|
Сәйид Абдулхаким мырза 1332 [м.1914] жылы армяндар британдықтардың қаруымен мұсылмандарға шабуылдаған кезде ражаб айында Башқаладан хижрет етіп, [1337] жылы Стамбұлға келді. Әйюб сұлтан ауданында алдымен жазулы медресеге, кейіннен Гүмішсую төбешігіндегі Мұртаза мырза атындағы мешітке орналасты. Әр түрлі мешіттерде уағыз өткізіп, Вәфа лицейінде мұғалім, Сұлтан Сәлим мешітінің қасындағы Сүлеймания медресесінде де мұғалім болып, ислам дінін жаюды, дін дұшпандарына тұшымды жауап беруді бастады. Медреселердің ең жоғарғы университет бөлімі Сүлеймания медресесінде мудәррис, яғни бас профессор болып 8 зүл-қада 1337 және 5 тамыз 1335 [м.1919] күнгі жарлығымен тағайындалды. Жарлық мынадай еді: Дар-ул хилафа-тил алийя Сүлеймания медресесінде хадис шәриф дәрісін үйрететін ұстаз орнына Дебрелі Вилдан Фаик мырза, тасаууф дәрісін жүргізетін ұстаз орнына Хаккари ғұламасы Абдулхаким мырза және ................ және Шафии фиқһы дәрісін жүргізетін ұстаз орнына Хаққаридың бұрынғы депутаты сәйид Таха мырза тағайындалды. Бұл жарлықтың орындалуына мәшихат-и исламия жауапкер. Мұхаммед Вахидеддин. Бұл жарлық Жәридә-и илмия журналының 48-ші санының мың төрт жүз сексен төртінші бетінен алынды. Мұртаза мырза кеме жасау зауыты басқармасында бас хатшы болып тұрған кезінде зейнетке шыққан және Меккеде Ахмед Йәкдесттен фәйз алған. [1158] жылы Гүмішсую, Идрис сарайы маңында теңізге қарама-қарсы жерде мешіт тұрғызды. [1160] жылы қайтыс болып, теңізге қарап тұрған қабырғаның ішінде жерленді. Ұлдары да қасына жерленген. Бұл мешіттің алғашқы имамы Абдуллаһ Қашғаридан кейін оның ұлы Убәйдуллаһ мырза он жыл имам болды. Одан кейін имам болған Иса мырза [1206] жылы қайтыс болды. Сәлим хан оған кесене салдырды. Кейіннен Абдуллаһ мырзаның күйеу баласы челеби Убәйдуллаһ мырза [1208] жылы қайтыс болды. Соңында захири және батыни білімдер қазынасы сәйид Абдулхаким мырза имам, хатиб болып тағайындалып, 1362 [м.1943] жылы қайтыс болуына дейін осы жерде және тағы көптеген мешіттерде, оқу орындарында ислам дінін жайды. Мемлекеттің жан-жағынан және шетелдерден көкірегі ояу, талапты көптеген адам келіп, білім мен ғылымнан білмегендерін сұрап, жауабын алатын. Сол кездері дүниелік үшін, тіпті дұшпандық үшін келетін опасыз төмен адамдар да кездесетін. Көрегендігімен келушілердің пиғылын бірден біліп қоятын. Бірақ жұмсақ мінезді, мейірімді, көреген болғандықтан дос пен дұшпанды ажыратпай, бәрін кішіпейлдікпен, сыпайылықпен қабылдайтын. Ислам ғалымдарына таза жүрекпен келіп фәйз алғандар олардың жолында жүріп, ислам үкімдерін ұстануда. Сол дәргейден фәйз алғанын айтып, ғибадаттан қашып, күнәға батып жүрген адамдардың екі жүзді екенін аңғаруға болады. Жоғарыда аталып өткен Идрис сарайын Идрис хаким бин Хусамеддин салдырған. Баязид пен Явуз заманында үлкен ғұлама болған бұл тұлға Иран шекарасындағы жиырма бес тайпаның османлыларға бағынуына себеп болған, осылайша Чалдыран жеңісіне үлкен септігін тигізген. Бұлбұл сайының маңында өзі салдырған бұлақтың қасындағы жазық жерде жерленген. Ол [932] жылы қайтыс болған. Жұбайы Зейнеп ханым өзінің атымен Идрис сарайының қасына мешіт салған. Мешіттің қасында «Қар жауды медресесі» бар. Оның қасындағы бір үйде ниет құдығы бар. Артында Гүмішсую бұлағы бар. Қар жауды медресесін «Шолақ Хусейн медресесі» деп те атайды. Үшінші Мұстафа хан тарапынан салынған. Бұл медресенің артында [1230] жылы Доланжы дәруиш Мұхаммед мәуләуихана жасатқан. Сәйид Абдулхаким хазрет діни білімде және тасаууфтың нәзік марифаттарында терең дария еді. «Рабыта-и шәрифа» және «Әр-риядут-тасаууфия» кітаптары басылған. Уағыздарынан алынған білімдер мен оның кейбір хаттары 1404 [м.1983] жылы бес том күйінде жинақталған. Университет мұғалімдері, ғылым мен үкімет адамдары шешімі жоқ деп ойлаған өте қиын мәселелерін сұрауға келіп, сұхбатында, дәрісінде бір сағаттай отырып, жауабын алатын, сұрауға қажеттілік қалмастан сол мәліметке қанағаттанған күйде қайтатын болған. Оның ыстық назарына, сүйіспеншілігіне қол жеткізгендер шексіз кереметтерін көретін. Ол өте қарапайым, өте кішіпейіл еді. «Мен» дегені еш байқалмаған. «Біз есепке де алынбаймыз. Ұлы ғұламалардың жазбаларын түсіне алмаймыз. Тек қана берекеттену үшін оқимыз» дейтін. Алайда өзі сол білімдердің маманы еді. Жақындарының біріне «Мұнда бірнеше әулие жетіліп жатқан еді» деген болатын. Жақындарынан Қарамүрсәл мата фабрикасының басшысы Юсуф Зия Ақышықтың айтып беруі бойынша, түсімде Абдулхаким хазреттің алақанын сүйген едім. Ертеңіне Әйюб сұлтандағы үйіне барып, түсімде айтып бермекші болдым. Бардым. Әр уақыттағыдай қолын сүйейін деп еңкейгенімде мүбәрәк қолын аударып, алақанын жоғары қаратып созды да, «Түнде түсіңде сүйгеніңдей сүй» деді, артынша ілтипат көрсетіп, көп нәрсе айтып берді. 157-ші бетке қараңыз! 6, 20, 105, 154, 155, (157), 243, 262, 269, 314, 334, 347, 393, 395, 411. (Жалғасы бар...) |
|
Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com |