|
Сұрақ: Мисуактың маңызы қандай? Мисуак қолданған кезде нендей нәрсеге мән беру керек? Жауап: Қазіргі күніміздің медицинасы тіс саулығы тұрғысында жаңадан шығара бастаған емдеу жолдарын Ислам діні 14 ғасыр бұрын үйреткен. Тістің саулығына өте пайдалы болған мисуак – ең қарапайым және ең жақсы тазалағыш болып табылады. Тістердің шіруінің алдын алу үшін мисуак қолдану өте пайдалы. «Larousse illustre Medical» атты медициналық кітапта: «Барлық тіс пасталары және ұнтақтары тіске зиянды келеді. Ең дұрысы қатты тіс щеткасын қолдану. Басында тісті қанатса да қорықпау керек. Тістің еттерін күшейтеді, одан кейін қанамайтын болады» деп жазылған. Тіс пастасы ауыздағы пайдалы, зиянды бүкіл микробтарды өлтіреді. Ал мисуак тек зиянды микробтарды өлтіреді. Мисуак дәреттің сүннеті, шафииде намаздың сүннеті. Хадис шәрифтерде былай делінген: «Мисуак қолданып оқылған намаз мисуаксыз оқылған намаздан жетпіс есе артық». (И. Нәжжар). «Жәбрейіл алейһиссаламның мисуак қолдану туралы көп айтқаны соншалық, парыз бола ма деп қорықтым». (И. Мажа). «Егер үмметіме қиындық бермейтінін білгенімде, әр намаз үшін дәрет алуды және әр дәретте мисуак қолдануды әмір етер едім». (Бұхари, Мүслим). «Түнгі намаз үшін тұрған кезде тістеріңді мисуакпен тазалаңдар! Өйткені бір періште намазда Құран оқығанның аузына жақындап тыңдайды». (Дәйләми). «Ауыздарың Құранның жолы, мисуакпен тазалаңдар». (Әбу Нуайм). «Пайғамбарлардың бес сүннеті: ұяттылық, жуастық, қан алдыру, мисуак және әдемі иіс». (Табарани). «Мисуак еркектің сөйлеу әдемілігін арттырады». (И.Адий, Хатиб). «Мисуак ауызды тазалайды, көздің көруін жақсартады, тіс еттерін күшейтеді, тістерді ағартады және құрттауының алдын алады, ас қорытуды жеңілдетеді, асқазанның жұмысын жақсартады, қақырық кетіреді, жақсылықтарды арттырады. Мисуак қолданған адам Аллаһу та’аланы разы етеді, періштелерді қуантады». (Әбу Нуайм). Мисуактың отыздан астам пайдасы бар. Ең төмені қиыншылықты кетіреді, ең жоғарысы өлім алдында шәһадат калимасын айтуды еске салады. Мисуак өлімнен басқа барлық дерттерге шипа болады. Сырат үстінен өтуді оңайлатады, қартаюды да бәсеңдетеді. Мисуак ауызды тазалайды, көзді нұрландырады, ауыз иісі мен ластығын кетіреді, тістерді ағартады. Тіс еттерін бекемдейді. Асты қорытады, қақырықты тоқтатады. Намаздың сауабын арттырады. Құран кәрімнің жолы болған ауызды тазалайды. Ауыз иісін жақсартады, әдемі сөйлеуді реттейді, асқазанды күшейтеді, шайтанды ренжітеді, сауаптарды көбейтеді, өтті азайтады. Бас тамырларын жақсартады, ауруын басады және өлім аузында рухтың шығуын оңайлатады. Пайғамбарымыз әрдайым өзімен бірге айна, тарақ және мисуак алып жүретін. Тістер сарғайғанда, ауыздың иісі өзгергенде, ұйқыдан тұрғанда, намаз оқуға тұрғанда, үйге кіргенде, жиналыстарға кірерде, Құран оқуға бастарда және дәрет аларда мисуак қолдану мүстаһаб болады. Имам Ағзам хазрет «Мисуак қолдану діннің сүннеттерінен» деген. Мисуак қолданудың ең аз мөлшері үстіңгі тістерге үш рет, астыңғы тістерге үш реттен сүрту. Мисуак қолданғанда тістердің ішін, сыртын, үстін және астын үйкелеп жүргізу қажет. Мисуакты оң қолмен қолдану керек. Оң қолдың кіші және басбармағы мисуактың астында қалған үш саусақ үстінде ұсталады. Мисуак қолдана бастағанда ауыздағы ылғалды жұту кейбір ауруларға пайдалы. Кейінгі ылғалдылықты жұтуға болмайды. Жұтылса уәсуәсаға себеп болады. Қолданғаннан кейін мисуакты жуып, басын төмен қаратып тік тұрғызып қою керек. Мисуак тым ылғалды немесе тым қураған және бір қарыстан ұзын болмау керек! Қалыңдығы кіші саусақтың қалыңдығындай болғаны жөн. (Рәддул мухтар).
Эрак ағашы Сұрақ: Мисуак эрак ағашынан жасалады делінген. Басқа ағаштан мисуак жасалмай ма? Жауап: Эрак ағашынан жасалған мисуак басқаларынан жақсы болып табылады. Эрак ағашы табылмаса зәйтун бұтағынан да жасауға болады. Анар ағашының бұтағынан мисуак жасалмайды. Хадис шәрифте былай делінген: «Мүбарак ағаш болған зәйтүннен жасалған мисуак қандай жақсы. Ол менің және менен бұрын келген пайғамбарлардың мисуагы». (Табарани). Зәйтүннен болса да, мисуак қолдануды қолдан жібермеу керек. Өйткені мисуак қартаюды азайтады, көздің көруін жақсартады, ауыз иісін кетіреді. Тағы көптеген пайдалары бар. (Рәддул мухтар).
Тісті тазалау Сұрақ: Намаз кітабында дәрет алатын кезде тісті мисуакпен тазалау мүстаһаб делінгенімен, дәреттің сүннеттері бөлімінде мисуак маңызды сүннет делінген. Бұл жерде қарама-қайшылық жоқ па? Жауап: Дәрет алатын кезде тісті тазалау сүннет. Мұны мисуакпен жасау мүстаһаб, жақсырақ. Яғни мисуак қолданылған кезде әрі сүннет, әрі мүстаһаб орындалған болады. Саусақпен немесе тіс щеткасымен тіс тазаланса тек сүннет орындалады. Бұл сүннет мисуакпен жасалған кезде одан бөлек мүстаһаб сауабы да беріледі.
Щетка күйіне келтіру үшін Сұрақ: Мисуактың ұшын жұмсартатын кезде щетка күйіне келтіре алмаймын. Қанша қолдансам да тақтай сияқты. Ұшын қылға ұқсату, щеткаға ұқсату үшін не істесем болады? Жауап: Жаңадан алынған мисуактың ұшынан 2 см қабығын ашып балғамен ақырын ұрылатын болса щетка сияқты ашылады. Суға салу қажет емес.
