Аллаһ тағала да онымен қауышқысы келмейді...

190 views
Skip to first unread message

rasulullahkz

unread,
Feb 10, 2014, 1:31:05 AM2/10/14
to rasulu...@googlegroups.com
v
عَنْ عَائِشَةَ  قَالَتْ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ «مَنْ أَحَبَّ لِقَاءَ اللَّهِ أَحَبَّ اللَّهُ لِقَاءَهُ وَمَنْ كَرِهَ لِقَاءَ اللَّهِ كَرِهَ اللَّهُ لِقَاءَهُ » قُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ أَكَرَاهِيَةَ الْمَوْتِ؟ فَكُلُّنَا نَكْرَهُ الْمَوْتَ. قَالَ: «لَيْسَ كَذَلِكِ وَلَكِنَّ الْمُؤْمِنَ إِذَا بُشِّرَ بِرَحْمَةِ اللَّهِ وَرِضْوَانِهِ وَجَنَّتِهِ أَحَبَّ لِقَاءَ اللَّهِ فَأَحَبَّ اللَّهُ لِقَاءَهُ وَإِنَّ الْكَافِرَ إِذَا بُشِّرَ بِعَذَابِ اللَّهِ وَسَخَطِهِ كَرِهَ لِقَاءَ اللَّهِ وَكَرِهَ اللَّهُ لِقَاءَهُ
Айша анамыз (р.а.):
«Расулаллаһ (с.ғ.с.): Кімде-кім Аллаһқа қауышуды жан-тәнімен қаласа, Аллаһ тағала да онымен қауышуды қалайды. Ал кімде-кім Аллаһ тағаламен қауышуды қаламаса, Аллаһ тағала да онымен қауышуды қаламайды – дегенде мен: Уа, Расулаллаһ! Сонда, (пенде) өлімді жек көргендіктен Раббысымен қауышуды қаламайды ма? Шынтуайтында, ешбіріміз өлімді қаламаймыз ғой? – деп айттым. Сонда ол: Жо-жоқ, бұл сен ойлағандай емес. Мүмін өлім аузында жатып Аллаһтың рақымы, разылығы әрі жәннатымен сүйіншіленгенде, Раббысымен қауышуға соншалықты ынтық болады. Сондай-ақ,  Аллаһ тағала да онымен қауышуға ынтызар болады. Ал, кәпір өлім аузында жатып өзін күтіп тұрған Аллаһтың азабы мен қаһарынан хабардар болған кезде, Раббысымен қауышқысы келмейді. Сонда, Аллаһ тағала да онымен қауышқысы келмейді – деп айтты» – деген.
(Муслим риуаят еткен)
v
v v
Reply all
Reply to author
Forward
0 new messages