АСХАБИ КИРАМ – 174

6 views
Skip to first unread message

Islamdini.kz

unread,
Oct 4, 2025, 1:02:23 AMOct 4
to islam...@googlegroups.com

АСХАБИ КИРАМ КІТАБЫНДА ЕСІМІ АТАЛҒАНДАРДЫ ТАНЫСТЫРУ (12)

Тарихта «31 наурыз оқиғасы» деп танылған 13 сәуір, 1909 жылы [м.1909] орын алған көтерілістің сұлтан Абдулхамидке ешқандай қатысы болмағаны нақты анықталды. Иттихатшылар сұлтанға адал бірінші әскерге сенбей, Салониктегі үшінші армиядан алып келген аңшы батальондарының бүлікті бастағаны дәлелденді. Яғни бұл оқиға иттихатшылардың алдын ала жоспарлаған айласы болған. Олар осылайша Салониктен болгар, серб, грек және албан тонаушыларының құрамынан құрылған шабуыл армиясын Стамбұлға жіберді. Талат бейдің қысымымен сұлтан Абдулхамит 27 сәуір, 1909 [м.1909] жылы тақтан түсірілді. Соңғы конституциялық кезеңде оның билігі тоғыз ай, бес күн жалғасты. Сұлтан Салониктен келген, шетелдік қару-жарақпен қаруланған бұл шабуыл әскеріне қарсы соғысуды көздеген қолбасшыларға қан төгілмесін, мұсылман қаны ақпасын деп қатаң бұйрық берді. Егер қаласа, тек Таксим мен Таш казармаларындағы жаттыққан сарбаздар мен адал офицерлердің өзі-ақ бұл тонаушы әскерді тас-талқан ете алатын еді. Бірақ ол мұсылманның мұсылманмен соғысып, бауыр қанының төгілуін қаламады. Стамбұлға кірген шабуыл әскерінің қолбасшылары бірден Йылдыз сарайына барып, ғасырлар бойы жиналған қазынаны, құнды жәдігерлерді, әлемдегі ең бай кітапханалардың бірі саналатын сарай кітапханасының бір бөлігін тонап кетті. Сұлтанның алтын күймесі де бөлшектеліп, бөліске салынды. Бұл жабайы тонаушылар «қаһарман», «құтқарушы» ретінде дәріптелді. Сол жылы иттихатшылар сұлтаннан екі жас кіші інісі Мұхаммед Рашадты орнына таққа отырғызды. Сұлтан Рашад қарт, үндемейтін адам еді. Ол елді қанға бөктіргендердің жүрегімен мұсылман еместігін көріп тұрды. Бұл жауыздардың алдында ол әлсіз, бейшара қуыршақ күйінде қалды. Иттихатшылар сұлтан Хамидтің атына дақ түсіретін, айып тағатындай бірде-бір қылмыс таба алмады. Халықтың оны қатты жақсы көретінін, аса құрметтейтінін көріп өлтіруге батылдары да жетпеді. Сол түні-ақ штаб офицері майор Фетхи Окярдың бұйрығымен Салоникке пойызбен жеткізілді. Ол жақта Алатини сарайында қамауға алынды. Ол қалған өмірін кітап оқумен және ғибадатпен өткізді. Билікті қолға түсірген иттихатшылардың көбісі, тіпті діни істердің басшысы болған шейх-ул-ислам мырзалар да масон еді. Сұлтан Хамид ханның қан төгіссіз және тыныш өткен билігінен кейін мемлекет саяси өлім жазалары мен қастандықтар мекеніне айналды. Көптеген адамдар өлім жазасына кесілді. Олар бір-бірін, тіпті өздерінің бас қолбасшысы болған Махмұд Шевкет пашаны да премьер-министрлігінің төртінші айында 11 маусым 1331 [1913] жылы өздері өлтіріп тынды. Оның орнына келген Мысыр ханзадасы Саид Халим пашаның үш жыл, жеті ай және жиырма үш күндік, ал оның орнына келген Талат пашаның бір жарым жылдық премьер-министр болған кездерінде мемлекет мүлде астан-кестен болды. Барлық жұрт өлім мен түрме қорқынышы ішінде өмір сүрді. Халықтың жанына, малына және ар-намысына қауіпсіздік қалмады. Исламға дұшпандық, күпірлік пен діннен шығу сәнге айналды. Әр аймақта зұлымдар шыға бастады. 1329 [м.1911] жылы Албания көтерілісі болды. Махмұд Шевкет паша үлкен әскермен де оны баса алмады. Сұлтан Решад 16 маусымда Косовоға барды. Бес жүз жиырма екі жыл бұрын атасы жеңіске жеткен сол жерде жүз мың албанмен бірге жұма намазын оқыды. Осылайша елге тыныштық орнатты. Махмұд Шевкет пашаның сексен екі батальонмен істей алмағанын сұлтан Мұхаммед Решад бір ғана көрінуімен (беделімен) жүзеге асырды. Әбуззия күнтізбесінің 19 ақпан, 1945 жылғы дүйсенбі күнгі бетінде былай делінген:

«Конституцияның басталуы еліміз үшін үлкен апаттар мен шығындарға себеп болды. Өйткені 1329 [м.1911] жылы Триполитания Италияға берілді. 1331 [м.1912] жылы Балқан соғысында жеңіліс болды. Екі үлкен құрлықпен байланысымыз үзілді. Африкада бір миллион екі жүз мың шаршы километр, Румелияда екі жүз елу мың шаршы километр жеріміз қолдан кетті. Бірінші дүниежүзілік соғыста бір миллион шаршы километрден астам жер жоғалды. Үлкен империя талан-таражға түсті. Бұл апаттарға иттихат және теракки партиясының аңғал, надан, жікшіл, қырсық, бөле-жара басқаруы себеп болды». Бірінші дүниежүзілік соғысқа Осман империясы үш миллион әскерімен қатысты. Оның бір миллионы қаза болды. Оның төрт жүз мыңы майданда шәһид болды. Одақтастардың жалпы саны жиырма үш миллион еді, олардың он бес жарым миллионы шығынымыз болды. Оның үш жарым миллионы майданда өлді. Ал жау әскерлерінің саны қырық үш миллион еді. Олардың жиырма үш миллионы қаза тапты. Тек бес жарым миллионы ғана соғыс майданында өлді.

(Жалғасы бар...)

www.islamdini.kz

Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz

Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com

 

image001.jpg
image002.jpg
Reply all
Reply to author
Forward
0 new messages