Әр уақытта қолданылады Сұрақ: Мисуак тек дәретте ғана сүннет пе? Жауап: Мисуак әр уақытта қолданылады. Әсіресе төсектен тұрып намазға тұрарда, тамақ жеп болғаннан кейін және дәретті бастарда көп қолданылады.
Қай кезде қолданылады? Сұрақ: Дәрет алатын кезде мисуак қай кезде қолданылады? Жауап: Дәретті бастарда.
Үштен артық сүрту Сұрақ: Мисуакпен тістерді үштен артық сүртсе сүннетке қайшы болмай ма? Жауап: Жоқ, қайшы болмайды.
Протез тістер Сұрақ: Протез тісті мисуакпен тазаласа сүннет орындалған бола ма? Жауап: Иә, орындалған болады.
Тісі болмаған Сұрақ: Тісі жоқ адам мисуакпен таңдайын сүртсе сүннет сауабын ала ма? Жауап: Иә, алады.
Қысқарғанда Сұрақ: Мисуак қысқарғанда да қолданыла ма? Жауап: Иә, қолданылады.
Мисуактың орнына сағыз Сұрақ: Әйелдердің мисуак қолдануы рұқсат па? Жауап: Иә, рұқсат. Әйелдердің сағыз шайнаулары да мисуак орнына өтеді.
Мисуак болмаса Сұрақ: Дәрет алған кезде мисуак болмаса не істеу керек? Жауап: Тісті тамақтан кейін және дәрет аларда тазалау сүннет. Бұл сүннетті мисуакпен жасау бөлек мүстаһаб. Мисуак табылмаса тіс щеткасымен, щетка да табылмаса саусақтармен тазалау керек. Оң қолдың бас бармағымен оң жақтағы тістерді, сұқ саусақпен сол жақтағы тістерді үш рет үйкеу арқылы тазаланады. (С.Әбәдия).
Мисуак бөліктері Сұрақ: Мисуакпен тіс тазалағанда мисуак бөлшектерін жұтудың зияны бар ма? Жауап: Әдейі жұтуға болмайды. Байқамай жұтып қойса зияны жоқ.
Мисуак қолданғанда Сұрақ: Мисуак қалай қолданылады? Жауап: Жоғарыдан төмен және төменнен жоғары қарай немесе ені бойымен де үйкеуге болады.
Мисуак қолдану Сұрақ: Мисуак қолданудың көптеген пайдасы бар екенін естідім. Сонымен қатар, өлерде калима-и шәһадатты еске түсіруге себеп болатындығы рас па? Жауап: Иә, өлерде калима-и шәһадатты еске түсіруге, иманмен жан тапсыруға себеп болады. (Дуррул мухтар, Мәрақил фәлах хашиясы, Сиражул уаһһаж, Мифтахул жәннат). |
|
Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com |
|
Сұрақ: Көз ауруына қарсы қолданған дәрілерімнің пайдасы тимеді. Көздің саулығы үшін қандай кеңестеріңіз бар? Жауап: Барлық дәрі бәріне бірдей әсер етпейді. Басқа дәрігерге де барып, қолданылған дәрілерді көрсетіп, басқа дәрілерді де байқап көргеніңіз жақсы болады. Өйткені хадис шәрифте былай делінген: «Аллаһу та’ала барлық аурулардың дәрісін, емін жаратқан. Тек өлімнің ғана шарасы жоқ». (Табарани). Аспанға, теңізге және жасыл түске қарау адамды тынықтырады. Жасыл түске қараудың көзге нұр беретіндігі, көзді қуаттандыратындығы, теңізге қараудың ғибадат екендігі, пайғамбарымыздың ағын суға және жасыл түске қарауды ұнатқандығы хадис шәрифтерде білдірілген. (Әбу Науйм). Тағы хадис шәрифтерде былай делінген: «Үш нәрсе көзге нұр береді: жасыл түске, ағын суға және сұлу жүзге қарау». (Хаким). «Сүрме жағу, жасыл түске және сұлу жүзге қарау көзді қуаттандырады». (И.Суюти). «Түшкірген кезде «Әлхамдулиллаһ» деген адам көз ауруын көрмейді». (Табарани). Қарауы халал болған адамдарға қарау пайдалы. Әйтпесе, бөтен әйелдерге қарау көзді әлсіретеді, көңілді қарайтады. Көз ауруына қарсы Құран кәрімді оқи алмайтын адамның да мусхафқа (Құран кәрім кітабына) қарап отыруы өте пайдалы. Сүйікті пайғамбарымыздың көзі ауырғанда Жәбірейіл алейһиссалам «Құран кәрімге қара!» деді. (Шира). Хазреті Әбу Бәкір Сыддық азан оқылып жатқанда Расулуллаһтың есімін естіген кезде екі бас бармағының тырнағын сүйіп, көздерін сүртеді. Пайғамбарымыз себебін сұрағанда: «Ей, Расулаллаһ, сіздің есіміңізбен берекеттену үшін» деді. Расулуллаһ алейһиссалам «Дұрыс істедің, бұлай істеген адам көз ауруын тартпайды» деп бұйырды. Тырнақтарды көзге қойғанда «Аллаһуммәғфаз айнаййә уә нәууирхума» деу керек. (Шәйһзада). |
|
Сұрақ: Адам қайтыс болғанда қабірінде және жерлегенге дейін басына не келеді? Жауап: Бұл туралы «Мифтах-ул-жәннә» кітабында жазылған хадис шәрифте былай делінеді: «Адамның рухы денесінен айрылғанда: «Ей, адам баласы, сен дүниені тастадың ба, әлде дүние сені тастады ма? Сен дүниені жинадың ба, әлде дүние сені жинады ма? Сен дүниені өлтірдің бе, әлде дүние сені өлтірді ме?» деген дауыс естіледі. Мәйітті жуындыра бастағанда: «1) Сенің әлгі мықты денең қайда? Сені не нәрсе әлсіретті? 2) Сенің шешендігің қайда, неліктен үн шығара алмай қалдың? 3) Сенің сүйікті достарың қайда, неге сені тастап кетті?» деген дауыс естіледі. Мәйіт кебінделіп жатқанда: «Азықсыз жолға шықпа! Бұл сапардан қайта оралу жоқ, кері қайта алмайсың. Баратын жерің азаптаушы періштелерге толы» деген дауыс естіледі. Табытқа салынған кезде: «Егер Аллаһу та'аланың разылығын алған болсаң, онда бағың жанып, үстемдік пен бақытқа бөлендің. Егер Аллаһу та'аланың ашуына тиген болсаң, онда саған обал!» деген дауыс естіледі. Мәйіт қабірінің басына барғанда: «Ей, адам баласы! Дүниеде жүргеніңде қабіріңе не әзірледің? Тас қараңғы мына қабіріңде нұр болатын не әкелдің? Байлығың мен абыройыңнан не әкелдің? Бос қабіріңді жайландыру және безендіру үшін не әкелдің?» деген дауыс естіледі. Мәйітті қабірге түсіріп жерлеген кезде қабір: «Артымнан сөйлеп жүрдің, енді ішімде үндемей жатасың» дейді. Соңында мәйіт жерленіп, сол жерде қызмет етіп жүрген адамдар тарағаннан соң Аллаһу та'ала ол адамға: «Ей, менің құлым, жалғыз қалдың, сені мына қап-қараңғы қабірдің ішінде бәрі тастап кетті. Олар сенің достарың, бауырларың, бала-шағаң және жақындарың еді. Алайда саған ешбірінің пайдасы тимеді. Ей, құлым, сен маған қарсы шықтың, бұйрығымды орындамадың, осындай жағдайға тап болатыныңды еш ойламадың» дейді. Егер қайтыс болған кісі иманды болса, Аллаһу та'ала оны кешіреді де: «Ей, мұсылман құлым! Сені қабіріңде жалғыз қалдыру маған жараспайды. Ізетімнің хаққы үшін саған мейірім танытайын – достарың таңырқасын, саған қамқорлық көрсетейін – ата-ананың баласына деген қамқорлығынан артық болсын» дейді. Аллаһу та'ала рақымдылығымен ол пенденің күнәларын кешіріп, қабірі жәннат бақшасына айналады, іші жәннат ниғметтеріне толады. Аллаһу та'ала сондай қамқор, сондай кешірімді – күнәһар құлдарын кешіреді. Оның мейірімді болғаны соншалық, күніне қанша рет құлдарының кемшіліктерін көріп, бәрін жасырады, бетіне баспайды». |
|
Сұрақ: Жазушылардың бірі: «Әр ұлттың намазда оқылатын сүрелерді, аяттарды намаз оқығанда өз тілінде, яғни аудармасын оқуына болады» дейді. Бұл дұрыс па? Жауап: Ибн Хажәр Мекки хазрет былай деген: «Құран кәрімді арабшадан басқа әріптермен жазу және басқа тілге аударып, Құран кәрім орнына мұны оқу бір ауыздан харам болып табылады. Арабшадан басқа әріптермен жазу және осылай жазылған Құранды оқу да харам. Құран кәрімді арабша әріптермен оқылуы бойынша жазу арқылы өзгерту де бір ауыздан харам». (Фәтәуә-и фиқһия, 37 бет).
