Әбу
Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте:
«Аллаһ елшісі (с.ғ.с.): Мейлі ер, яки, әйел болсын, мүміннің жеке басы,
бала-шағасы не болмаса дүние-мүлкі әрдайым пәле-жалаға ұшырап тұрады.
(Бұл ауыртпашылықтар сабырлылық танытқан мүміннің күнәларын жуып-шаяды
да) соңында ол Аллаһқа күнәсіз, пәк күйде қауышады» – деп айтты» –
деген.