ПАЙДАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР - 16

3 views
Skip to first unread message

in...@islamdini.kz

unread,
Oct 21, 2026, 1:28:38 AMOct 21
to islam...@googlegroups.com

Екінші бөлім (3)

Ақылды адам мың жылдан астам уақыттан бері ислам ғалымдары (рахметуллаһи та'ала алейһим әжмаин) бір ауыздан мақтаған әһли сүннет жолын ұстана ма? Әлде соңғы жүз жылдықта пайда болып, шыға бастаған заманауисымақ, прогресшіл дін надандарына сене ме?

Тозаққа түсетіні хадис шәрифтермен хабар берілген жетпіс екі топтың алдыңғы қатарындағылары, қызыл тілділері әр уақытта әһли сүннет ғалымдарына (рахметуллаһи та'ала алейһим әжмаин) тиіскен, сол мүбәрәк мұсылмандардың атына дақ түсіруге тырысқан, дегенмен оларға аяти карималармен және хадис шәрифтермен жауап беріліп масқараланған. Әһли сүннетке қарсы біліммен жетістікке жете алмайтынын көргенде олар қарақшылықты, әлімжеттікті бастаған, әр ғасырда мыңдаған мұсылман қанының төгілуіне себеп болған. Ал әһли сүннеттің төрт мазһабында болған шынайы мұсылмандар үнемі бір-бірін жақсы көріп, бауырдай өмір сүрген.

Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм): «Іс жүзінде мұсылмандардың мазһабтарға бөлінуі – Аллаһу та'аланың мейірімі» деген. 1282 [м.1865] жылы туылып, 1354 [м.1935] жылы Каирде кенеттен өлген Рашид Рыза секілді діндегі реформисттер болса мазһабтарды біріктіріп, ислам бірлігін құратынын айтады. Алайда пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) жер жүзіндегі барша мұсылмандардың жалғыз бір иман жолында, төрт халифасының тура жолында бірігуін әмір етті. Ислам ғалымдары (рахметуллаһи та'ала алейһим әжмаин) жұмыла еңбектеніп, төрт халифаның ақида жолын кітаптарға түсірді. Пайғамбарымыз әмір еткен осы жалғыз жолды «Әһли сүннет уәл жамағат» деп атады. Жер жүзіндегі бүкіл мұсылмандар осы жалғыз «Әһли сүннет» жолында бірігуі қажет. Исламда бірлікті қалайтындар мұны шын көңілімен қалайтын болса, бар болған осы бірлікке қосылуы керек. Бірақ өкінішке қарай ислам дінін іштен құлатуға тырысқан масондар, британдықтар үнемі осындай жалтырақ сөздермен мұсылмандарды алдаған, «ынтымақтастықты қамтамасыз етеміз» деген перденің артында «иман бірлігін» бөлшектеген.

Ислам дұшпандары сонау алғашқы ғасырдан бері ислам дінін жоюға тырысып келеді. Қазір де масондар, коммунисттер, яһудилер, христиандар әртүрлі жоспарларымен шабуылдап жатыр. Тозаққа түсетіні хабар берілген адасқан мұсылмандар да дұрыс жолдағы әһли сүннеттің атына дақ түсіру, мұсылмандарды тура жолдан айыру үшін қулық жасап, жала жауып жатыр. Осылайша ислам дұшпандарымен қосылып, әһли сүннетті құлатуға тырысып жатыр. Бұл шабуылдардың бастамашысы «Британдықтар» болды. Бүкіл империялық ресурстарын, қазыналарын, қарулы күштерін, әскери-теңіз флотын, техникасын, саясаткерлері мен жазушыларын осы сұрқия соғыстарда іске қосты. Осылайша дүниедегі ең үлкен екі ислам мемлекеті және әһли сүннеттің қорғаушысы болған Үндістандағы Гургания және үш құрлыққа жайылған Османлы ислам мемлекеттерін құлатты. Бүкіл мемлекеттерде исламның құнды кітаптарын жойды. Ислам білімдерін көп жерден өшіріп тазалады. Екінші дүниежүзілік соғыста коммунисттер жоқ болайын деп тұрған жерінен олардың күшеюіне, жайылуына себеп болды. Мұсылмандардың киелі жерлері Палестинада яһуди мемлекетінің құрылуы үшін қызмет еткен Сионизм (Сихюния) ұйымын ағылшын премьер-министрі Джеймс Балфур 1917 жылы құрды. Ағылшын үкіметі бұл істі жылдар бойы қолдап, 1366 [м.1947] жылы Израиль мемлекетінің құрылуын қамтамасыз етті. Тағы да ағылшын үкіметі Арабстан түбегін Османлылардан алып, Сауд ұлдарына тапсырып, 1351 [м.1932] жылы қате сенімді уаһһаби мемлекетін құрғызды. Осылайша ислам дініне ең үлкен соққы берді. Уаһһабилердің британдықтардан алған әмірлерімен Хижаздағы мұсылмандарға жасаған зұлымдықтары мен қорлықтары «Қиямет және ахирет» кітабының соңында ұзақ жазылған.

Абдуррашид Ибраһим мырза 1328 [м.1910] жылы Стамбұлда басылған түрікше «Әлем-и ислам» (Ислам әлемі) кітабының екінші томында «Ағылшындардың исламға дұшпандығы» жазбасының бір жерінде былай дейді: «Ислам халифалығының бір сәтке болсын ертерек құлатылуы британдықтардың бірінші мақсаты. Қырым соғысына себеп болуы және сол жерде түріктерге көмек беруі халифалықты жою үшін қулық еді. Париж келісімі бұл қулықты көрсетуде. [1923 жылы жасалған Лозан бейбіт келісімінде айтқан ұсыныстарында британдықтар бұл дұшпандықтарын айқын көрсеткен]. Әр уақытта мұсылмандардың басына келген пәлекеттер қандай жамылғымен жамылса да, үнемі британдықтардан келген. Британ саясатының негізі – ислам дінін жою. Бұл саясаттың себебі – ислам дінінен қорқуы. Мұсылмандарды алдау үшін сатылған опасыздарды, намыссыздарды қолдануда. Оларды ислам ғалымы, қаһарман қылып танытады. Сөзіміздің қорытындысы, ислам дінінің ең үлкен дұшпаны британдықтар». Абдуррашид мырза 1363 [м.1944] жылы Жапонияда қайтыс болды.

www.islamdini.kz

Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz

Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com

 

image001.jpg
image002.jpg
Reply all
Reply to author
Forward
0 new messages