Сұрақ: Мен намазда аяттардың аудармасын оқып жүрмін. Дінімізде қинау, мәжбүрлеу жоқ емес пе?. Құдай ешкімге қолынан келмейтінін жүктемейді. Әр қоғам өз тілінде ғибадаттарын орындай берсін! Ислам дінінің шарты тазалық және жақсы мінез, тіл емес. Қай тілде ғибадат жасалса да, ешқандай зияны жоқ. Солай емес пе? Жауап: Жоқ, олай емес. Намазда сүрелер мен дұғалар арабша оқылып, тек намазға бастар алдындағы ифтитах тәкбірінде «Аллаһу әкбар»-дың орнына «Тәңір ұлы» деп айтылса немесе басқа бір сөз айтылса, ондай намаздың мүлдем өтпейтіндігі, яғни қабыл болмайтындығы бүкіл фиқһ кітаптарында жазылған. Мысалы, «Рәддул Мухтар» кітабында нақты жазылған. Тіпті сәлемнен бұрын оқылатын дұғаларды да араб тілінде оқу шарт. Құран кәрімде және хадис шәрифте болмаған дұғаларды оқу да намазды бұзады. Арабшадан басқа қандай-да бір тілде намаз оқудың сахих болмайтындығын бүкіл ғалымдар бір ауыздан айтты. (Хиндия). Біз басқа халықтың ұлттық әнұранын аударып айтсақ, олар да біздің әнұранымыздың аудармасын оқыса, бұл ұлкен қателік, тіпті масқаралық болады. Әр мемлекеттің заңында көрсетілген негіздерге бағыну қажет болғанындай, Аллаһу та'ала да бізге намазды қалай оқуымызды бұйырған болса, солай оқуымыз керек. Иә, дінімізде жеңілдік бар. Алайда бұл әркім өз қысқа ойына келгенін істей берсін дегені емес! Мәжбүрлік жоқ дегені әркім өз ыңғайына қарап, оңайын таңдап, дінді қалағанынша өзгертсін дегені емес! Мысалы, сіздің есіміңіз Ғалым болса, мұның мағынасы «данышпан», «білгір», «білгіш» дегенді білдіреді. Бір адам сізді араб тіліндегі Ғалым сөзімен емес, аудармасымен шақырса, Ғалым мырза демей, Білгішбай мырза десе, не дер едіңіз? Бір есімнің аудармасын айтудың өзі өте ерсі болады да, намаздағы сүрелерді қазақша оқу қалайша орынды болсын? Дінде сіздің немесе біздің пікірлеріміз рөл ойнамайды. Себебі адамдар жәннатқа немесе тозаққа сіз бен біздің сөзімізге қарап бармайды. Сенімді кітаптарда не жазылған болса, соған қаралады. Аллаһу та'аланың әмірі болғандықтан, ғибадат тілі – арабша. Діннің иесі қалай талап еткен болса, солай жасалады. Бұйрықты тыңдамай, өзімізге ұнағандай өз білгенімізше оқуға тырысу дінді бұзып-бұрмалау болады. Құран кәрімнің аудармасын Құран үкімінде ұстау және намазда оқу түбегейлі рұқсат емес. Аллаһу та'ала Құран кәрімде: «Менің кітабым арабша, Құранды араб тілінде түсірдім» деген. Демек, Аллаһу та'аланың періштелер арқылы түсірген сөздерінің, әріптерінің және мағыналарының жиынтығы – Құран. Құран кәрім, тіпті арабшаның өзіне тілі жеңілдетіліп аударылса да Құран болмайды. Құранның түсіндірмесі болады. Мағынасы бұзылмаған болса да, тіпті бір әрпі ауысса да, Құран болмайды. «Фәтәуә-и фиқһия» кітабында былай делінеді: «Құран кәрімді басқа тілге аударып, Құран кәрімнің орнына мұны оқу және Құран кәрімді арабша әріптермен оқылуы бойынша жазу арқылы өзгерту де бір ауыздан харам. Құран кәрімді осылай жазған кезде және басқа тілге аударған кезде Аллаһ сөзі болған аяттардың мағынаны қысқа және нұсқа жеткізушілік әсері бұзылуда, Аллаһу та'аланың тәртібі бұзылуда. Осы сияқты себептерден Құран кәрімнің аудармасы намазда оқылмайды». Намаздың сыртында әр ұлттың өз тілінде дұға етуі рұқсат. Әркім уағыз бен насихатты өз тілінде жасауы керек. Дін үшін жасалатын басқа бүкіл қызметтер де осындай.
