ШӘУАҺИД-УН НУБУВВӘ – 168

1 view
Skip to first unread message

Islamdini.kz

unread,
Sep 27, 2022, 11:59:31 PM9/27/22
to islam...@googlegroups.com

cid:image001.jpg@01D6F40A.DC6F4BA0

ИМАМ МҰСА КАЗЫМ БИН ЖАФӘР (радиаллаһу анһ)

Имам Жафәр Садық (радиаллаһу анһ) хазреттің ұлы. Он екі имамның жетіншісі. Күнясі Әбул Хасан және Әбу Ибраһим. Он екі имамның басқа күнялары да айтылған. Лақабы Казым. Өте сыпайы, аса жұмсақ мінезді болуы себепті және жамандық жасағандарына ашуланбай кешіруі, ашуын жеңуі себепті осы лақаб берілген. Анасы Хумәйда Бәрбәрия, ол күң еді. Мекке мен Мәдина арасындағы Әбуа жерінде хижреттің жүз жиырма сегізінші жылы, сафар айының жиырма үшінде, жексенбі күні дүниеге келді. Оларды Мәдинадан Бағдатқа алғаш апарған халифа Мәһди бин Мансур. Бағдатқа апарған соң оны қамауға алды. Имам Мұса Казым (радиаллаһу анһ) қамауда кезінде Мәһди бин Мансур бір түні түсінде хазреті Әлиді (радиаллаһу анһ) көреді.

Хазреті Әли оған «Демек сендер іс басына келетін болсаңдар, жер жүзінде бұзақылық жасап, туыстық байланыстарды үзесіңдер, солай ма?» деген «Мұхаммед» сүресінің 22-ші аяти каримасын оқыды. Халифа Мәһдидің уәзірі Рәби былай айтып берген: «Мәһди мені шақырды. Алдына кіргенімде осы аятты әдемі дауыспен оқып отырғанын көрдім. Маған «Дереу бар да, Мұса бин Жафәрді (радиаллаһу анһ) осында әкел» деді. Алып келгенімде онымен құшақтасты да, қасына отырғызды. Кейін түсін айтып беріп, «Маған және ұлдарыма тиіспейтіндеріңе сөз бере аласың ба?» деді. Мұса Казым (радиаллаһу анһ) «Уаллаһи, мен ондай іс жасамаймын және олай істеуді өзіме лайықты көрмеймін» деді. Мәһди «Дұрыс айтасың» деді. Кейін маған қарап «Бұларға мың алтын бер және жолға дайында, Мәдинаға барсын» деді. Мен дереу дайындықтарын жасап, ешқандай кедергі шықпасын деп оларды түнде шығарып салдым».

∙ Имам Мұса Казым (радиаллаһу анһ) халифа Харун Рашид дәуіріне дейін Мәдинада тұрды. Харун Рашид халифа болғанда оларды Бағдатқа әкеліп қамауға алды. Хижреттің жүз сексенінші жылы, ражаб айының жиырма бесінші жұма күні Бағдатта қамауда кезінде ол қайтыс болды. Мүбәрәк қабірі Бағдатта орналасқан. Яхия бин Халид Бәрмәкидің Харун Рашидтың бұйрығымен оны шәһид ету үшін құрмаға у салып бергені айтылады. У берілген күні Мұса Казым (радиаллаһу анһ) «Бүгін маған у берілді. Ертең денем сарғаяды. Кейін денемнің жартысы қызарады. Ертеңіне қараяды. Сол кезде мен қайтыс боламын» деді. Дәл айтқанындай болды.

Оның үстемдіктері, кереметтері және оқиғалары өте көп. Сол заманның тақуалары, үстем және таңдаулы адамдары «Одан өте көп кереметтер мен ғажайып оқиғалар байқалды» деген.

(Жалғасы бар...)

cid:image002.jpg@01D6F40A.DC6F4BA0

www.islamdini.kz

Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz

Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com

 

image001.jpg
image002.jpg
Reply all
Reply to author
Forward
0 new messages