|
10) АБДУЛҚАДИР ГЕЙЛАНИ: Мухиддин Әбу Мұхаммед бин Әбу Салих Мұса 471 [м.1077] жылы Иранда дүниеге келіп, 561 [м.1166] жылы Бағдатта қайтыс болды. Әкесі хазреті Хасанның немересі Абдуллаһ бин Хасан мусәнна тегінен. Абдуллаһтың анасы Фатима хазреті Хусейннің қызы. Сондықтан ол әрі сәйид, әрі шәриф. Ханбали мазһабында болған. Қадири тариқатының басшысы және барлық тариқаттардың фәйз қайнары. Мүршид, мүдәррис және мүфти еді. Өте үлкен ғұлама. 32, 61, 117, 144, 155, 158, 176, 199, 342, 391, 392. 11) АБДУЛЛАҺ БИН АББАС: Расулуллаһтың көкесі Аббастың ұлы болып, өте үлкен ғалым еді. Анасы Лубадә ханым Халид бин Уәлидтің нағашы әпкесі еді. Хижреттен үш жыл бұрын Меккеде дүниеге келді. Көп хадис шәриф білетін. Халифа омардың қиын мәселелерін шешетін. Сыффинде Имам Әлидің қолбасшысы болған. Абдуллаһ бин Зубәйрдің халифалығын қабылдамады. Тәфсирде өте озат еді. Ол муфәссирлердің (тәфсиршілердің) төресі. 68-ші жылы Таифте қайтыс болды. Ол ұзын бойлы, ақ реңді, сымбатты еді. Өмірінің соңында көзі көрмей қалды. Аббаси халифалары оның тегінен. 40, 59, 70, 74, 86, 119, 121, 122, 123, 125, 126, 130, 137, 165, 168, 169, 170, 184, 185, 189, 231, 243, 318, 345, 356, 359, 408. 12) АБДУЛЛАҺ БИН ЖАФӘР: Расулуллаһтың көкесі Әбу Талибтың немересі. Хабешистанда дүниеге келді. 80-ші жылы Мәдинада қайтыс болды. Ол өте жомарт еді. Хазреті Муауия оған көп сияпат көрсететін. Мұхаммед бин Әбу Бәкір Сыддық және Яхия бин Әли бин Әбу Талибпен анасы бір бауыр еді. Хазреті Әли мен Фатима-туз Зәхраның қызы Зейнептің күйеуі еді (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин). 66, 168, 204, 378. 13) АБДУЛЛАҺ БИН ӘБУ БӘКІР СЫДДЫҚ: Алғаш мұсылман болғандардан. Хижретте кәпірлерден үңгірге хабар әкеліп, түнде үңгірде жататын. Меккенің жаулап алынуында Хунәйн және Таиф жорықтарына қатысты. Таифте жараланды. 11-ші жылы қайтыс болды (радиаллаһу та'ала анһ). 99. 14) АБДУЛЛАҺ БИН ӘБУ ӘУФА: Асхаби кирамнан Куфа қаласында ең соңғы қайтыс болған. 86-шы жылы қайтыс болды. 19, 252. 15) АБДУЛЛАҺ БИН МӘСУД: Алғаш мұсылман болғандардың алтыншысы. Расулуллаһтың қасынан, қызметінен айрылмайтын. Құран кәрімді өте жақсы үйренді. Өте көп хадис шәриф жаттады. Мекке кәпірлерінің арасында ашық түрде оқитын. Көп қорлық көретін. Екі рет Хабешистанға және Мәдинаға хижрет етті. Бүкіл соғыстарға және Ярмук шайқасына қатысты. Жәннатпен сүйіншіленді. Халифа Омар-ул Фаруқ оны Куфаға мүфти ретінде жіберді. Отыз екінші жылы алпыс жасынан кейін қайтыс болды. Бақи мазарында жерленген (радиаллаһу та'ала анһ). 106, 163, 165, 168, 177, 182, 185, 189, 199, 208, 210, 241, 324, 330. 16) АБДУЛЛАҺ БИН МУБӘРӘК: Тәбә-и табииннің ұлыларынан болып, хадис және фиқһ ғалымы еді. 118-ші жылы Хорасанда дүниеге келіп, 181 [м.797] жылы қайтыс болды (рахимә-һуллаһу та'ала). Көп кітаптары бар. Бір жыл қажылыққа баратын, бір жыл жиһад жасайтын және бір жыл саудамен айналысатын. Табысының бәрін кедейлерге тарататын. Шамда біреуден алған қаламын қайтармай Мервке кеткен болатын. Қаламды қайтару үшін Мервтен Шамға келді. Сәһл Әли бин Абдуллаһ Мәрузи Абдуллаһ бин Мубәрәктің дәрістеріне тұрақты қатысып жүретін. Бір күні «Бұдан кейін сенің дәрістеріңе келмеймін. Өйткені бүгін келе жатқанымда сенің қыздарың үйдің төбесіне шығып, мені шақырған еді. «Менің Сәһлім, менің Сәһлім» деген еді. Оларға тәрбие бермейсің бе?» деді. Абдуллаһ бин Мубәрәк ол түні шәкірттерін жинап, «Сәһлдің жаназа намазына барайық» деді. Барғанында қайтыс болғанын көрді. «Қайтыс болғанын қайдан білдіңіз?» деп сұрағандарға: «Менің мүлде күң қыздарым жоқ. Оның көргені жәннаттың хури қыздары еді. Оны жәннатқа шақырған еді» деп жауаптады. Ол айтатын: «Әдеп деген не? Ғалымдар әртүрлі түсіндірген. Меніңше, әдеп – адамның нәпсін (өзін) тануы». «Біреудің бір теңге хақысын өтеу мың теңге садақа беруден жақсырақ». «Жұмыс істеп ақша табу тәуекелді бұзбайды» дейтін. «Тауазу (кішіпейілдік, қарапайымдылық) – байларға тәкәппар болу, ал кедейлерге кішіпейіл болу деген сөз» дейтін. «Егер ғайбат айтсам, анамды, әкемді ғайбаттайтын едім. Өйткені сауаптарымның оларға берілуі жақсырақ болады» дейтін. 10, 30, 31, 260. (Жалғасы бар...) |
|
Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com |