Ғибадат тілі – арабша Сұрақ: Бір профессор «Аллаһ барлық тілді біледі, намазды араб тілінде оқу шарт емес, Аллаһтан ештеңе жасырын емес. Ол бәрін көреді. Сондықтан, айналада ешкім болмаса жалаңаш намаз оқудың да зияны жоқ» деді. Маған да ақылға қонымды көрінгендіктен, бұл дұрыс па деп сұрағым келді. Жауап: Егер ақылға қонымдылықпен дін құралса, әркім өз пікірінше бір дін шығарады. Адам санындай діндер пайда болады. Дінде нақыл негізге алынады. Нақыл болса сәлим (толық) болған ақылға қайшы келмейді. Иә, Аллаһу та'ала барлық тілді біледі. Онсыз да бүкіл тілдерді Өзі жаратып берген. Бірақ ғибадат тілін араб тілінде білдірген. Оның әміріне мойынсұну шарт. Иә, Аллаһ жасырын болғандарды да біледі және көреді. Бірақ жалаңаш қалуға, жалаңаш күйде ғибадат жасауға тыйым салды. Намаз оқығанда ең әдемі киімдерімізді киюімізді әмір етті. Сүйікті пайғамбарымыз да, тіпті жуынғанда да жабынуымызды білдіріп, былай деді: «Әурет жерлеріңді жабыңдар! Жалғыз қалғанда да Аллаһу та'аладан ұялыңдар!» (Тирмизи). «Аллаһу та'ала ұялуды және жабынуды жақсы көреді. Олай болса, жуынғанда әурет жерлеріңді жабыңдар.» (Әбу Дауд).
Ғибадат тілі Сұрақ: Не оқығанымызды түсінбей оқылған намаздардың және жасалған ғибадаттардың пайдасы бола ма? Түсінуі үшін әр ұлт ғибадаттарын өз тілінде орындаса дұрысырақ болмай ма? Жауап: Дініміз ғибадат тілінің араб тілі екендігін білдірді. Ғибадаттың дұрыс болуы үшін араб тілінде оқу шарт, түсіну шарт емес. Түсінбегенін үйрену үшін нақылды негізге алған ілімхал кітаптарын оқу керек. Құран кәрімді ана тілі арабша болған адамдар да түсіне алмайды. Тіпті әулиелердің және ғұламалардың ең үстемі болған сахабалар да аяттардың мағыналарын Расулуллаһтан сұрайтын еді. Хадис шәрифтің мағынасы мынадай: «Құран кәрім – Аллаһу та'аланың мәтин (дұрыс) жібі. Мағыналарының бәрін түсіну мүмкін емес. Көп оқумен және тыңдаумен ескірмейді». (Ибн Мажа). Құран кәрімнің аз сөзбен үлкен мағына беретінін, бітпейтін, таусылмайтын мағыналардың бар екенін, бүкіл мағыналары білдірілсе де жазуға қағаз бен сия табылмайтындығы Құран кәрімде де білдірілген: «Оларға айт: Раббымның (білімін, хикметін білдіретін, таңдандыратын) сөздері үшін теңіздер сия болса, тағы соншама теңіз қосылса, теңіздер таусылады, Раббымның сөздері таусылмайды». (Кәһф 109). Демек, әрбір арабша білетін адам Құран кәрімді түсіне алмайды. Имам Ғазали хазрет былай деген: «Имам Ахмед бин Ханбал Аллаһу та'аланың «Түсініп те, түсінбей де Құран кәрім оқыған адам менің разылығыма қауышады» дегенін жеткізуде». (Ихия).
Намаз сүресін білмейтін адам Сұрақ: «Жаңадан мұсылман болған, бірақ арабша намаз сүрелерін білмейтін француз, неміс немесе орыс намазды сүрелер мен дұғалардың аудармаларын өз тілінде үйреніп, солай оқуына болады» дегенді оқыдым. Ғибадат тілін өзгерту рұқсат бола ма? Жауап: Түбегейлі рұқсат болмайды. (Фәтәуа-и фиқһия). Құран кәрімді жаттау өз тіліндегі бір кітапты толығымен жаттаудан әлдеқайда оңайрақ екенін көп адам біледі. Сүре мен дұға білмейтін адам бұларды бір қағазға жазып, намаз оқығанында алдына қояды. Үйренгенге дейін намаздарын осылай оқиды. Имам Ағзамнан басқа Имамәйннің, яғни Имам Мұхаммед пен Имам Әбу Юсуфтің үкімі бойынша Құран кәрім кітабына немесе қағазға қарап намаз оқу кітапты кәпірлерге, яғни яһудилер мен христиандарға ұқсау мақсатында болса, мәкрух болады. Бірақ кітапты кәпірлерге ұқсау ниет болмастан оқу мәкрух та болмайды. (Дуррул мухтар, Халеби, Мүлтәқа, Хиндия, Мәжмуа-и зухдия). Ешқандай дұға және сүре білмейтін адам осы үкім бойынша намазды қағазға қарап оқи алады. Ал шафии мазһабында Құран кәрім кітабына немесе қағазға қарап оқудың онсыз да ешқандай зияны болмайды. Жаңадан мұсылман болған немесе мүлдем сүре мен дұға білмейтін адамның қай мазһабта екендігі де маңызды. Өз мазһабында рұқсат болмаған нәрсе басқа мазһабта рұқсат болса, сол мазһабты тақлид етіп, сол істі орындаудың зияны болмайды.
Аллаһу та'ала барлық тілдерді біледі Сұрақ: Бір мазһабсыз молда «Аллаһ тек арабшаны ғана емес, барлық тілдерді біледі. Намазды әркім өз тілінде оқуы керек» дейді. Намазды араб тілінде оқу шарт емес пе? Жауап: Әлбетте шарт. Аллаһ барлық тілдерді білетін болса да, намазда түпнұсқасын оқуды әмір етті. Аллаһ бізге қай тілде оқуымызды әмір еткен болса, сол тілде оқу керек. «Арабшадан басқа тілде оқылған намаз сахих болмайды». (Ибн Абидин). «Намаз оқығанда басқа тілде дұға оқу харам болып табылады». (Дуррул мухтар). |
|
Сұрақ: Дос және жора-жолдастармен қандай қарым-қатынаста болу керек? Адамдарға жүк болу дұрыс па? Жауап: Доспен жақсы қарым-қатынаста болу үшін оған жүк болмау керек. Мүмкін болғанша қажеттіліктерді одан жасырып, көмек сұрамауға тырысу керек! Мал-мүлік, ақша сияқты нәрселерді де сұрамаған жөн! Бір лауазымға өту үшін де одан жәрдем сұрамау қажет! Артықша құрмет, қошемет және қажетсіз қызметтермен оған ауыртпалық бермеген жөн! Өзі істегісі келмеген нәрсені досынан күту – оған зұлымдық ету болып саналады. Досынан бір жұмыс істеп беруін өтінбеген адам қадірін көрсеткен болады. Ғалымдар былай деген: «Достардың жаманы – сен үшін әурешілікке түсіп, сені кешірім сұрауға мәжбүр қылатын адам». (Хазреті Әли). «Екі достың арасының суып кетуі тым артық әурешілік себебінен туындайды. Қонақ болып барған адам досы қажетсіз әурешілікке, әбігерге кіретін болса, ендігәрі қонаққа келмейді». (Фудайл бин Ияд). «Екі достың