|
[Олардың бірін Ахмед Жевдет Паша (рахимә-һуллаһу та'ала) «Қысас-и Әнбия» кітабында былай хикаялайды: Хижреттің алтыншы жылы бір мың төрт жүз адаммен бірге қағбаны зиярат етуге Мәдинадан Меккеге аттанғанда кәпірлер мұсылмандарды Меккеге кіргізгісі келмеді. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) «Худәйбия» деп аталатын жерде тұрақтады. «Йа, Омар! Меккеге бар! Соғысуға келмегенімізді, қағбаны зиярат етіп кері қайтатынымызды оларға айт!» деп бұйырды. Хазреті Омар бұл бұйрықтың ижтиһад жолымен берілгенін түсініп, өз ижтиһадын айтып, «Йа, Расулаллаһ! Құрайш кәпірлері менің оларға дұшпан екенімді біледі. Араларына кірсем мені жермен-жексен етеді. Бұл іске Османның баруы дұрыс. Османның ол жақта туыстары көп. Олар оны қорғайды» деді. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) Омардың бұл жауабына ренжу былай тұрсын, қабылдады. Меккеге хазреті Османды жіберді. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) осы сияқты сахабаларының түрлі ижтиһадтарын қабылдаған және «Аллаһу та'ала дұрыс сөзді Омардың тіліне орналастырған» деді]. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) соңғы ауруында оларға бір нәрсе жазғысы келіп, қағаз сұрады. Асхаби кирам (алейһимурридуан) қағаз әкелуде пікірлері бір-біріне сай болмады. Қағаз әкелейік дегендер болғанындай, әкелмейміз дегендер де болды. Хазреті Омар-ул Фаруқ (радиаллаһу анһ) әкелмейміз дегендерден еді. «Бізге Аллаһтың кітабы Құран кәрім жетеді» деген болатын. Осы үшін де хазреті Омарға көп тиіседі. Ауыздарына келгенді айтудан тартынбайды. Дұрысы олардың ештеңе айтуға хақы жоқ. Өйткені хазреті Омар ол кезде уахидың тоқтағанын және Аллаһу та'аланың әмірлерінің толық болғанын, исламға қайнар ретінде тек ижтиһад жолының ашық қалғанын түсінген еді. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) ол кезде ижтиһадпен түсінгендерін жазатын еді. «Хашр» сүресінің екінші аятында: «Ей, ақыл иелері! Хабар берілгендерден ғибрат алыңдар!» делінген. Бұл жерде ижтиһад дәрежесіндегі ғалымдарға ижтиһад етуі әмір етілуде. Асхаби кирамның бәрі мүжтәһид еді. Ол жерде жазылатын ижтиһад білімдері үшін олар да ижтиһад етер еді. Хазреті Омар (радиаллаһу анһ) пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) ауруы күшейген кезде осы іс үшін де қиналуын дұрыс санамады. Расулуллаһты қатты жақсы көргендіктен: «Сахабалардың ижтиһадымен мәселенің шешілуі жеткілікті. Расулуллаһты шаршатпайық» деген оймен «Аллаһтың кітабы бізге жетеді» деді. Мүжтәһидтер іздеген білімдерін Құран кәрімнен ижтиһад жолымен шығарғандықтан, сол жазылатындарды ижтиһадпен шығаруымыз үшін бізге Құран кәрім жеткілікті деді. Тек қана «Аллаһтың кітабы жетеді» дегенінен аңғарылғаны бойынша сол кезде жазатын нәрселердің Құран кәрімде айтылғандардан шығарылатынын, хадис шәрифтерден шығарылатын нәрсе еместігін сезген еді. Көрініп тұрғанындай, хазреті Омар (радиаллаһу анһ) Расулуллаһты (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) қатты жақсы көріп, жанашыр болғандықтан, ауруы ең асқынған, күшейген кезінде жазумен әуре болуын, шаршауын, қиналуын дұрыс көрмей, қағаз әкелуді қаламады. Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) ол кезде жазғысы келуі сахабаларына сияпат, көмек көрсету үшін еді. Хабар берілуі міндетті түрде қажет болған нәрсе емес еді. Сахабаларын ижтиһад ету ауыртпалығынан құтқарғысы келген еді. «Қағаз әкеліңдер» әмірі көмек болмай, міндетті түрде қажетті болғанда қайта сұрайтын еді. Қалағанын әлбетте жазғызатын еді. Сахабаларының сөздеріндегі бөлінуді көріп бұл әмірінен бастартпайтын еді. Сұрақ: Хазреті Омар ол жерде «Сандырақтап жатқан жоқ па? Тексеріп көріңдер» деген болатын. Бұл не деген сөз? Жауап: Хазреті Омар (радиаллаһу анһ) ол кезде Расулуллаһтың ауруы күшейген кезде бұл сөзді қаламай айтқанын түсінген болуы мүмкін. Расында «Жазамын» деуі осындай екенін көрсетеді. Өйткені Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) үмми еді. Ештеңе жазғаны байқалмаған. «Менен кейін жолдан шықпаңдар» деуі де хазреті Омарды солай ойлатқызуы мүмкін. Өйткені Аллаһу та'ала діни білімдердің кемелдікке жеткенін және ниғметтердің толық болғанын әрі Аллаһу та'аланың бұл жағдайды ұнататынын хабар берген еді. Бұл жағдайда жолдан шығу қалай болады және қысқа уақыт ішінде жазылатын бір нәрсемен мұның қалай алдын алу мүмкін? Жиырма үш жылда жазылғандар жетпейді және жолдан шығудың алдын ала алмайды да, қысқа уақытта және ауру күшейген кезде жазылатын нәрсе мұның қалайша алдын алады? Хазреті Омар (радиаллаһу анһ) осыны бір мезетте түсініп «Қағаз әкеліңдер!» әмірінің пендешілікпен, қалауынсыз мүбәрәк аузынан шыққанын білді. Бұларды жақсырақ анықталуын, қайта сұралуын қалады. Осы жайлы сөйлескен кезде дауыс көбейгенде Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм): «Тұрыңдар. Шуламаңдар! Пайғамбардың қасында шулау дұрыс емес» деді. Басқа ештеңе айтпады. Қағаз бен қалам деген сөздер айтпады. (Жалғасы бар...) |
|
Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com |