|
118) ХАСАН БИН ӘЛИ: Хазреті Әлидің үлкен ұлы, Расулуллаһтың немересі. Он екі имамның екіншісі, ислам халифаларының бесіншісі. Хижреттің үшінші жылы Рамазан айының ортасында Мәдинада дүниеге келіп, 49 жылы Мәдинада қайтыс болды. «Мират-и каинат» кітабында былай жазылған: «Хазреті Муауия өзінен кейін орнына хазреті Хасанды (радиаллаһу анһума) халифа қылуға шешім қабылдады. Мұны халыққа жариялады. Язид әкесінің бұл шешімін естігенде өзі халифа болу үшін Шамнан хазреті Хасанның әйеліне у жіберді. «Сені мен жұбайлыққа аламын. Басыңнан аяғыңа дейін мал-мүлікпен, әшекей бұйымдарымен қамтамасыз етемін» деп оны алдады. Ол «менімен ажыраспақшы» деп онсыз да хазреті Хасанға кек сақтап жүрген болатын, оны улады». Хазреті Хасанның жүзі Расулуллаһқа қатты ұқсайтын. Жұмсақтық, разылық, сабырлық және жомарттық иесі еді. Халифа Османның үйі қоршауға алынған кезде әкесі тарапынан інісімен бірге көмекке жіберілген еді. Қырқыншы жылы ол Куфада халифа болды. Жеті айдан кейін хазреті Муауиямен соғысуды дұрыс санамай, халифалықты өз разылығымен оған тапсырды. Хазреті Айша имамның Расулуллаһтың қасына жерленуіне рұқсат берді әрі қатты қалады, дегенмен Мәруан оны Бақи мазарына жерлеткізді. Оның ұрпағын «шәриф» деп атайды. 29, 47, 48, 60, 61, 62, 63, 66, 68, 69, 74, 101, 105, 106, 110, 115, 118, 127, 131, 133, 134, 138, 140, 168, 181, 189, 193, 195, 221, 234, 235, 241, 242, 243, 244, 245, 246, 250, 302, 331, 359. 119) ХАСАН ЧЕЛЕБИ: Әкесі Мұхаммед шах. Молла Фәнаридің ұрпағы болып, ғалым және кемел еді. 840 жылы дүниеге келіп, 886 [м.1481] жылы қайтыс болды (рахимә-һуллаһу та'ала). «Бәйдауи» және «Тәжрид», «Тәлуих», «Мутаууәл», «Мәуақиф», «Уиқая» кітаптарына хашиялар жазған. Басқа еңбектері де бар. 90. 120) ХИНД БИНТИ УТБӘ: Исламның үлкен дұшпаны Утбә бин Рәбиа бин Абди Шәмс бин Абди Мәнафтың қызы, Әбу Суфянның жұбайы және хазреті Муауияның анасы. Одан бұрын Фақиһ бин Муғира Махзумның жұбайы болған. Ухуд соғысына қатысты. Дұшпан әскерлерін соғысқа шақыратын. Мекке жаулап алынған кезде күйеуінен бір күннен кейін мұсылман болды. Расулуллаһтың қайырлы дұғасын алды. Ярмук соғысында күйеуімен бірге ислам әскеріне қосылып, ислам жауынгерлерін римдықтарға қарсы соғысуға ынталандырды. 13 жылы Әбу Кухафәмен бір күнде қайтыс болды (радиаллаһу та'ала анһума). 12, 328, 355, 396, 398. 121) ХУМАЮН ШАХ: Есімі Мирза Мұхаммед. Үндістандағы Гургания мемлекетінің (Моғол патшалығы) екінші сұлтаны. Мирза Бабур шахтың ұлы. 913 жылы Кабулда дүниеге келіп, 963 жылы қайтыс болды. Ол 937 жылы патша болды. 946 және 947 жылдары Ауғанстанда Шир ханға қарсы жеңіліс тапты. Сөйтіп Иранды паналады. 962 жылы ауған әскерін жеңіп, қайтадан патша болды. 963 [м.1556] жылы қайтыс болды. Делидегі кесенесі өте әдемі және әшекейлі. Үнді сұлтандары 313-ші бетте. 12, 372. 122) ХУСЕЙН БИН ӘЛИ: Расулуллаһтың немересі, хазреті Әлидің екінші ұлы. Он екі имамның үшіншісі және әһли бәйттің бесіншісі. Хижреттің алтыншы жылы дүниеге келіп, 61 [м.681] жылы мухаррам айының оныншы күні Кербелада шәһид болды. Ол әр түрлі хадис шәрифтермен мақталған. Үнемі әкесінің қасында болатын. Әкесі шәһид болғанда Мәдинаға барды. Хазреті Муауия қайтыс болған кезде Язидке биат етпеді (бағынбады). Куфалықтар оны шақырып халифа қылғысы келді. Бауыры Мұхаммед бин Ханафия, Ибн Омар, Ибн Аббас және басқа да сахабалар бөгет болғысы келсе де, ол насихаттарды тыңдамай, жетпіс екі адаммен Меккеден Иракқа жолға шықты. Язид Шамнан мұны естігенде Ирак әкімі Убәйдуллаһ бин Зиядқа: «Оны Куфаға кіргізбе» деп бұйрық жолдады. Ол Са’д бин Әбу Уаққастың ұлы Омардың қолбасшылығында әскер жіберді. Омар кері қайтуын айтса да Имам қабылдамай соғысты. Қасындағыларға да қайта қайта «Беріліңдер!» деп айтылса да 72-сі толық шәһид болғанша шайқасты. Синан бин Әнәс Нәхаи хазреті Имамды шәһид етті. Мүбәрәк ұлы Имам Зәйнәлабидин он жасында және ауру болып жатқандықтан өлтірілмеді. Әйелдермен және имамның мүбәрәк басымен Шамға жіберілді. Мүбәрәк басы Мысырда Карафа мазарында жерленген. 29, 48, 65, 68, 69, 74, 105, 106, 110, 115, 118, 127, 131, 133, 134, 136, 137, 138, 139, 140, 165, 181, 195, 221, 235, 242, 243, 244, 250, 280, 302, 316, 329, 331, 358, 399, 400, 401, 402, 408. 123) ХУСЕЙН БИН ӘЛИ УАИЗ КАШИФИ: Сұлтан Хусейн Байкыра заманында Гераттың уағызшысы еді. «Мәуаһиб-и алия» атты парсы тіліндегі тәфсирі өте құнды. Мұхаммед бин Идрис Битлиси [982] жылы және сарай ұстаздарынан Исмаил Фаррух тарапынан 1246 жылы түрік тіліне аударылып, екіншісі «Мәуакиб» тәфсирі деген атаумен басылған. «Лубабул-ихтиярат тайин-ил әукат» кітабында намаз уақыттарының анықталуы баяндалған. Ол 910 [м.1504] жылы қайтыс болды (рахимә-һуллаһу та'ала). 52, 101. 124) ХУСЕЙН БҰХАРИ: Хусейн бин Яхия Бұхари – ханафи мазһабының ғалымы. 400 [м.1010] жылы қайтыс болды. Имам Мұхаммедтің «Жами-ул кәбир» кітабын шәрһ еткен. 107. (Жалғасы бар...) |
|
Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com |