бірінің басқасынан тартынуы міндетті түрде бірінің кемшілігі салдарынан». (Жунәйд Бағдади). «Достарыңнан маған ең үлкен ауыртпалық бергені – мен үшін әбігер мен әурешілікке түсіп, осылайша мен одан тартынған адам. Ал жалғыз кезімде қандай болсам, онымен бірге болған кезімде де мәмілемді өзгертпеген адамды жақсы көремін». (Имам Жафар Садық). Әртүрлі әурешілікке түскен адам досына ауыртпалық берген болады. Осылайша бәрі одан тартынады. Жалғыз кезде қалай әрекет ететін болса, досының жанында да солай әрекет ететін адаммен достық құру оңай болады. Жанымызда үй киімімен тұра алмайтын дос бізден ұялады деген сөз. Ал бұл жағдай шыншыл еместіктің белгісі. Екі достың бірі екіншісінен ұялып жатқан болса, демек екеуінің бірінде нұқсан бар деген сөз. Достықтың шарты – өзара әурегершілікті тәрк ету. Әурегершілігі болмаған адамның достығы мен сүйіспеншілігі артады. Хадис шәрифте: «Өзіне лайықты деп санаған нәрсені саған лайықты деп санамайтын адаммен достық құрудың қайыры жоқ» делінген. (И.Адий). Достармен жақсы қарым-қатынаста болу тек оларға жүк болмау, оларға қиындық бермеу емес, сонымен қатар олардан келетін қиыншылықтарға төзу, шыдау деген сөз. Аллаһу та'ала Мұса алейһиссаламға «Мені жақсы көрген адам досынан келетін қиыншылықтарға төзеді» деген уахи жіберген. (Имам Ғазали). Қажеттіліктерімізге көмектесетін, қиыншылықтарымызға шыдайтын дос іздеп жүрген болсақ, дос емес, қызметші іздеп жүрміз деген сөз. Біз қажеттіліктерін өтеуге асығатын, қиыншылықтарына шыдай алатын, дерттеріне ортақ болатын адамдармен Аллаһ үшін дос болуымыз керек. Хазреті Айша анамыз «Мүмин мүминнің бауыры, оны олжа деп те санамайды, одан тартынбайды да» деген. Қажетсіз өтініштермен досқа жүк болмау керек! Мүмкін болғанша қажеттіліктерді достан жасыру керек! Одан мал-мүлік пен мансап сұрамау керек! Хазреті Әбу Бәкір түйенің үстінде кетіп бара жатқанында жібі жерге түсіп қалады. Түйеден түсіп, жіпті өзі алады. Мұны көргендер: «Бізге рұқсат берсеңіз, алып берер едік қой» дейді. Хазреті Әбу Бәкір былай жауап береді: «Расулуллаһ маған «Халықтан ештеңе сұрама» деп бұйырды». Асхаби кирамнан хазреті Сәубаның түйенің үстінде отырғанында қамшысы жерге түсетін еді, ол ешкімнен «Қамшымды алып бересіз бе?» деп сұрамастан, түйеден түсіп, өзі алатын еді. (Түйеден түсіп, қайта шығу өте қиын.) Хадис шәрифтерде де былай делінеді: «Салихтар, жақсылар ешкімге әбігерлік пен қиыншылық бермейді». (Дара Кутни). «Халықтан ештеңе сұрамауға сөз берген адамның жәннатқа кіруіне мен кепілмін». (Нәсаи). «Ешкімнен ештеңе сұрама! Қамшың түсіп қалса да біреуден сұрама, түсіп өзің ал! Аманатқа ештеңе алмауға да тырыс!». (И.Ахмед). «Берген қол алған қолдан үстем». (Бұхари). Жақсы дос болу үшін досымыз күнә істегенде біздің истиғфар етуіміз, қателік жібергенде біздің кешірім сұрауымыз, қиналған кезінде көмектесуге асығуымыз және ешбір түрде оған жүк болмауымыз керек. Досымызға әрдайым жақсы хабар беруіміз керек, қайғылы жаңалықтарды айтпауымыз керек!
Халықтың мырзасы Сұрақ: Бір Улул-азм пайғамбардың «Біз қызмет көру үшін емес, қызмет ету үшін келдік» деп айтқаны жазылады. Пайғамбардың қызмет етуі дұрыс па? Жауап: Біздің сүйікті пайғамбарымыз да қызмет еткен. Бір сапарда бір қойдан қуырдақ жасалатын кезде бірі «Мен қойды соямын» деді. Бірі «Мен терісін ажыратамын» деді. Басқа бірі «Мен тамақ пісіремін» деді. Расулуллаһ алейһиссалам «Онда мен отын жинаймын» деді, сонда «Йа, Расулаллаһ, сіз қам жемеңіз, жайланып отырыңыз, біз өзіміз жинаймыз» десті. «Иә, сендердің бәрін істейтіндеріңді білемін. Бірақ мен жұмыс істеп жатқандардан ажырап, бөлек отырмаймын. Аллаһу та'ала достарынан ажырап отырған адамды жақсы көрмейді» деді. Орнынан тұрып, отын жинауға кетті. Мәдинаның әкімі болған Әбу Хурайра хазрет отын таситын еді. Мұхаммед бин Зияд оны танып, қасындағыларға «Жол беріңдер, әкім келе жатыр» деді. Жастар таңқалды. Әулиелердің ұлыларынан болған Ибраһим бин Әдхам бұрында Бәлх патшасы еді. Сұлтандықты тастап, Меккеге келді. Арқасында отын тасып, напақа ақшасын табатын еді. Қызмет етуге қатысты төрт хадис шәрифтің мағынасы: «Халықтың мырзасы – оларға қызмет еткені». (Әбу Нуайм). «Сапарда топтың мырзасы – оларға қызмет еткен адам. Ол топ ең көп қызмет еткен адамнан шәһид болудан басқа ешбір амалмен оза алмайды». (Хаким). «Аллаһ жолында соғысқандардың ең үстемі – соғысушыларға қызмет еткен адам». (Табарани). «Қонаққа қызмет еткізу – ақылдың нұқсандығы». (Дәйләми). |
|
Сұрақ: Бір қыздың салих ата-анасын тыңдамастан сүйікті адамымен үйленуі рұқсат па? Ата-ананың баласының мойнында қандай ақылары бар? Жауап: Имам Нәсәфи хазрет былай деген: Ата-ананың баласының мойнында сексенге жуық ақысы бар. Бұлардың бірнешеуі мынадай: Хадис шәрифте былай делінеді: «Ата-анасын қызметімен разы қылған адам Аллаһу та'аланы разы қылған болады, оларды ашуландырған адам Аллаһу та'аланы ашуландырған болады.» (Ибн Нәжжар)
Хасан Басри хазрет қағбаны тауаф етіп жүргенде арқасында жүгі бар бір адамды көріп, одан сұрайды: - Неліктен жүкпен тауаф етіп жүрсің? - Бұл жүк емес, әкем. Оны Шамнан жеті рет әкеліп тауаф еттім. Өйткені әкем маған дінімді, иманымды үйретті. Мені Ислам тәрбиесімен жетілдірді. - Қияметке дейін осылай арқаңда алып жүрсең де, бір рет ренжіту арқылы осы жасаған қызметтерің босқа кетеді. Бір рет те көңілін аулап, разы қылсаң, осыншама қызметке тең болады.
