|
Сәйид Абдуррахман өз заманының мүршид-и кәмілі еді. Мыңдаған талапкер сұхбатына келіп фәйз алатын. Насихат ретінде алыс елдерге хаттар жолдайтын. Иришан шенеуніктерінен әмір Шәрәфәддин Аббасиға жазған парсы тіліндегі хаттары өте құнды. Сол хаттарының бірінде Мұхаммед Кәрім хан, Мұстафа және Фәйзуллаһ мырзаларға сәлем мен дұға етуде. Басқа бір хатына әмір Шәрәфәддин мырза мына қатарларды қосқан: «Мәулана бұл хатты бұл пақырға 1192 [м.1778] жылы жолдаған. Келген қиыншылыққа сабыр ету қажет екенін және сабырдың құндылығын жазған. Бірнеше айдан кейін атам Абдуллаһ хан мырза қайтыс болды. Мәулананың кереметін осыдан түсіну керек». Сәйид Абдуррахман Хошабта жерленген. Сәйид Лүтфи мырзаның он бір ұлы бар. Сәйид Лүтфи мырзаның ұлы Абдулғанидың ұлы Мир хаж, оның ұлы Абдуррахман, оның ұлы Мұхаммед Саид мырзалар. Лутфуллаһ мырзаның екінші ұлы Абдулғаффар, оның ұлы Шәриф, оның ұлы Мұхаммед Шәфик мырзалар. Лутфуллаһ мырзаның үшінші ұлы Мұхаммед – Сәйид Фәхим хазреттің өгей әкесі. Оның ұлы Тахир, оның ұлы Расул, оның ұлы Абдуллаһ мырзалар. Лутфуллаһ мырзаның төртінші ұлы Расул мырза. Бесінші ұлы сәйид Сибғатуллаһ – сәйид Таха Хаққаридың шәкірті еді. Оның ұлы Жәлаледдин, оның ұлы Әли, оның ұлы Салахаддин мырзалар. Оның екі ұлы Камуран Инан және Зәйнәл абидин Инан Битлис сенаторы және депутаты болған. Алтыншы ұлы Жәмалуддин, оның ұлы Абдулмәжид, оның ұлы Садуллаһ, оның ұлы Мухиддин, оның ұлы Абдуррахман, оның ұлы Лутфуллаһ, оның ұлы Нуруллаһ мырзалар. Абдулхамид мырзаның екі ұлы болып, бірі молда Сафи еді. Оның немересі Абдулхамид мырза. Екінші ұлы сәйид Фәхим Арваси (қуддиса сиррух) хазрет еді. Сәйид Мұхаммедтің жеті ұлы мен Хамида ханым есімді бір қызы бар еді. Хамида ханым Әмір Темір ұрпағынан Хуррәм бейдің жұбайы еді. Салих, Мәмдух және Саид есімді үш ұлы бар еді. Саид бейдің екі баласы Тәуфиқ бей мен Амина ханым. Амина ханым Мекки мырзаның бірінші жұбайы. Екінші жұбайы Афифа ханым. Сәйид Мұхаммедтің бірінші ұлы Махмуд мырза еді. Оның Зубәйда, Мәриәм және Әсма есімді үш қызы бар еді. Әсма ханым өте тақуа, салиха болып, Абдулхаким мырзаның бірінші жұбайы еді. Екінші жұбайы сәйид Фәхим Арвасидың (қуддиса сиррух) немересі Айша ханым еді. Ол Ахмед Мекки мен Мүнир мырзалардың анасы. Үшінші жұбайы Нине ханым аталған екінші Айша ханым, төртінші жұбайы Бәдрия ханым еді. Бесінші жұбайы Маида ханым 1396 [м.1976] жылы мамыр айында Стамбұлда қайтыс болған. Сәйид Мұхаммедтің екінші ұлы Мухиддин мырза еді. Оның екі ұлы және екі қызы бар еді. Қыздары Бәйаз ханым Фаруқ бейдің, ал Зәлиха ханым Абдуррахим Запсудың нағашы әжелері. Бір ұлы Хасан мырза, екіншісі Мұстафа мырза еді. Хасан мырзаның жеті ұлы мен жеті қызы болып, төрт ұлы бала кезінде қайтыс болған. Бесіншісі Мазхар мырза Нәсиба ханымның күйеуі еді. Алтыншы ұлы Мухиддин мырза Анкарада қайтыс болды. Жетіншісі Нәжмәддин мырза шағымдану сотының мүшесі еді. Наима ханымның күйеуі және Ахмед мырзаның күйеу баласы еді. Қыздары Нине Айша ханым Абдулхаким мырзаның, Дилбәр ханым Таха мырзаның, Фатима ханым сәйид Ибраһим мырзаның, ал Сабиха ханым Абдуллаһ бейдің жұбайлары еді. (Жалғасы бар...) |
|
Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com |