ПАЙДАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР - 6

3 views
Skip to first unread message

in...@islamdini.kz

unread,
Sep 16, 2026, 3:38:39 AMSep 16
to islam...@googlegroups.com

Бірінші бөлім (3)

Иса алейһиссалам өзінен кейін дінін жаю үшін асхабы арасынан он екі адамды таңдады. Оларды «Хауари» [Апостол (le Apôtre, apostle)] деп атайды. Олар:

Шәмун [Petrus], Юханна [Johannes], үлкен Яқуб, Петрустың бауыры Андреас, Филип [Philippus], Тома [Thomas], Бартоломей [Bartolomaus], Метия [Matthaus], кіші Яқуб, Барнабас, Яһуда [Judas] және Тадиус [Yakobi]. Кейбір кітаптарда Барнабас орнына Симон жазылған. Яһуда [Judas] мүртәд болды. Орнына Матиес [Matthias] таңдалды. Хауарилердің басшылары Петрус еді. Осы он екі мүмин Иса (алейһиссалам) отыз үш жасында аспанға шығарылған соң оның дінін жан-жаққа жайды. Бірақ Аллаһу та'ала жіберген діннің дұрыс күйде жайылуы сексен жыл сүре алды. Кейін яһуди дүмшесі Болюстың реформалары, қағидалары жан-жаққа тарады. Болюс Иса алейһиссаламға иман келтіргендей болып көрінді. Өзін дін ғалымы ретінде көрсетіп, «Иса Аллаһтың ұлы. Сондықтан оның бойында құдайлық сипаттар бар» деді. Басқа сөздер де ойлап шығарып айтты. Шарап пен шошқа етін халал етті. Құбылаларын қағбадан шығысқа, күн шығатын жаққа бұрғызды. Аллаһу та'аланың заты бір, сипаттары үшеу деді. Бұл сипаттар «Укнум» деп аталды. Мұнафиқ яһудидің бұл қағидалары алғаш жазылған Інжіл деген төрт кітапқа, әсіресе Луканың кітабына араласып, насара топ-топ болып бөлінді. Иса алейһиссаламда құдайлық сипат бар екеніне сенгендер мүшрик болды. Бір-біріне қайшы жетпіс екі ағым және кітаптар пайда болды. Қазір үш үлкен топтары қалған. Көбі мүшрик.

[Испанияның Балеар аралдарындағы Майорка (Majorque) аралында поп бола тұра Туниста мұсылман болып, Абдуллаһ бин Абдуллаһит-тәржуман есімін алған бір кісі «Тухфәт-ул әриб фиррәдди алә әһлис-салиб» атты араб тіліндегі кітабын сегіз жүз жиырма үшінші 823 [м.1420] жылы жазған, 1290 [м.1872] жылы Лондонда, 1401 [м.1981] жылы Стамбұлда Хақиқат кітап үйі тарапынан араб тілінде «Әл-мункизи аниддалал» кітабының соңында басылған, түрік тіліне де аударылған. Бұл кітабында былай дейді:

«Аталмыш төрт кітапты жазғандар Мета [St. Mathieu], Лука [St. Luc], Марко [St. Marc] және Юханна [St. Jean]. Інжілді алғаш өзгерткен, насараны мүшрик қылғандар осылар. Палестиналық Мета Иса алейһиссаламды тек аспанға шығарылған күні ғана көрген және содан сегіз жылдан кейін бірінші Інжілді жазған. Мұнда Иса алейһиссаламның Палестинада туылғанында байқалған таңқаларлық нәрселерді және яһуди патша [Герод]-тың оны бала кезінде өлтірмекші болғанда анасы хазреті Мәриәм ұлын алып, Мысырға апарғанын жазған. Хазреті Мәриәм ұлы аспанға шығарылғаннан алты жыл өткен соң қайтыс болды. Құдыста жерленген. Антакиялық Лука Иса алейһиссаламды көрмеген, Иса (алейһиссалам) аспанға шығарылған соң мұнафиқ болған Болюс тарапынан исауи дініне алынған, Болюстың [Павлостың] пікірлеріне уланып, Аллаһу та'аланың кітабын толықтай өзгертетін Інжіл жазған. Марко да Иса (алейһиссалам) аспанға шығарылған соң исауи болып, Інжіл атауымен Петрустан естігендерін Римда жазған. Юханна Иса алейһиссаламның нағашы әпкесінің ұлы болып, Иса алейһиссаламды бірнеше рет көрген. Бұл төрт кітапта бір-біріне қайшы келетін жазбалар көп». Бір мың үш жүз тоғызыншы 1309 [м.1892] жылы қайтыс болған харпуттық Исхақ мырза жазған «Дия-ул қулуб» және «Шәмс-ул хақиқа» атты екі кітабында, 1299 жылы қайтыс болған Хайдаризада Ибраһим Фасих мырзаның араб тіліндегі «Әссырат-ул мустақим» кітабында, Нәжәф Әли Тебризидің 1288 жылы Стамбұлда басылған парсы тіліндегі «Мизан-ул мәуазин» кітабында, 1959 жылы Бейрутта басылған Имам Ғазалидың араб тіліндегі «Әррәддул Жәмил» кітабында қазіргі Інжіл деп аталған кітаптардың қате екені, оларға сенгендердің көбінің мүшрик болғаны дәлелденген. Бұл үш кітап 1986 жылы «Хақиқат кітап үйі» тарапынан офсеттік баспада қайта басылған.

Иса алейһиссаламнан көргендерін және естігендерін дұрыс жазған Барнабастың Інжілі табылған және 1973 жылы ағылшын тілінде Пәкістанда басылған. «Қамус-ул алам» кітабында  былай делінеді: «Варнава – хауарилердің бұрынғыларынан. Маркостың көкесінің ұлы. Кипрлық. Болюс [Павлос] шыққаннан кейін оған қосылды. Екеуі бірге Анадолы мен Грекияны аралады. Миладтың алпыс үшінші жылы Кипрде шәһид етілді. Бір Інжіл және басқа біраз нәрселер жазған. Маусымның он бірінші күні оның құрметіне аталып өтуде».

www.islamdini.kz

Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz

Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com

 

image001.jpg
image002.jpg
Reply all
Reply to author
Forward
0 new messages