«Йа, Расулаллаһ, анам мүшрик. Оған жақсылық жасауым рұқсат па?» деп сұраған бір адамға пайғамбарымыз: «Иә, анаңа жақсылық жаса, сый-сияпат көрсет!» деп жауап берді. (Әбу Дауд) Хадис шәрифтерде былай делінеді: «Ең құнды амал – уақытында оқылған намаздан кейін, ата-анаға жақсылық жасау.» (Мүслим) «Ата-анаға сый-сияпат көрсету бетбақтықты бақытқа ауыстырады, өмірді ұзатады және адамды жаман өлімнен қорғайды.» (Әбу Нуайм) Олай болса, ата-ана залым болып, перзентіне зұлымдық жасаса да, күнә істеуді бұйырса да, сонда да оларды ренжітпеуге, ашуландырмауға тырысу керек! Оларды ренжітетін сөздер мен әрекеттерге рұқсат жоқ. Ата-ана жаман болса да, олармен жақсы қарым-қатынаста болу керек! Оларды зиярат етпей қою үлкен күнә. Ең болмағанда сәлем айтып жіберіп, жылы сөздерді хатпен жазу арқылы, телефон соғу арқылы бұл күнәдан құтылу керек! Әкесіне қарсы шыққан адам өз баласынан адамгершілік көре алмайды, мақсатына жете алмайды, жанұясымен жақсы мәміледе бола алмайды, үйінің берекесі қашады. (Шира) Хадис шәрифтерде былай делінеді: «Ата-ананың разылығын алған мүминге жәннаттың екі есігі, ал ренжіткен адамға тозақтың екі есігі ашылады.» (Бәйһақи) «Ата-анасын разы қылған мүмин не істесе де, тозаққа кірмейді, ренжіткен адам да жәннатқа кірмейді.» (Шира) Жиһадқа бару үшін рұқсат сұраған бір адамға сүйікті пайғамбарымыз ата-анасының тірі екенін білген кезде: «Осында қал, оларға қызмет ет, оларға қызмет ету – жиһад» деп айтты. (Бұхари) Жиһадқа бару үшін келген басқа бір адамға былай деген: «Анаңның қасынан айрылма! Жәннат оның аяғының астында.»(Нәсаи) Тағы бір адам хижрет ету үшін келіп: «Йа, Расулаллаһ, ата-анамды жылатып келдім» деді. Пайғамбарымыз бұл жағдайға мұңайып, оған былай деді: «Дереу бар, оларды қалай жылатқан болсаң, солай күлдір!» (Әбу Дауд) Хақ та'ала былай деген: «Ей, Мұса, менің алдымда өте ауыр және үлкен бір күнә бар, ол – ата-ана баласын шақырған кезде оның әмірге бағынбауы.» (И.Ахлақы) «Біз адамға ата-анасына жақсылық жасауына кеңес бердік.» (Ахқаф 15) Хасан Басри хазрет былай деді: «Ғалым бір перзенттің ата-анасы кәпір болса, құдықтан су тартып алуға баласына мұқтаж болса, баласы да бірнеше шелек тартқаннан кейін «Уф» десе, осы себеппен бүкіл амалдарының сауаптары жоқ болады.» Сүйікті пайғамбарымыз: «Ана мен баланың арасын бұзған адамға лағнет болсын!» деген еді. (Ғуния) Қандай әрекетпен болса да, қалай болса да, олардың разылығын алуға тырысу керек! Хадис шәрифте былай делінеді: «Раббының разылығы ата-ананың разылығында, ашуы да ата-ананың ашуында.» (Бұхари) Ренжітіп қоюдан қатты қорқу керек. Исра сүресінің 23-ші аяти каримасында ата-анаға жылы шырай таныту, жақсы қарым-қатынаста болып, жұмсақ және жылы сөйлеу әмір етілуде. Салих ата-ананың разылығын алмай, оларды ренжітіп үйленудің қаупін осы аяттар мен хадис шәрифтерден жақсылап түсіну керек. |
|
|
Cұрақ: Арақтың, алкогольді ішімдіктердің денсаулыққа пайдалы екені, нормасымен ішудің күнә болмайтыны айтылуда. Арақтың дініміздегі орны қандай? Жауап: Құран кәрімде, хадис шәрифтерде алкогольді ішімдіктер хамр деп өткен. Арақтың түрлі ауруларға жол ашатындығы, ақылды азайтатындығы, бауырды бұзатындығы, миды және жүйке жүйелерін тоздыратындығы ғылыми түрде сан мәрте анықталған. Мұсылман емес адамның өзі де денсаулыққа зиянды болғандықтан алкогольді ішімдіктерден аулақ болуы керек! Ал мұсылмандар денсаулыққа мүлде зияны болмаса да бір тамшы да ішпеуі керек. Құран кәрімде: «Ей, иман келтіргендер, арақ, құмар, пұттар, палшылық оқтары – шайтанның нәжіс істері, тозақтан құтылу үшін бұлардан аулақ тұрыңдар. Шайтан арақ және құмармен араларыңа дұшпандық және өшпенділік салғысы келеді, сендерге Аллаһты еске алуға және намазға кедергі болғысы келеді. Бұдан былай бәрің бас тартыңдар!» делінген. (Маида 90, 91). Хадис шәрифтерде былай делінеді: «Арақтың харам екенін білдіретін нақты үкім түсті». (Мүслим). «Ихтимар еткен (құрамында спирт пайда болған) барлық ішімдіктер харам». (Әбу Дауд). «Көбі мас қылатын ішімдіктің азын ішу де харам». (Әбу Дауд). «Арақтың дәрілік қасиеті жоқ. Ауруға шалдықтырады». (Мүслим). «Арақ бүкіл жамандықтардың басы». (Табарани). «Арақ жамандық тудырады». (Бәйһақи, Рузәйн). «Арақ барлық жамандықтың кілті». (Ибн Мажә). «Аллаһқа және ахыретке сенген адам арақ ішпесін, арақ ішіліп отырған дастарханға да отырмасын!». (Табарани). «Арақтан сақтаныңдар! Ағаштың бұтақ жайғаны секілді арақ та жамандық жаяды». (Ибн Мажә). «Арақ күнәлардың ең үлкені, барлық жамандықтың, барлық күнәнің атасы». (Табарани). «Арақ ішкен адамның ұят пердесі жыртылады, шайтан оған жолдас болады, барлық жамандыққа ынталандырады және барлық жақсылыққа тосқауыл болады». (Табарани). «Араққұмар адамның (маскүнемнің) қабірінен тұрғанда екі көзі арасында «Бұл Аллаһтың рахметінен мақұрым адам» деген жазу көрінеді». (Дәйләми). «Рахмет періштелері мас адамнан аулақ тұрады». (Бәззар). «Арақ ішкен адамның қияметте жүзі қара, тілі салпиған болады, жаман иісінен бәрі қашады». (Зәуажир). «Сондай