әли бин Абдуллаһ бин Аббас деген кісі Имам Жафәр Садықтың (радиаллаһу анһ) құлдарының бірін өлтіріп, мал-мүлкін алып қойды. Жафәр Садық хазрет Даудқа барып, «Құлымды өлтірдің, мал-мүлкімді тартып алдың. Саған қарғыс айтсам не істейсің?» деді. Дауд бин Әли «Мені қарғаймын деп қорқытып жатырсың ба?» деп мазақ қылды. Жафәр Садық (радиаллаһу анһ) үйіне барып, бүкіл түнін ғибадатпен өткізді. Сәре уақытында Дауд бин Әлиге қарғыс айтқаны естілді. Бір сағат өтпей Дауд бин Әли өлтірілді.

∙ Әбу Басир былай айтып берді: «Мәдинаға барған болатынмын. Қасымда күңім бар еді. Таңертең ғұсыл құйыну мақсатымен моншаға бару үшін сыртқа шықтым. Бір топ адамдың Имам Жафәр Садықты (радиаллаһу анһ) көруге бара жатқанын көрдім. Мен де оларға қосылдым. Барып, алдына кірдік. Ол маған қарап «Ей, Әбу Басир, пайғамбарлардың және ұлдарының алдына жүніп (ғұсылсыз) күйде кіруге болмайтынын білмейсің бе?» деді. Мен «Сізді көруден мақұрым қалмайын деп осы күйде келдім» дедім. Кейін ендігәрі олай істемейтінімді айтып тәубе еттім де, сыртқа шықтым».

∙ Бір адам былай айтып берген: «Бір досым бар еді. Халифа Мансур оны қамауға алған болатын. Бір қажылық маусымында Арафатта екінді намазынан кейін Жафәр Садық хазретті көрдім. Қамаудағы досымды сұрады. Мен «Әлі қамауда» дедім. Сол кезде қолын жайып, досыма дұға етті. Біраздан соң ант етіп, «Досыңды арапа күні екінді намазынан кейін босатты» деді».

∙ Бір адам былай айтып берген: «Меккеде киім сатып алған едім. Өзіме кебін болсын деп өлгенге дейін сақтамақшы болдым. Арафаттан Муздәлифаға барғанымызда ол киімімді жоғалтып алдым, қатты мұңайдым. Таңертең Минаға барғанда Мәсжид-и Хифте отырған едім. Сол кезде біреу келіп, «Сені Жафәр Садық хазрет шақырып жатыр» деді. Барып, сәлем бердім де, алдына отырдым. Маған «Қаласаң саған бір киім берейін, қайтыс болғаныңда саған кебін болады» деді. Мен «Жақсы болады, онсыз да киімімді жоғалтып алған едім» дедім. Қызметшісі бір киім әкелді. Дәл жоғалтқан киімімдей еді. «Мынаны ал да, Аллаһу та'алаға тапсыр» деді».

∙ Бір кісі былай айтып берген: «Бір күні Имам Жафәр Садықпен (радиаллаһу анһ) бірге Мәдинаға бара жатқанда бір әйел балаларымен бірге жылап отырған еді. Алдарында өліп қалған сиыр жатқан болатын. Жафәр Садық хазрет «Бұл не?» деп сұрады. Әйел «Біз мына сиырдың сүтімен күн көріп жүрген едік. Енді өліп қалды. Не істерімізді білмей қалдық» деді. Жафәр Садық (радиаллаһу анһ) әйелге «Аллаһу та'ала мына сиырды тірілткенін қалайсың ба?» деп сұрады. Әйел «Мына қайғым жетпей тұрғандай, мені мазақ қылып тұрсың ба?» деді. «Жоқ, мазақ қылмадым» деп мүбәрәк аяғын сиырдың өлігіне тигізді. Сиыр тіріліп, аяққа тұрды. Ол кезде Жафәр Садық хазрет көпшіліктің арасына кіріп, көзден ғайып болды. Әйел мұны істеген адамның кім екенін түсінбей қалды».

(Жалғасы бар...)

cid:image002.jpg@01D6F40A.DC6F4BA0

www.islamdini.kz

Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz

Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com

 

image001.jpg
image002.jpg
Reply all
Reply to author
Forward
0 new messages