заман келеді, арақтың аты өзгертіліп халал саналатын болады». (И. Ахмед). «Арақ зинадан да жаман». (Р. Насихин). «Аллаһу та’ала арақ ішкен, ішкізген, алып сатқан, жасаған, сақтаған, тасыған, өзіне әкелінген және ақшасын жеген адамға лағынет етті». (Ибн Мажә). «Аманатқа қиянат етілетін, зекет жаза өтегендей қаламай берілетін, төмен адамдар елді билейтін, залымдардың жамандығынан қорыққаны үшін жақсылық етілетін, арақ ішілетін, сазды аспаптар шалынатын және кейін келгендер (дүмшелер) бұрынғыларды жамандайтын замандар келгенде барлығы түрлі пәлекеттерге тап болады». (Тирмизи). «Бір патша бір адамды ұстап «арақ, адам өлтіру, зина және доңыз етін жеуден бірін таңда, әйтпесе сені өлтіреміз» дейді. Адам арақты таңдайды. Ішкеннен кейін әлгілердің барлығын істейді». (Табарани, Хаким). «Жамандықтардың барлығы құлыптанған жерде. Ол жердің кілті арақ. Арақ ішкен адам ол есікті ашып ішіне түседі». (Абдуррәззақ). «Бүкіл жамандықтар бір жерге жиналған. Бұл жердің құлыбы зина, кілті арақ. Бүкіл жақсылықтар бір жерге жиналған. Бұл жердің құлыбы намаз, кілті дәрет». (Ислам ахлақы). «Бұрынғы замандарда үнемі ғибадат ететін салих кісі адамдардан бөлек бір жерде ғибадат етіп жатқанында оны көрген бір әйел оған көңілі ауып, қызметшісін жібереді. Қызметші әлгі кісіге келіп «куә болуыңыз үшін сізді шақырып жатыр» дейді. Салих кісі бірнеше есіктен өтіп әдемі әйелдің жанына барады. Әйел «Не мына баланы өлтір не менімен зина ет, немесе мына арақты іш. Бұлардың бірін орындамасаң бар даусыммен айғайлап, масқараңды шығарамын» дейді. Әлгі кісі бұлардың бірін істеуге мәжбүр болған соң арақ ішуге келіседі. Арақ ішкен соң мас болып, әйелмен зина етеді. Кейін баланы да өлтіреді. Уаллаһи арақ пен иман бір жерде бола алмайды. Бірі екіншісін алыстатады». (Ибн Хиббан). «Хақ та’ала сырнай, уд (саз), дайра секілді бүкіл сазды аспаптарды, жахилдік дәуірінде табынылған пұттарды жоюымды әмір етіп, өзінен қорқып арақты қойған мүминге жәннат ниғметтерін нәсіп ететіндігін де білдірді». (И. Ахмед). «Араққа өзгеше аттар қойылып ішілсе, сазды аспап және әнші әйелдер көбейсе, Аллаһу та’ала оларды жерге батырады». (Ибн Мажә, Ибн Хиббан). «Сазды аспаптар көбейіп, арақтар ішілсе, адамдардың басына жерге бату, басқа кейіпке айналып кету сияқты бәлелер келеді». (Тирмизи). «Арақ ішіліп, жаман әйелдер көбейсе, еркек еркекпен, әйел әйелмен қанағаттанған кезде әр түрлі бәлелер келеді». (Бәйһақи). «Арақ ішкен адамның намазы қырық күн қабыл болмайды». (Тирмизи, Хаким, Нәсаи). «Намаздары қабыл болмайды» дегені намазы босқа кетеді деген сөз емес. Намаз борышынан құтылады, бірақ намаз оқумен қауышылатын үлкен сауаптардан мақұрым қалады дегенді білдіреді. Намаз оқығанның күнәларды тастауы оңай болады. Арақ ішкен адам да намазын жалғастыруы керек. «Кісі мүмин болған күйде зина және ұрлық істей алмайды, арақ іше алмайды. Бұларды істеген адам Ислам алқасын мойнынан шығарған болады. Тәубе етсе, Аллаһу та’ала тәубесін қабыл етеді». (Нәсаи). «Зина еткен және шарап ішкен адамның иманы көйлегінің үстінен шыққаны сияқты шығады». (Хаким). «Арақ пен иман бір арада бола алмайды, бірі екіншісін ұзақтатады». (Бәйһақи). «Арақ ішкен адамның көңілінен иман нұры шығады». (Табарани). «Араққұмар адам жәннатқа кіре алмайды». (Хаким). Арақ ішкен әр адамға кәпір деуге болмайды. Өйткені әһли сүннет ақидасында үлкен күнә істеген адамға кәпір делінбейді. (Уаһһабилер үлкен күнә істеген адамға, мәселен арақ ішкен адамға, намаз оқымайтын адамға, оранбайтын әйелдерге кәпір дейді. Уаһһабилердің осы себепті исламмен, яғни әһли сүннетпен ешқандай байланысы жоқ). Ислам ғұламалары «Жәннатқа кіре алмайды» деген хадис шәрифті «Күнәсының жазасын тартпастан жәннатқа кіре алмайды» деп түсіндірген. Әрбір үлкен күнә істеген адам намаз оқи алмай, харамдарға мән бере алмайтын болады. Аллаһ сақтасын иманын жоғалтуы мүмкін. Сондықтан арақ ішкен және басқа да үлкен күнә істеген адамдардың бір күні иман нұры сөнуі мүмкін. Тұрақты түрде істелген күнәлар адамды күпірге жетелейді. Арақ ішкендер намазға мән беріп, намаз оқуын жалғастырса, арақты тастаулары оңай болады. Құран кәрімде «Намаз барлық жамандықтардан алыстатады» делінген. (Анкәбут 45). |
|
Сұрақ: “Кәһф” сүресінің 46-шы аятында білдірілген Аллаһтың ұнатқан және мәңгілікке қалатын салих амалдары нелер? Жауап: Бұл аятта білдірілген салих амалдар: намаз, қажылық, ораза және басқа да барлық жақсы амалдар. Және де ең құнды тәсбихтердің бірі – «Сүбханаллаһи уәлхамдулиллаһи уә ла илаһә иллаллаһу уаллаһу әкбәр» тәсбихі.
Салих амалдардың түрлері: 1- Намаз. Намаздың ең құндысы өз уақытында оқылғаны. Одан да құндырағы уақытының басында, яғни уақыты кірер-кірмес кешіктірместен оқу. Адамдар ұйықтап жатқанда намаз оқу да қадірлі. Бес уақыт намаз оқу – ең құнды ғибадат. Хадис шәрифте: «Намаз – діннің тірегі» деп бұйырылған. Тірексіз ғимарат болмағандай намазсыз адамның Ислам ғимаратын көтеруі мүмкін емес. Намазды тәрк ету де үлкен күнә болып табылады.
2- Қажылық. Ең құнды қажылық – “хажи мәбрур”. Яғни еш күнә жасамастан, шарттарына сай жасалып, қабыл болған қажылық. Хадис шәрифте: «Кірді су тазалайтынындай, күнәларды да қажылық тазалайды.» деп бұйырылған. (Табарани)
3- Ата-анаға игілік. Хадис шәрифте: «Аллаһ дәргейіндегі ең құнды амал – уақытында оқылған намаздан кейін ата-анаға жасалған жақсылық.» деп бұйырылған. (Мүслим)
4- Жиһад. Хадис шәрифтерде былай делінеді: «Ең құнды амал – жиһад.» (Табарани)
«Адамдардың ең қадірлісі – жанымен де, малымен де Аллаһ жолында жиһад еткені.» (И. Ахмед)
5- Әмри маруф. (діннің әмірі мен тыйымдарын үйрету) Хадис шәрифте былай делінеді: «Бүкіл ғибадаттарға берілген сауап, Аллаһ жолындағы жихадқа берілген сауаптың қасында, теңіздің жанындағы бір тамшы судай. Ал жихад сауабы әмри маруф және нахии мункар сауабының қасында теңіз жанындағы бір тамшы судай.» (Дәйләми)
6- Аллаһу та’аланы зікір ету, еске алу. Хадис шәрифте былай делінген: «Адамның дәрежесін ең биіктерге көтеретін, ең құнды амал – алтын мен күміс беруден де қадірлі болған Аллаһты еске алу амалы.» (Бәйһақи)
7- «Аз да болса, тұрақты жасалатын амал құнды.» (Мүслим)
Бұл ғибадаттардың барлығын орындай алу үшін ілім мен ықыластың болуы шарт. Оларсыз ғибадаттардың еш құны жоқ. Хадис шәрифтерде былай делінеді: «Ілімсіз жасалған көп амалдың құны жоқ.» (Дәйләми)
«Аллаһу та’ала тек ықыласпен жасалған амалды қабыл етеді.» (Нәсаи)
Ілім мен ықыластан басқа Аллаһтың достарын жақсы көру және дұшпандарын жек көру керек. Хадис шәрифте: «Ғибадаттардың ең құндысы – хубби филлаһ және бұғди филлаһ» деп бұйырылды. Яғни жақсы көрген адамдарын тек Аллаһ үшін жақсы көріп, дұшпандарына да тек Аллаһ үшін дұшпан болу керек. (Әбу Дауд)
Бұл ғибадаттардың дұрыс және қабыл болуы үшін сенімі дұрыс болуы шарт. Яғни Әһли сүннет ақидасында болмағандардың ешқандай амалы қабыл болмайды. Әһли сүннеттен басқалары бидғат иелері (әһли бидғат). Бидғат иелерінің ешбір ғибадаттары қабыл болмайды. Хадис шәрифте: «Аллаһу та’ала бидғат иесінің намазын, оразасын, зекетін, қажылығын, умрасын, жиһадын, парызы мен нәпіл ғибадаттарының еш қайсысын қабыл етпейді. Майдан қылдың оңай шығатыны сияқты, мұсылмандықтан да оңай шығып кетеді.» (Ибни Мажә) |
|
Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com |
--
Вы получили это сообщение, поскольку подписаны на группу "islamdini.kz".
Чтобы отменить подписку на эту группу и больше не получать от нее сообщения, отправьте письмо на электронный адрес islamdinikz+unsubscribe@googlegroups.com.
Чтобы посмотреть обсуждение, перейдите по ссылке https://groups.google.com/d/msgid/islamdinikz/000201dd12ab%24c2583090%24470891b0%24%40islamdini.kz.
Чтобы настроить другие параметры, перейдите по ссылке https://groups.google.com/d/optout.
|
Сұрақ: Бірдей күнәны немесе бірдей жақсылықты екі бөлек адам істесе, күнә мен сауап тұрғысынан екеуінің алатыны екі түрлі болуы мүмкін бе? Жауап: Иә, болуы мүмкін. Мысалы, бір жақсылықты Асхаби кирам істесе, оларға таулар сияқты сауап беріледі. Ықыласы көп болғанға көбірек сауап беріледі. Жақсылық, әсемдік әрдайым жақсы болады. Бірақ кейбір адамдарда болса жақсырақ, әсемірек болады. Бір хадис шәрифтің мағынасы: «Жақсы қасиеттер кейбір кісілерге басқаларға қарағанда көбірек жарасады: мысалы әділет жақсы, бірақ ол бастықта болса, одан да жақсырақ. Жомарттық жақсы, бірақ байда болса одан да жақсырақ. Уәра ғалымда, сабыр кедейде, тәубе жастарда болса, басқаларға қарағанда жақсырақ көрінеді. Ар-ұят жақсы, бірақ ол әйелде болса жақсырақ.» (Дәйләми) Жамандық, күнә тірліктер де әрдайым жаман. Бірақ кейбір адамдарда бәрінен жаманырақ көрінеді. Біреу бізге жамандық жасаса ренжиміз, бірақ көп жақсылығымыз тиген адамымыз жамандық жасаса, қаттырақ ренжиміз. Кәпір, күпіршілік қылса қалыптан тыс болып көрінбейді. Бірақ бір мұсылман кәпір болса, жаманырақ болады. Сол үшін мүртәдтің жазасы кәпірдің жазасынан ауырырақ болады. Зина өте жиіркенішті үлкен күнә. Бірақ оған ұрынған адам зинаны өз жақындарымен істесе, одан да жаманырақ және үлкенірек күнә болады. Орны да маңызды. Жасырын жерде істеуге қарағанда ашық жерде істеу жаманырақ. Бұл жамандықты мешітте немесе Қағбада істеу одан сайын үлкенірек күнә болады. Өтірік айту да жаман. Бірақ бұны жай адам айтса басқа, өкілетті өкімет адамының халыққа зиян болатындай етіп өтірік айтуы әрине үлкенірек күнә болады. Тәкәппарлану – үлкен күнә. Бірақ кедейдің тәкәппарлануы бәрінен жаманырақ көрінеді. Бір хадис шәрифтің мағынасы: «Қиямет күні мына үш адамға Аллаһу та’ала рахмет назарымен қарамайды және ауыр азапқа душар қылады: 1) Зина істеген қарт адам, 2) Өтірік айтқан басқарушы, 3) Тәкәппарланған кедей.» (Мүслим, Тирмизи, Нәсаи) |
|
Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com |
--
Вы получили это сообщение, поскольку подписаны на группу "islamdini.kz".
Чтобы отменить подписку на эту группу и больше не получать от нее сообщения, отправьте письмо на электронный адрес islamdinikz+unsubscribe@googlegroups.com.
Чтобы посмотреть обсуждение, перейдите по ссылке https://groups.google.com/d/msgid/islamdinikz/000201dd12ab%24c2583090%24470891b0%24%40islamdini.kz.
Чтобы настроить другие параметры, перейдите по ссылке https://groups.google.com/d/optout.
--
Вы получили это сообщение, поскольку подписаны на группу "islamdini.kz".
Чтобы отменить подписку на эту группу и больше не получать от нее сообщения, отправьте письмо на электронный адрес islamdinikz...@googlegroups.com.
Чтобы посмотреть обсуждение, перейдите по ссылке https://groups.google.com/d/msgid/islamdinikz/004401dd2338%24701a1080%24504e3180%24%40islamdini.kz.